саптаяқтай еріндім деген салыстырулары да – баршасы
өмірден, айналадан алынған әрі бұрыннан бар кәнігі образдар.
Жыраудың метафоралары да – дәстүрлі модельмен жасал-
ғандар: жіктік жалғауы арқылы (Мен өгіз терісі талыспын),
бір нәрсені екіншіге балау арқылы (Тоқсан бес деген тор екен)
келген метафораларға назар аударалық. Немесе Бұхар қолдан-
ған эпитеттер де өзіне дейінгі қазақ поэзиясына тән тұрақты
есім сөздер, -ған жұрнақты есімшелер және инверсияланған
тіркестер болып келеді. Бұлардың ішінде бірінші тобын, яғни
тұрақты есім сөз эпитеттерді Қ.Өмірәлиев Бұхар тілінде аз деп
табады. Зерттеуші бұл қатардан боз бие, құба жон, қу тақыр,
кең сарай, сары атан, ақ орда, ақ сойыл сияқты тіркестерді
ғана көрсетеді. Ал, біздің байқауымызша, олар сан жағынан
едәуір мол топ құрайды. Біз бұл қатарға үшкілсіз көйлек, бес
уақытты бес намаз, алпыс басты ақ орда, сегіз қиыр шар-
тарап, еңсесі биік кең сарай, қу таяқты кедей, ақсұңқар құс,
толғамалы қамшы, алтын тұғыр, он сан алаш, төрт құбыла,
көк дабыл, тең құрбы, асқар тау, қара жер, айдын шалқар,
ежелгі дос, ежелгі дұшпан, ер жігіт, асыл сөз, ақ иық бүркіт,
қайғысыз ұйқы, қайырусыз жылқы, қырық сан қара қалмақ,
қызыл аяқ мал, қара кіс, байрақты жер, қалы кілем, басты
орда деген тұрақты эпитеті бар тіркестерді қосар едік.
Екінші топта, яғни -ған жұрнақты өткен шақ есімше арқылы
келген эпитетті тіркестер тобына ардақталған сұлулық,
желкілдеген ту, жер қайысқан қол, омыртқасы үзілген,
тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен бала, жұпар
исі аңқыған, даусы қудай саңқыған бикеш, құбылып тұрған
бәйшешек, қулық туған құлаша сияқты мысалдарды көрсетуге
болады.
Келер шақ -ар жұрнақты есімше арқылы жасалған эпи-
теттерді де осы қатарға қосу керек. Олар сан жағынан аса
көп емес: құландар ойнар қу тақыр, қурай бітпес құба жон,
тоқымы кеппес ұры. Ал үшінші топқа төсі аршынды сұлу,
құрсағы құшақ байлар, құрсағы жуан боз бие деген тәрізді
инверсияланған эпитеттер мысал бола алады.
145
XV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы тілінен келе жатқан
көркемдеуіш құралдың бірі – кейбір мағыналық топтағы сөз-
дердің тек қана эпитеттермен жұмсалатындығы. Мысалы, орда
сөзі: қалайылаған қасты орда, ақ ала орда, еңсесі биік боз
орда; жұрт, алаш сөздері: ауыр жұрт, он сан алаш тіркесінде
келеді. Бұл жердегі ауыр сөзі «көп» деген мағынаны білдіреді.
Ал қару-жарақ аттарының көбіне-көп тұрақты эпитетпен
колданылатындығын жоғарыда айттық (мысалы, бір ғана До-
спамбетте: толғамалы ақ балта, ала балта, алдаспан ауыр
қылыш, алты құлаш ақ найза, қанды көбе т.б.). Осы дәстүрді
Бұхар бұзбайды. Онда да орда сөзі жай ғана аталмайды, ол ал-
пыс басты ақ орда; сарай болса: еңсесі биік кең сарай.
Ландшафты, табиғатты білдіретін жон, тақыр, дала, тау,
көл, су сияқты сөздер де өздерінің номинатив мағынасында
жұмсалудан гөрі образ ретінде келетіндіктен, олар да арнайы
эпитеттермен қолданылады. Мысалы, Қазтуғанда: айдынды
сулар, аймақ көл, қоғалы көлдер, қом сулар, жапалақ ұшпас
жасыл тау түрінде қолданылған. Осы күнгі айдын көл, айдын
шалқар көл, асқар тау, қу тақыр, құба жон дегендер өте ерте-
ден келе жатқан эпитетті тіркестер.
Бұхарда кездесетін сегіз қиыр шартарап, толғамалы қамшы,
Достарыңызбен бөлісу: |