§ 2. XIX ғасырдың I жартысы – алдыңғы кезендердегі
ауызша әдеби тілді синтездеу дәуірі
XIX ғасырдың 60-70-жылдарына дейінгі қазақ көркем
әдебиеті бұрынғысынша поэзия түрінде әрі қарай жалғасқаны
жоғарыда айтылды. Бұрынғы жыраулар мектебі әлсірей түсіп,
ақындар бел алды. Соған орай көркемсөз шеберлері бұрынғы
өсиет, ақыл-насихат, философиялық толғаныс түрінде келетін
жырлардан гөрі, нақты тақырыптарды сөз етуге жиірек
бара бастайды. Бірақ бұл бетбұрыстың тілдегі, әдеби тәсіл-
амалдардағы көрінісі бірден, шұғыл болмағаны байқалады.
Жаңа сапаға көшу дәстүрлі әдіс-тәсілдер мен көркемдеу
құралдарынан қол үзбей, оларды пайдалана отырып, жүзеге
асырыла бастайды. Сонымен қатар қазақ әдеби тілінде (поэзия
тілінде) жаңа элементтер пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |