187
Патша үкіметі XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ жеріне
ислам дінін тарату саясатын үстайды. II Екатеринаның 1783
жылғы жарлығы бойынша мұнда мешіттер салынды, оларда
қызмет етуге Қазан татарларының дін иелері жіберілді. Олар
бірте-бірте күш алып, азаматтық билік айту құқығын ала баста-
ды, жергілікті жерлердегі мұсылманша оқу-ағарту солардың
қолдарында болды. Ел ішінде мұндай «үкімет молдалары-
мен» қатар ортаазиялық миссионерлер мен өзін-өзі молда
атандырғандар да аз болмады.
Міне, осындай саяси, әлеуметтік, экономикалық хал-жағ-
дайлар мен өзгеріс-жаңалықтар тілге, оның қызмет ету қалпына
әсерін тигізбей, із қалдырмай кетпеді.
Тіл тіршілігінің бір ғасыр ішіндегі даму барысын бұлайша
екіге бөлу шартты екенін ескертеміз. Қазақтың төл әдеби тілін
бұл кезеңде де көркем әдебиет, оның ішінде поэзия танытты.
Сол әдебиетті тудырушылардың өмір сүріп, шығармашылық
қызмет еткен тұсы ғасырдың дәл басы мен 60-70-жылдар
арасындағы мерзімді хронологиялық жағынан қатаң сақта-
майды. Тілін осы тұсқа жанастырып қарайтындардан
Махам-
Достарыңызбен бөлісу: