скоп, трахома, календарь, адрес, почта, телеграф, миллион,
спирт т.б.; бірсыпырасы – қазақша баламасымен берілгендер:
259
дәрігершілік (медицина), құрғақ жер, қара жер (суша), дома-
лақ жер (земной шар), ойпат (впадина), жел (воздух), арал
(остров), ауру (болезнь), науқас (больной), Жер (Земля),
оқымыс (ученый), Күннің тұтылуы (затмение солнца), Айдың
тұтылуы (затмение луны), Таң жұлдызы (Венера), Құс жолы
(Млечный путь), ереже (положение), көшпелі халық (кочевой
народ), Күннің қауымы (солнечная система), ем (лечение).
Ғылыми-техникалық терминдерді калька жолымен жасау
нышандары XIX ғасырдың II жартысында сөз етіп отырған
стильде басталады. Мысалы, бұрын қазақ ұғымында Айды
планета – Жердің серігі ретінде тану жоқ болатын, сондық-
тан «жердің серігі немесе жолдасы» деген тіркес те қолда-
нылмайтын, енді «спутник земли» деген ғылыми термин
(ұғым) орысшадан калькаланып, «жердің жолдасы»деген
тіркес түрінде берілген. Күн өту (солнечный удар), үй иесі (ки-
битковладелец), темір жол (железная дорога), жандық (жи-
вое, животное) дегендер де осы іспеттес.
2. Ғылыми-техникалық ұғымдардың бірқатары жеке сөз –
терминмен (не кірме, не қолтума) аталмай, суреттеме (яғни
аналитикалық) жолмен беріледі. Мысалы, ағач-су ғылымы
(ботаника), жан-жануарлар ғылымы (зоология), көктен түс-
кен тас (метеорит), көп қауымға тиішлі кітапхана (публич-
ная библиотека), жүз жыл (век), егін салу шаруасы (хлебопа-
шество), от арба (поезд) т.б. Бұл да – осы жанрдың стильдік
ізденісінің жемісі: бұл сәтте қазақ қауымының әлі де білім-
ғылымнан хабарсыз қалың көпшілігіне айтпақ мағлұматты
неғұрлым түсінікті етіп жеткізу амалы көзделіп отыр: зооло-
гия сөзінің сол кездегі қазақтар үшін мағынасы да, құрамы да,
яғни оның зоо+логос деген латын сөздерінен тұратындығы
түсініксіз, ал жан-жануарлар ғылымы деген тіркестен бұл
ғылымның нені зерттейтін сала екені өз-өзінен айқын таныла-
ды.
Сол сияқты «век» деген терминді жүз жыл деп суретте-
ме тәсілмен беру әлдеқайда түсінікті, от арба (поезд) – отпен
жүретін арба (көлік), дәрі сақталатұғын үй (аптека), үлкен
теңіз (океан), теңіз ішіндегі бөлек-бөлек аралдар (океания) де-
гендер де – осындай.
260
Бұл кезеңдерде ғылыми-техникалық ұғымдарды қазіргідей
жеке терминмен атаудан гөрі, оларды түсіндіру ниеті ба-
сым екені байқалады, яғни лингвистикалық мақсаттан гөрі,
ағартушылық мақсаты жоғары тұрған сияқты. Бұл – заман та-
лабы.
3. Ғылыми-көпшілік стилі әуелден-ақ кірме сөздердің
ішінде орыс тілінен алынатындарына жол берген. Мұнда араб-
парсы сөздері ұғым атауы – термин ретінде қолданылмайды,
яғни жаңадан сөз жасауда бұл тілдерге иек артпайды және
кездесетіндерінің өзі жалпы ұғымда бұрыннан енгендер бо-
лып келеді. Мысалы, хайуандар, жануарлар (животные),
әдет (обычай). Тіпті араб-парсы тілдерінен енген атаулардың
өзін қолдана отырып, не орысша, не қазақша баламаларын
келтіру фактісі көзге түседі. Мысалы, компасты сартша (яғни
түркіше) құбыланама дей отырып, компас сөзін келтіреді, осы
күнгі ғасыр, ауа (воздух), хайуанат (животные) сияқты шығыс
сөздерінің орнына көбінесе жүз жыл, жел, жандық дегендей
қазақ сөздері келеді. Ғылыми-көпшілік мазмұнды әдебиеттің
өзге стильдерден айырмашылығы да – осы тұста. Ал ғылыми-
техникалық термин-атаулардан өзге сәттерде араб-парсы
сөздері бұл стильде де еркін қолданылған және олардың көп-
аздығы әрбір кітапша-мақалада әртүрлі болып келеді.
4. Терминдердің тұрақталу, нормалану процесі өте әлсіз:
көпшілігі екі-үш вариантта келеді. Мысалы, осы күнгі ғалым
сөзінің мағынасын оқымыс және білім иелері сөздері бере-
ді. Мұның оқымыс варианты жиірек қолданылған, бұл сөз
Ыбырай тілінде де, өткен ғасырда түзілген бірқатар екі тіл-
дік сөзідіктерде де кездеседі, соған қарағанда, «ғалым» ұғы-
мын қазақтың өз сөздерімен беру тенденциясы болғаны байқа-
лады. Бұл жалғыз осы ұғымға келгенде емес, жалпы бағыт екені
жоғарыда көрсетілді. Сол сияқты жарыспалылық (вариант-
тылық) қатарын хайуандар ~ жандықтар, құрғақ жер ~ қара
жер, комета ~ құйрықты жұлдыз, метеорит ~ аққан жұлдыз,
қақ ~ жал ақы ~ жалованье т.б. түзеді.
5. Бұл стильде орыс сөздері, олардың ішінде терминдік мәні
жоқтары да едәуір мол қолданыла бастайды. Табитат пен техни-
ка жайларын баяндау үстінде астрономия деген сияқты ғылым
261
тарауының атауы да минут, формы, почта, телеграф, награт,
мүллион, іспірт, доктыр, насатыр (нашатыр), соды (сода),
адрес сияқты жай (термин емес) сөздер де батыл қолданы-
лады. Әсіресе бұл жанрдағы шет жұрттық мемлекет аттары,
топонимдер, адам есімдері, тіпті планеталардың аттары (Марс,
Нептун, Юпитер) кездесе бастайды. Мысалы, Н.И.Ильмин-
скийдің материалдарында материктер аттары: Еуропа, Азия,
Америка, Аустралия сөздері, Еуропа мемлекеттерінің аттары
толық келтіріледі жене олар араб жазуымен мүмкіндігінше
орысша атауларына жуықтаттырылып беріледі. Бұлардың
кейбіреулері «деген жер», «деген ел», «деген адам» деп олардың
жер-су, ел, адам аттары екені түсіндіріліп те отырады, бұған
сол кездегі оқырманның білім дәрежесімен санасу қажеттігі
мәжбүр еткен. Мысалы, 1897 жылғы календарьда: белгілі
Дарвин деген оқымыс айтады (49-б.). Пассау деген қаланың
(653-бет). Бұл құбылысты да қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік
әдебиеттің алғашқы кезеңіне тән стильдік белгілердің бірі деп
қарауға болады.
6. Жартылай ғылыми-көпшілік әдебиет үлгілердің бірқатары
орыс графикасымен жарияланды, олар: «1897 жылғы қазақ
үшін шығарылған календарь» (158 б.) және Қазан университеті
баспасынан шыққан медицина тақырыбындағы «Трахома де-
ген жаман көз ауру» (1898), «Егіншінің қызмет аты жайында»
(Орынбор, 1899) сияқты кітапшалар. Бұлар орыс жазуын қазақ
тілінің фонетикалық жүйесіне мүмкіндігінше сәйкестендіріп,
қолдану принципін ұстады: сол тұстағы орыс графикасына
қосымша о
Достарыңызбен бөлісу: |