Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет71/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   180
рер  дегендегі  өлтірер  етістігі  қимылды  білдіруден  гөрі  сол 
қимылдың, іс-әрекеттің өмір шындығына (қоян мен ердің дау-
сыз бір қасиетіне) тәндігін көрсетеді. Жыраулар толғауларының 
мақал- мәтелдерге ұқсайтын тұстары да осы жерде.
Бұхар да -ар жұрнақты есімшені еркін әрі актив пайдала-
нады.  Мұны  ол  сөйлемнің  баяндауышы  ретінде  емес,  өзге 
құрылымдарда  да  келтіріп  пайдаланады.  Бұхар  үнемі  бо-
лып  жататын  іс-әрекетті  айту  арқылы  өз  ойын  («философи-
ясын»)  танытуда  жалғыз  -ар  жұрнақты  есімшені  ғана  емес, 
өзге  тұлғаларды  да  пайдаланады.  Мысалы,  «Алыстан  қызыл 
көрінсе,  Манат  емей,    немене?  Көтеріліп  ұшқан  соң,  Қанат 
емей,  немене?»  деп  басталатын  толғауындағы  емей,  немене 
деген тұлға болар деген есімшенің орнына жұмсалған: «алы-
стан қызыл көрінсе, манат болар»... Немесе жырау констатация 
идеясын  сұраулы  сөйлем  етіп  те  ұсынады:  «Тауық  жүнді  таз 
тырна Тақыршақ жерге қонбас па? Ақ сұңқар құстың баласы 
Ұяда  алтау  тумап  па?».  Мұндағы  сұраулы  тұлға  да  –  қонар,  
болар дегендердің грамматикалық синонимі. Мұндай синоним 
қолданыстар  жалғыз  Бұхарда  емес,  оған  дейінгі  жырауларда 
да бар. Бірақ Бұхарда констатация – баяндауда қолданылатын 
тұлғалар әлдеқайда көп, бірнеше түрде келеді.
Нақтылы бір адамға қарата немесе бір оқиғаға байланысты-
ра жырланған толғауларда Бұхар да, өзгелер де бұл көрсетілгең 
стильдік  стандарттан  шығып,  грамматикалық  тұлғаларды 
әңгіме желісіне орайластыра еркін таңдап отырады, былайша 
айтқанда,  дидактикалық  толғау  мен  нақтылы  тақырыптағы 
толғаулардың  тұлға-тәсілдерінің  арасында  азды-көпті  айыр- 
машылық болады. Бұл Бұхарда айтарлықтай сезіледі.
Бұхар жырлаған тақырыптар өзгелерге қарағанда, әлдеқай- 
да    кең:  ол  жалпы  өсиет-нақыл  да  айтады,  қолдаушы  иесі 
Абылай  ханға (бәлкім, кезінде Тәуке ханға да
136
) ақыл-кеңес 
бере  толғайды,  жеке  адамдардың  (Абылай  ханның,  Бөгембай 
батырдың, өзінің) іс-әрекеттегі портреттерін береді, енді бірде 
Алланы айтып кетеді, тағы бірде руаралық дау-жанжалды ба-
сар  билік  сөздер  айтады,  бірер  толғауын  біреудің  (мүмкін, 
136
  Зерттеуші  Қ.Мұхаметханов  Бұхар  жырау  1718  жылға  дейін  хандық  құрған  Әз 
Тәукенің тұсында оның жыршысы болып, атағы шыққан дегенді айтады (Қазақ әдебиеті. 
- 1982, 6 август) 


151
Абылай  ханның)  салтанатын,  байлығын,  жиһазын  суреттеуге 
арнайды.  Осылардың  ішінде  ең  негізгі  тақырыбы  –  «жұрт», 
ягни қазақ елдігі, оның тәуелсіздігі («үш жүздің басын құрау»), 
өзге халықтармен қарым-қатысы.
Тақырыптың осындай кеңдігі Бұхар поэтикасына көптеген 
жаңа образдар келтірген, жаңа лексикалық топтар енгіздірген. 
Жырау  толғауларындағы  тұрымтайдай  ұл,  өкпеңменен  жа-
рылма, арғын деген арыспын, сен – бұзау терісі шөншіксің, мен 
– өгіз терісі талыспын, бірі етек, бірі жең болған, ежелден 
саған  ел  болған,  найзасының  ұшы  –  алтын,  қазақтың  қамал 
қорғаны құлау, бұтақты мүйіз бұғысы саласында жайылған, 
ормандай көп Орта жүз, бәйгелі жерде бақ болған, қара судың 
бетінде  Сығылып  аққан  сең  едің,  арпалап  атты  қунатқан, 
алғын-шығын  арқалау,  бәйтөбеті  маңқылдап  сияқты  образ-
дар бұрынғы жыраулар тілінде кездеспейді. Мұның көпшілігін 
туғызған  –  Бұхар  толғауларының  мазмұны  (тақырыбы), 
нақтылы оқиғалар мен адамдар образы. Ал кейбіреулері мүмкін 
бұрыннан да болуы (мысалы, қызыл аяқ мал, найзасының ұшы 
алтын тәрізділер), бірақ оларды өзге жыраулардың бізге жет-
кен мәтіндерінен ұшыратпаймыз.
Өз  кезеңінің  саяси-әлеуметтік  хал-ахуалын  сөз  еткен  жы-
рау  тілінде  азаткер,  құл,  күң,  кедей,  бай,  саудагер,  жарлы, 
байғұс, базар, дау, жиын, патша, хан, би, төре, қара, ақсүйек, 
бек, аталы, атасыз, қосын, қожа, пір, шора, бикеш, азамат, 
жақсы, жаман («адам»), батыр, ханзада, қарашы т.т. атаулар 
өздерінің  тура  мағынасында  жұмсалады.  Мұндай  сөздердің 
бірқатары бұрыннан да поэзия тіліне араласып, не номинатив 
мағыналарында, не образ жасап, ауыспалы мәнде қолданылып 
келген болатын.
Мұсылманша  сауатты  болған  Бұхардың  тілінде  қазақтың 
өзге  жырауларына  қарағанда,  араб-парсы  сөздері  көбірек 
ұшырасады: кітап, енжіл, кәләм, Ақ (Хақ ), хат, меһман, баһар, 
иман, лауқы, дәуіт, қалам, нәубат сияқты сөздерді өзгелерден 
көп кездестірмейміз.
Бұхардың  өзінің  алдындағы  жыраулар  тілімен  ең  үлкен 
іліктестігі  –  образдардың,  көркемдеуіш  тәсілдердің  ұқсасты- 
ғында,  бірдейлігінде,  кейде  тіпті  дайын  штамптардың  қайта- 
лануларында  (мүмкін,  соңғы  факт  ауызша  жеткен  мұраның 


152
мәтін араластығына да байланысты болар, яғни бір жыраудың 
мұрасын екіншісіне телу де жоқ болмас).
Сөйтіп,  XVIII  ғасырдың  ең  алғашқы  онжылдықтарынан 
бастап
137
,  соңғы  онжылдықтарына  дейін  жырау  ретінде  та-
нылып, әдеби мұра қалдырған Бұхар – қазақтың өте ертеден 
келе жатқан жыраулық мектебінің ең ірі, ең соңғы уәкілі, қазақ 
поэзия  дүниесіндегі  осы  дәстүрге  тән  жанрды  тақырып  пен 
мазмұн жағынан толықтырып, тиянақтаушы қайраткер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет