нияз, Сүйінбай, Шөже, Кемпірбай, Арыстан т.б. тәрізді сөз
иелері де, көбінесе эпикалық жырларды тудырушы, сақтаушы,
таратушы ретінде қызмет еткен Жанақ, Нұрым, Абыл сияқты
ақын-жыршылар да бар.
Бұлардың барлығы да – әр алуан дәрежеде қазақ поэзия-
сы тілінің дәстүрі мен нормаларын сақтап, таратушылар, кей
сәттерде белгілі бір үлес қосушылар ретінде танылуға тиіс.
Өйткені әдеби тілді дамытуда тек ірі қаламгерлер ғана емес,
қатардағы жай жазушы-ақындар да қатысатынын жоққа
шығаруға болмайды. Орыс тілі тарихын зерттеушілердің:
«Орыс әдеби тілінің тарихы үшін қатардағы жазушылардың
шығармалары... көп ретте көркемсөздің ұлы шеберлерінің ту-
ындыларынан кем түспейді, олар да құнды әрі қажет материал
бола алады»
152
дегенін қазақ әдеби тіліне келгенде де айтуға
болады.
Аталған сөз шеберлерінің барлығы көркем әдебиеттің бір
ғана саласында – поэзияда қызмет етті. Бірақ поэзияның өзі
жанрлық тарамдары жағынан ілгерілегені байқалады. Айтыс
жанры етек алады. Ертеректе тұрмыс-салт әдебиетіне жатқан
бұл жанр енді қыз бен жігіттің жар-жар айтысы тәрізді тар
мазмұннан әлеуметтік тақырыптарға дейін баратын сөз сай-
ысына дейін көтерілді. Айтыс әуелден-ақ күнделікті өмір
тудырған жанр болғандықтан, бұларда тұрмысқа қатысты лек-
сика тобының орын алуы көзге түседі.
152
Виноградов В.В. О задачах истории русского литературного языка //Известия
АН СССР. - ОЛЯ. - 1946. - Т. V. - Вып. 3. - С. 226.
189
Сондай-ақ әлеуметтік тақырыпты қозғаған шығармалар-
дың тілі де бұрынғы осы мазмұндағы өлең-толғаулардан ерек-
шеленетін белгілерге ие бола бастайды. Қоғам өмірі, әлеумет
тіршілігі, өткен күй мен болашақ жайы қай сарында жырлан-
са да, XIX ғасыр ақындары осы салаға қатысты көптеген ата-
улар мен тіркестерді жаңадан қолдануға мәжбүр болады. По-
эзия тілінде жарыспа суреттермен айту (параллелизм) тәрізді
тәсілдер ығысып, өлең идеясын бірден білдіретін амалға
көшеді, нәтижесінде артық сөзділік азая түседі. Бірақ бұл түгел
поэзияға емес, оның белгілі бір жанрларына ғана тән болады.
Мысалы, айтыстар мен біреуге қаратыла шығарылған туын-
дыларда әлі де оспақтап сөйлеу, айтпақ ойына көшпес бұрын
«Молдадан хат жазамын сауыт-қалам» (Шернияз) немесе
«Бірің – жал, бірің – құйрық көңілге тоқ, Аллаға пенде бар ма
қайғысы жоқ?» деген тәрізді жарыспа жолдарды қыстыра кету
жоқ емес. Әсіресе бұл тәсіл айтыс ақындарында көбірек орын
алды.
XIX ғасырдың I кезеңіндегі қазақ поэзиясында нақтылық
басым бола бастайды. Соған орай біреуді немесе бір нәрсені
суреттеуде қолданылатын сөздер мен тұрақты тіркестер қыран
құс, қос арғымақ, наркескен қылыш тәрізді «аспандаған» су-
реттерден гөрі (әрине, олар да бар), өмір шындығына қатысты
болып келеді. Мысалы, Махамбет Исатайдың образын бер-
генде, оны кермиығым, кербезім, құландай ащы дауыстым,
ақ кіреуке жағам, адырнасын ала өгіздей мөңіреткен батыр
деген сияқты дәстүрлі абстракт теңеулерді келтіріп суреттесе,
Шернияз сол Исатайды «қарадан халқым сүйіп, ханым деген»
адам еді, «тарғыл ала жылқы біткен бай» еді, «қысы-жазы рас-
хотымды содан ұстаушы едім» деп өмірмен нақты байланы-
стырып суреттейді. Тіпті батырдың портретін беретін жерінде
одан алып ішіп-жейтін «қырық ат бас, өрік-мейіз, жүз қадақ
шайлар» да жүреді.
Әрине, қай ақында болса да, бұрынғы дағдылы образ-
дарды пайдалану үзілді-кесілді тоқталмайды. Сол Шернияз
орайы келген екінші бір жерде Исатайды «алтыным, самалым,
саз қонысым, алтын сапты қылышым» деп те атайды. Сол
сияқтағы Дулат ақын жауға қарсы күрестегі ерлікті суреттейтін
190
«Еспембет» атты көлемді жырында батырдың сауыт-сайманын,
жекпе-жекке шыққан жауымен сайысқан тұсын бейнелеген
жерлерінде XV-ХVIII ғасырлардағы штамптарды (буырқанды,
бұрсанды, мұздай темір құрсанды тәрізді) келтірмейді, ұрыс
көрінісін шындыққа сай етіп береді: Қамшы тиді тұлпарға,
қылыштары жарқ етті. Қабағынды қаққанша, Жарқ етті
де сарт етті. Бірінің жанды еңбегі, Бірі күшін сарп етті.
Дене қанға боялды дейді. Жекпе-жекке дайындалған батыр
«буырқанып, бұрсанбайды, мұздай темір құрсанбайды», оның
Түгі шығады сыртына. Тістегенде тісінің Қаны толады
ұртына.
Сөйтіп, поэзияда әрбір портрет пен сурет өмір шындығы
арқылы жырлана бастағанына байланысты, әдеби тілде күн-
делікті ауызекі сөйлеу тілінің мол байлығы еркінірек қол-
данылуға бет алады.
XIX ғасырдың I кезеңіндегі әдебиеттің дені бізге бұрынғыша
ауызша таралып, ауызша сақталған түрде жетті. Бірақ XVIII
ғасырға қарағанда, бір жағынан, уақыттың бізге біртабан
жақындығынан, екіншіден, авторлық даралық сипаттың бел ала
түскендігінен бұл кезеңдегі көркем поэзия үлгілері әлдеқайда
дәлірек және толығырақ жеткенін атау керек. Мұның тіл тари-
хын танып-білуде мәні зор.
Сонымен бірге XIX ғасырдың бірінші кезеңіне қатыстыра
сөз еткелі отырған мұралардың бірқатары осы ғасырдың
70-80-жылдарынан бастап жеке кітап (мысалы, Дулаттың,
Шортанбайдың кейбір шығармалары) немесе әртүрлі жинақ,
журнал, хрестоматияларда үлгі-үзінді болып баспа бетін көрді.
Мұның да тіл тарихын зерттеудегі мән-маңызы орасан зор:
олар бұдан жүз жылдай бұрын хатқа түскен сөз байлығы мен
грамматикалық тұлға-тәсілдердің сыр-сипатын бұлжытпай
тануға мүмкіндік береді.
Сөз болып отырған кезеңде қазақ көркем әдебиеті қазақтың
алдыңғы дәуірлердегі төл әдеби тілін пайдаланды, соны әрі
қарай дамыта түсті, жазба тілге біртабан жақындатты, жазба
әдеби тілді қалыптастыратын белгілерді айқындай бастады.
Мұны біз осы кезеңнің ірі екі өкілі – Махамбет пен Дулаттың
тілдерін талдау арқылы көрсетеміз.
191
Достарыңызбен бөлісу: |