Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет70/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   180
болмайды, заман-ай, жиырма бес сөздері атқарады. Қайталама 
элемент ретінде ма, ме сұраулық шылауы мен үшін шылауы да 
кездеседі.
Тармақтар  соңында  бір  сөзді  қайталау  арқылы  толғау 
құрастыру  –  жыраулар  әдебиетінде  өте  ертеден  қалыптасқан 
тәртіп  екені  байқалады.  Оның  ең  бір  көне  түрлері  –  ол,  сәна 
сөздерімен келетіндері. Мысалы, эпостардағы:
Қайтып Еділ өт сәна.
Еңсесі биік ақ орда 
Еңкейіп сәлем бер сәна.
Ерні жұқа сары аяқ
Хан сарқытын іш сәна.
Жаурындары жақталы,


148
Түйме бауы тартпалы 
Үстіңе ала қара кіс 
Тон береді, ки сәна,
134

деген  жолдарда  сәна  сөзі  қайталап  келген.  Бұл  элементтің 
көнелігі  сондай,  ол  тек  жалғыз  қазақ  поэзиясына  емес,  көне 
түркі поэзиясында да бар. Мысалы, XII ғасыр туындысы деп 
есептелетін  Қожа  Ахмет  Ясауи  хикметтерінің  тілінде  мәна, 
сәна сөздері тармақ соңында жиі ұшырасады:
Он бірімдә рахмат дарийа толуб ташды,
Алла дедім – шайтан мендін йырақ қашты. 
һәйу һәуас мануманлік туруб көчті,
Он екімдә бу сирларны көрдүм мәна.
Он үчүмдә нәфсу һауау қолға алдым,
Нәфс башыға йүз мың бәлә қармап салдым.
Такаббарны айағ астын басыб алдым,
Он тәртумдә тофрағ сифат болдум мәна...
135
Сірә, әрі күшейткіш сипат беру, әрі өлең өлшемін толтыру 
қызметін атқаратын бұл элементтер (мен, сен есімдіктерінің а 
вокативі тіркесуі арқылы жасалған тұлғалар) тек жазба әдебиет 
емес, түркі халықтарының ауыз әдебиетіне де тән болған болу 
керек.  Қазақ  халқын  құраған  ру-тайпалар  бұл  тәсілді  сақтап 
келгені  оның  фольклор  мұрасы  мен  ертедегі  поэзиясынан 
байқалады.  Мысалы,  Бұхарда:  «Тостаған  көзді  торыны  Топ 
тарқамай  мін  сәна.  Еліңнің  қамын  же  сәна,  Есіліп  кеңес  айт 
сәна». Бұлардың ішінде әсіресе ол есімдігін тармақтар соңында 
қайталау көбірек сақталған. Мысалы, Асанқайғыда: 
Тақырлауға қонған қаз, тырна 
Таң маңында ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдан атар ол...
Әрине,  қазақ  поэзиясы  үшін  мәна,  сәна  сөздерімен  өлең 
құрастыру  –  ХV  ғасырдың  өзінде-ақ  әлсіреген,  некен-саяқ 
134
  Үзінді  Ш.Уәлихановтың  жазбаларынан  алып  П.М.Мелиоранский  жариялаған 
«Едіге»  жырынан  келтірілді//  Сказание  об  Едигее  и  Тохтамыше  (Киргизский  текст  по 
рукописи). - СПб., 1905.
135
  Бұл  үзінді  Ясауидің  Самарқанд  қолжазбасы  (немесе  залемандық  қолжазба)  деп 
аталатын,  Санкт-  Петербургтың  (Ленинградтың)  Шығыстану  институтыңда  сақтаулы 
дәптер бойынша келтірілді. Мұнда 5 хикмет (өлең, шығарма) мәна сөзін қайталап келтіру 
арқылы құрылған, ал 1904 жылы Қазанда басылған «Диуанында»  (жинағында) бұл сөзбен 
13 хикметі берілген.


149
қолданылатын көне құрал. Бұл тұлғалардың соңғы ғасырларда 
қазақ тілі үшін көмескі тартқандығы сондай, бірсыпыра жыр-
ларда қайталап келетін клишелердегі сәна тұлғалы тармақтар 
өзге  морфологиялық  элементпен  ауыстырылғанын  көреміз. 
Мысалы,  жоғарыдағы  «Едіге»  жырынан  келтірілген  үзінді 
1963 жылы жарияланған «Ер Тарғын» жырында:
Қара лашын береді,
Көлден көлге шүйсейші.
Қара арғымақ береді,
Елден елге мінсейші.
Бадана көзді кіреуке 
Баса келіп кисейші! – 
болып келеді (Батырлар жыры. - Алматы, 1963. - 408-б.). 
Осы клишенің Қырым ноғайлары жырындағы берілісі мы-
надай: 
Қайт сәна, Едіге, қайт сәна,
Хан иеңе саулықман қан айт сәна.
Ернеуі йұқа сары аяқмен
Бал береді, іч сәна!
Аяғы – терек, мойны – ерек 
Ат береді, мін сәна!
Йетегінен йеңі ұзын
Тон береді, ки сәна! 
(В.В.Радлов. Образцы народной литературы... - Ч. VII. - Наре-
чия Крымского полуострова. - СПб., 1896. - С. 108).
Сөйтіп,  бір  сөзді  толғау  ішінде  тармақ  соңында  қайталап 
отыру қазақтың ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясын-
да өлең техникасының басты шарттарының бірі болғандығын 
«жыраулар соңы» – Бұхар туындылары көрсетеді.
Бұхардың  поэзия  әлемінде  үлкен  бір  мектепті  –  жырау-
лар  мектебін  тіл  жағынан  да  жинақтап,  түйіндеуші  ретінде 
көрінетін өзге тұстары да аз емес. Жыраулар – дала философ-
тары, ойшылдар. Сондықтан олардың сөздерінде даусыз бол-
мысты танытатын баяндау (констатация) мол екендігі белгілі. 
Сол  констатация  етістік  шақтарына  бейтарап,  әрдайым  бо-
лып жататын, белгілі бір құбылысқа тән іс-әрекетті білдіретін 
-ар жұрнақты есімше арқылы беріледі. Бұл – мақалдарға тән 
грамматикалық тұлға, өйткені мақал-мәтелдерде де шындықты 
констатациялап  барып,  сол  арқылы  ғибрат,  өсиет,  өнеге  айту 


150
мақсаты көзделеді: Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс өлті- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет