көздің майын ағызу, сөздің майын аямау деген тіркестер
құрады. Көліктің (аттың) майы дегенде «аттың күші» деген
ұғым берілетін болса, көздің майы, сөздің майы дегендерге де
Абай осы мәнді телиді: көздің майын ағызу – көздің күші жа-
сында болса, соны төгіп, «қалқаға сөз айту».
Бесінші. Өлеңге қатыстырылатын жеке сөздерді талдауда
Абай ұсынған және бір амал – сөздік пен шығарма стилінің
сәйкестендірілуі. Егер өлең суреттеме сипатында болса, оған
таңдап алынатын сөздер көбінесе көз алдыңа белгілі бір карти-
наны (суретті) елестететіндер болады. Мысалы, «Қансонарда
бүркітші шығады аңға» өлеңі суреттеу мәнеріндегі тұңғыш
тамаша үлгі болып табылады. Аң аулау картинасын көзге
елестетіп беру үшін ақын жанды-жансыз заттардың атаулары
мен іс-әрекет, қимыл аттарын тура мағыналарыңда жұмсайды:
қыран, оның аспанға қайқаң қағып шығуы, түлкінің ау-
зын ашып қоқақтап тұрғаны, қанат-құйрықтың төмен қарай
құйылғанда суылдап ысқырғаны т.т. Тағы бір мысал. Абайдың
«Қатыны мен Масақбай» деп аталып жүрген өлеңі стилі
жағынан өзгелерінен мүлде басқаша екені мәлім. Бұл – «от
басы, ошақ бұтына» арналған «тұрмыси» өлең, соған орай
мұнда тұрмыстық лексика әдейі келтіріледі және барлығы да
тура өз мағыналарында жұмсалады.
Ирония, сарказм мәнерінде жазылған өлеңдерінде мыс-
қылдау, келекелеу бояуы күшті етістіктердің шоғырланып
келтірілуі, құржаң-құржаң ету, тоңқаңдау сияқты «карти-
налы» сөздердің де қолданылуы – тағы да Абайдың шығарма
стилі мен тілінің үйлесімін сақтағанын танытады.
Сөз таңдауға келгенде, көңіл аударатын саланың бірі –
ұйқасқа алынатын сөздер. Абай «ең салмақты», бейнелі (об-
раз жасайтын) сөздерді таңдап алып, тармақ соңына шығарып,
ұйқасқа қатыстырады. Өйткені ұйқастырылатын сөздерге ой
екпіні түседі де оқырманның (тыңдаушының) көңілі сол сөзге
аударылады
208
.
208
Тимофеев Л. Стих и проза. - М., 1938. - С. 157; Ахметов 3. Казахское
стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 111-123.
318
Сонымен бірге ұйқасқа қатысқан сөздер өлең бөліктерінің
мағынасын аша түседі, көп сәттерде образ жасауға қатысады.
Міне, осы жайтты ұлы ақын жақсы сезген. Мысалы,
замандастарының жағымсыз бейнесін суреттеу үшін ақын
еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерді ұйқасқа алады, өйткені бұлар
– адам баласының мінез-құлықтарын жағымсыз жақтан
көрсетуге бейім сөздер. Абай «Қазағым, қалың елім, қайран
жұртым» өлеңінде бастан-аяқ қыртың, бұртың, жыртың,
қиқым сияқты сөздерді тармақ соңына шығарады, осын-
дай бояуы жоқ өзге сөздерді (жұртым, ұртың, мұртың,
құлқын) алдыңғылармен ұйқастырады. Бейнелеуіш сөздердің
келесі тобын көсемше тұлғасындағы түрлері құрайды. Абай
көрсетілген мақсатта бұларды да ұйқас кәдесіне асырады. Өз
тұсындағы болыс, пысықтардың жағымсыз портретін бер-
генде ұйқасқа далпылдап, жалпылдап, барқылдап... деген
сияқты түбірі еліктеуіш болып келетін образды сөздерді ала-
ды. Ал философиялық мазмұңды өлеңдерінде дерексіз ұғымды
білдіруге қатысатын -мақ жұрнақты атаулар ұйқас құрайтын
элемент қатарына шығады:
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
һәмише өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Қазақ поэзиясында етістік ұйқас басым болып келгені
мәлім. Олар Абайда да бар, бірақ Абай өлеңдеріндегі етістік
ұйқастардың басым көпшілігі бұрынғы толғаулардағыдай не-
месе эпостық жырлардағыдай тиянақты баяндауыштар емес,
не пысықтауыш, не бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары бо-
лып келеді. Бұлардың ішінде жалпы қазақ позиясына бұрыннан
тән -ып жұрнақты көсемше тұлғасы жиі кездеседі:
Демалыс ісініп,
Саусағы суынып,
Белгісіз қысылып,
Пішіні құбылып...
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып, жол салған тасты жарып...
319
Сонымен қатар да шылаулы шартты рай тұлғасының («Жарқ
етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса
Достарыңызбен бөлісу: |