Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


/-тін) жалғауы, екінші буында езуліктің орнына еріндік у



Pdf көрінісі
бет59/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   180
/-тін) жалғауы, екінші буында езуліктің орнына еріндік у әрпін 
жазу  (алтун,  хатун,  йаруқ,  нечүк,  берү)  –  өте  ертеден  келе 
жатқан дәстүрдің сарқыншақтары. Бұл да – тек қазақ шежіресі 
тілінің белгісі емес, сол кезеңдердегі барлық түркі жазбалары-
на тән белгі.


124
Біздің  шежіреміздің  сөздік  қабатын  әңгімелегенде,  онда 
бөгде  тілдік  сөздердің  мол  екендігін  көрсету  керек.  Олар  – 
негізінен араб және парсы сөздері. Бұл – сөздердің дені дерексіз 
(абстракт)  ұғым  атаулары.  Өзге  түркі  ескерткіштеріндегідей 
мұнда  да  араб,  парсы  сөздерінің  түркілік  ет-,  қыл-  бол-  де-
ген сияқты көмекші етістіктерімен тіркесіп, қимыл атауларын 
жасайтыны көзге түседі. Ол етістіктердің көбі түркі тіліндегі 
эквиваленттерінің  орнында  жұмсалады.  Мысалы,  Қадырғали 
түркінің (қазақтың)
:
талау сөзі тұрғанда, оның орнына ғарат 
қылу  деген  араб-түркі  сөздерінен  жасалған  күрделі  етістікті 
қолданады. Сол сияқты жерлеу (өлікті жерлеу) етістігінің орны-
на дафн қылу, жинау деудің орнына жам қылу, қорғау дегеннің 
орнына ихтийат қылу деген араб сөздерін қатыстырып жасаған 
күрделі етістіктерді пайдалану – шежіре тілі үшін кәнігі амал.
Жылнама  мәтінінде  араб,  парсы  сөздерінен  басқа  бірен-
саран монғол және қытай сөздері бар. Олардың көбі әр алуан 
лауазым атаулары (титулатура) мен қызмет иелерінің атаулары 
және сипаттама атаулар болып келеді. Бұларға монғол тілінің 
нойан, гүрген (күйеу бала), боқаул, қорчы, йарғучы, сечен, казик, 
екечі сияқты сөздері жатады. Сондай-ақ мұнда монғол тілінен 
алынған шусун (әскерге арналған азық-түлік), түмен (он мың), 
жуңқар  (оң  қанат),  күрен  (1000  үйден  құралған  ауыл),  йаса 
(заң), йусун (әдет), улағ (ылау, көлік), буғтақ (тұрмыс құрған 
монғол әйелінің баскиімі) деген сөздер де пайдаланылған. От-
чигин (кенже бала), буржуқин (көк көзді) сияқты бір-екі сөз си-
паттама эпитет болып келеді. Монғолша жеті атаның аттарын 
(ичигә – өз әкесі, бурқы – атасы, алынчыл – үшінші атасы, тағы 
осылайша кете береді) мен жыл аттарын (моғай йыл – жылан 
жылы,  ноқай  йыл  –  ит  жылы,  қақай  йыл  –  доңыз  жылы  т.т.) 
білдіретін сөздер бар.
Шежіреші  автор  қолданған  стильдік  ерекшеліктердің  бірі 
–  ол  монғолдың  осындай  сөздерін  келтіре  отырып,  қасына 
(кейде йани деген шылаудың көмегімен) түркіше эквивалентін 
көрсетеді: һукәр йыл, йғи сығыр йылы болғай (яғни сиыр жылы 
болады), ичигә өз атасы, будуту төртүнчі атасы т.б.
Шежіре тіліндегі қытай сөздері көп емес, 5-10 сөз. Олардың 
өзі негізінен жалқы есіммен қатар қолданылатын лауазым ата-
улары  болып  табылады:  фужин  –  түркіше  хатун,  монғолша 


125
еке деген сөздердің баламасы, тайши – мемлекеттік дәрежеде 
мәртебесі бар ақсүйек (сановник) дегеннің баламасы, гөйәң – 
ұлы әмірші, анши – түмен басы, гөрхан – хандардың ханы, уаң 
– патша т.б. Мысалдар: Бөрте фужин, Сүйінгіл фужин, Нәкүн 
тайши, Қон тайши, Мұқалы гөйәң, Ойар анши, Туған анши т.б.
Индоеуропа тілдерінен жалпы есімдерден көрәл – корольдық 
және улкрстан – христиандар деген екі-ақ сөз бар.
Қадырғали  шежіресінде  бөгде  тілдік  сөздердің  қолда- 
нылуының бірнеше себептері бар. Араб және парсы сөздерін 
молынан қолдану – өз тұсындағы түркі жазба әдебиетінің бар- 
лығына тән тілдік норма. Оның үстіне Қадырғали туындысы- 
ның  дені  парсы  тілінен  аударма  болғандықтан,  автор  кейбір 
парсы сөздерін олардың түркіше тепе-тең баламасымен жары-
стыра қолданған. Мысалы, даст/қол, дүйм/екінчі, хуб/йахшы, 
бисйар/көб, бузург/улуғ. Автор кейде тіпті парсыша тұтас блок-
тарды қолданады. Мысалы, асел ләшкәр (әскердің негізі), лафз 
моғол (монғол тілі). Бұл – сол кездегі жазба тілдің белгісі емес, 
автордың стиліне жататын жеке өз басының ерекшелігі.
Дегенмен XVI-ХVII ғасырларда түркі халықтары тілдеріне 
енген  араб,  парсы  сөздері  едәуір  мол  болған,  оларды  түркі 
жазба  ескерткіштері,  оның  ішінде  қазақ  жазбалары  да  еркін 
қолданған.  Сонымен  қатар  бұл  кезеңдегі  түркі  жазба  әдеби 
тілдеріне  тән  белгінің  бірі  –  халық  тіліне  енбеген,  көбінесе 
дерексіз  ұғым  атаулары  болып  келетін  араб  пен  парсы 
сөздерін де актив қолданғандары, бұл ретте әсіресе араб, пар-
сы  сөздерінің  түркі  тілінің  көмекші  етістіктерімен  тіркесуі 
арқылы күрделі етістік жасап пайдалану өте-мөте көзге түседі.
Сөз болып отырған кезеңдегі жазба әдеби тілде лексикалық 
нормалану процесі әлі аяқталмаған, жүріп жатқан әрекет бол- 
ғандықтан, бұл кезеңдегі әдеби тілде лексикалық жарыспалы- 
лық (варианттылық) айтарлықтай орын алған.
Сөйтіп,  XVI  ғасырдағы  қазақ  жазба  әдеби  тілінің  лек- 
сикалық сипатын қысқаша былайша көрсетуге болады: сөздік 
қазынаның  негізі  –  қыпшақтық  (қазақтық),  ішінара  оғұз 
сөздері мен көне ұйғыр элементтері қолданылса, ол –әдеби тіл 
дәстүрінің  жалғастылық,  іліктестік  принципіне  қарай  болған 
құбылыс, ал дәстүр жалғастылығы ортағасырлық түркі жазба 
тілдерінің  барлығына  тән  заңдылықтардың  бірі  болды;  араб, 


126
парсы  тілдерінен  алып  қолданылған  лексикалық  қабат  мол 
болды,  олардың  бір  тобы  –  халық  тіліне  енген  кірме  сөздер 
болса,  екінші  тобын  көпшілік  қолданысында  жоқ,  бірақ  сол 
кездердегі мұсылманша сауатты оқырмандар үшін жат болып 
көрінбейтін  (өйткені  олар  араб  және  парсы  тілдерін  жақсы 
меңгергендер болатын) сөздер құрайды. Бұл да ортағасырлық 
түркі  жазба  дүниелеріне  тән  лексикалық  норма  болып  таны-
лады.  Осы  екі  ерекшелік  жазба  туындылардың  мәтінінде 
лексикалық жарыспалылықтың пайда болуына әсер етті. Бұл 
заңдылықтардан қазақ жазба тілі де тысқары қалмады.
XVI  ғасырда  Қадырғали  шежіресі  арқылы  көрінген  қазақ 
жазба  тілінің  Орхон-Енисей  ескерткіштері  мен  көне  ұйғыр 
жазбаларынан  жалғасып  келе  жатқан  көне  элементтерден 
едәуір  арылғаны  байқалады,  сондай-ақ  ескі  өзбек,  ескі  та-
тар  тілдеріне  қарағанда,  араб  тілінің  ықпалынан  да  іргесін 
алшақтата  бастағанын  көруге  болады.  Мысалы,  ескі  өзбек 
тіліңде орын алған ғалиба (мүмкін), алал хусус (әсіресе), филд 
жүмлә  (тұтас алғанда), хала (енді) сияқты көптеген үстеулер 
мен бікін, йаңлығ, қатыға, тақлын дамасыда, утрусыда, бақа, 
дәғрү, нары, чунки сияқты шылаулар мұнда жоқ.
Грамматика  саласына  келсек,  мұнда  Қадырғали  жылна- 
масының тілі шағатай тілі нормаларын сақтаған, атап айтқанда:
1)  ілік,  табыс,  шығыс  септік  жалғауларының  қазіргі  қазақ 
тіліндегідей  фонетикалық  варианттары  жоқ,  олар  сөздің 
соңғы  дыбысының  дауысты,  қатаң,  ұяң  болып  келетіндігіне 
қарамастан, бір ғана тұлғада (-ның/-нің, -ны/-ні, -да /-ден, - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет