Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


§ 5. Қазақша ғылыми-көпшілік стилінің пайда болуы



Pdf көрінісі
бет132/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   180
§ 5. Қазақша ғылыми-көпшілік стилінің пайда болуы 
және оның жай-күйі
Өткен  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ  тілінде  көпші- 
лікке  (ең  болмағанда  сауатты  оқырманға)  арналып,  жалпы 
ғылым-білімнен  де,  кейбір  ғылым  салаларынан  да  мәлімет 
беретін,  баяндайтын,  түсіндіретін,  насихаттайтын  сипаттағы 
әдебиет  жанры  пайда  болады.  Зерттеуші  Б.Әбілқасымов 
мұндай әдебиеттің тұңғыш үлгісі деп Н.И.Ильминскийдің «Са-
моучитель  русской  грамоты  для  киргизов»  деген  кітабының 
соңында берілген қазақша үлгілерді атайды
178
. Ол текстер гео-
графия,  тарих,  табиғаттану  салаларынан  мағлұматтар  береді. 
Бұл  стиль  үлгілерін  шағын  мақалалар  түрінде  сол  кезеңдегі 
қазақша мерзімді баспасөз беттерінен де табамыз.
Медицина, ветеринария, шаруашылық мәселелеріне арнал- 
ған жеке кітапшалар да жанры жағынан көрсетілген әдебиетке 
жатады. Бұлардың дені –  орыс тілінен аударылған дүниелер 
болғанымен,  осы  күнгідей  дәл  аударма  ретінде  қарастыруға 
келмейді, өйткені өткен ғасырдағы аударма ісінің принциптері 
қазіргіден  бөлек  болатын.  Түпнұсқа  текстің  мазмұны  ғана 
беріліп,  сөздігі  мен  синтаксистік  құрылысы  жағынан  дәлме-
дәлдік сақталмайтын.
Бұл  әдебиеттің  алдында  хат  танитындар  арқылы  қалың 
көпшілікке  білім-ғылымның  әр  саласынан  хабар  беру  және 
оны  сол  кездегі  жұрттың  сауаттылығы,  білім  дәрежесімен 
санасып,  түсінікті,  жеңіл,  «жалпақ»  тілмен  білдіру  мақсаты 
тұрды.  «Оқұмұстардың  (ғалымдардың  –  Р.С.)  айтқан  сөздері 
(жазғандары – Р.С.) қандай анық, қандай түсүнүкті, көптүрмей, 
семдірмей,  дұрұсұн  түсүндүреді  де  қойады,  оқудың  байдасы 
бұ»  деп  жанр  авторларының  бірі  жазғанындай
179
,  өздері  де 
ғылыми  шындықты  біршама  дәл  («көптірмей»,  «семдірмей») 
беруді және түсінікті етіп баяндауды көздейді.
Қазақ тіліндегі алғашқы ғылыми көпшілікқолды әдебиеттің 
осы мақсаты оның тілі мен стиліне мейлінше әсер етті: мұнда 
баяндаумен қатар, түсіндіру сипаты кең орын алады. Мұны осы 
үлгідегі әдебиеттің стилъдік белгісінің бірі деп тануға болады.
178
 Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың IIжартысындағы... - 65-б.
179
 1897 жылғы қазақ үшін шығарылған календарь. - Орынбор, 1898.  - 35-б.


258
Түсініктеме текстің өз ішінде түпнұсқада болуы мүмкін, со-
нымен қатар кейбір зат, ұғым, құбылыстардың не мәнін ашып 
немесе қазақша баламасын келтіріп түсіндіру де орын алады. 
Мысалы, 1897 жылғы қазақ үшін шығарылған календарьдағы 
планета  туралы  материалда:  Осы  күннен  айналып  жүретүн 
томалақтарды  планета  деп  атайды.  Оның  мәні  жүретүн 
жұлдұз дегені. Мұнда соңғы сөйлем түсіндірме ретінде келті- 
рілген.  Осы  календарьдан  тағы  мысалдар  келтірейік:  Көзге 
қойып қарағанда алыс нәрсені жақындатып, үлкейтіп көрсе- 
тетін телескоп деген құрал бар... Бұл жарқыраған жұлдызды 
комета дейді, құйрықты жұлдыз дегені, бұлар бөтен күннің 
қауымынан  келеді...  Мәскеуде  кәзір  күндіз  болса,  Америка-
да (бір Америка деген жер бар) түн... Бұл мысалдарда білім-
ғылымнан таным дәрежесі әлі төмен көпшілік оқырманға сол 
білім-ғылымның  әр  саласынан  хабар  (информация)  берумен 
қатар,  сол  хабарды  түсіндіріп  отыру  принципі  көзге  түседі. 
Ол түсіндіру әртүрлі жолмен жүзеге асырылған. Көбінесе «де-
ген құрал бар, деген жер бар» деген сияқты қосалқы баяндау  
амалы пайдаланылған. Айталық, Америка сөзі көпшілік қазақ- 
қа түсініксіз: ол заттың аты ма, адамның аты ма, іс-әрекеттің 
атауы ма, сондықтан жақша ішіне оның материктің аты екенін 
қазақтың  «жалпақ  тілімен»  бір  Америка  деген  жер  бар  деп 
түсіндірмені қыстырады.
Бұл стильге тән белгілердің басты-бастылары мыналар:
1.  Жартылай  ғылыми  мазмұнды  болғандықтан,  мұнда 
алғашқы ғылыми-техникалық терминдер қолданыла бастайды. 
Сөз жоқ, қазіргідей әр ұғымға сай орныққан, әр ғылым саласы-
на қарай сараланған терминдердің жүйесі әлі жоқ. Бұл кезең 
–  қазақ  тілінде  терминдерді  жасаудың  (немесе  қабылдаудың) 
принциптері  мен  жолдары  айқындалмаған,  тіпті  ол  жөнінде 
сөз  болмаған  дәуір.  Дегенмен  білім-ғылымға  қатысты  тер- 
минологияның алғашқы нышандары осы кезде, аталған стиль-
де көріне бастады деуге болады.
Ол терминдер екі түрлі: көбі – түпнұсқадан – орыс тілінен 
–  дайын  түрде  алынғандар:  планета,  комета,  компас,  теле-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет