Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет46/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   180
Сөз  өзгерту  саласында.  Септеу  тәртібі  (парадигмасы) 
негізінен  қазіргімен  бірдей,  тек  есімдіктердің  септелуінде 
өзгешелік  бар.  Ілік  жалғауы  мен,  біз  деген  есімдіктерге  жал- 
ғанғанда  -ің,  -ім  түрінде  де  келеді:  менім,  бізің.  Әсіресе 
менім варианты қазіргі қазақ тіліне жат, ол – ноғайлық тұлға. 
Бірақ  XV-ХVI  ғасырлардағы  қазақ  тілі  үшін  де  бұлайша 
қолданыстың тән болуы ықтимал. Жіктеу есімдіктерінің сеп- 
телу  жүйесінде  күні  бүгінге  дейін  жеткен  ерекшеліктердің 
(мен-ің,  ма-ған,  о-ның,  о-ған,  о-ны)  бар  екендігін  ескерсек,  
қазақ  тіліндегі  қазіргі  норманың  бірден  қалыптаса  қойма- 
ғандығын мойындауға болады.
Шығыс  септіктің  екі-үш  жерде  -дын  /-дін  варианты 
кездеседі:  Ер  өзіндін  соңратын...  Бұ  кеткендін  қайтпасаң 
(Шалкиіз).  Бұл  осы  күнгі  басылымдарда  -дан  /-ден  түрінде 
берілген. Егер сірә да қазақшалау керек болса, өзіңнен, кеткен-
нен деп, -нан /-нен түріне көшіру керек еді. Біздіңше, шығыс 
септіктің көне ұйғыр жазба әдеби дәстүрінен келе жатқан -дын 
/-дін  варианты  негізінен  ортағасырлық  түркі  жазба  тілдеріне 
тән  болғанымен,  ертерек  дәуірлердегі  ауызша  жырланған 
үлгілердің де тілінен орын алуы мүмкін.
Етістіктің тұйық түрі (немесе қимыл атауы) екі түрлі тәсіл- 
мен жасалған: бірі – қазіргіше  жұрнағы арқылы, екіншісі – 
-мақ  жұрнағы  арқылы.  Алғашқысы  өте  сирек  ұшырасады, 
негізінен бұл кезде қимыл атауы -мақ тұлғалы болып келеді: 
мақтанбақ,  батыр  болмақ,  кешу  кешмек.  Мақсат  (супин) 
реңкімен  келетін  тұстарда  -уға  қосымшаларымен  берілетін 
етістік біз талдап отырған дәуірлерде -арға тұлғасымен кезде- 
седі: «Ал дегенде аларға, Алып жерге саларға», «Сырғаласқан 
жауды  сықтарға.  Сырт  бергенді  зорларға  Сырттанның  ұлы 
Қара Қосай мырза бар» (Шобан). «Жарақшылар жоқ па екен, 
Жармай білте соларға» (Доспамбет). Бұл көрсетілген ерекше- 
ліктер ауыз әдебиеті тіліне де тән.
Есімшенің өткен шағы -ған жұрнағымен беріледі, оғұздық 
-мыш жұрнақты тұлға мүлде жоқ. Есімшенің ауыспалы шағын 
жасайтын  формант  (тұлға)  негізінен  -тұғын  түрінде  келеді: 
«Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін» (Асанқайғы).
Етістіктің бұйрық рай тұлғасы (II жағы) қазіргі қазақ әдеби 
тілі нормасымен сай түседі: анайы түрінде жұрнақсыз (нөлдік) 


102
тұлға  (бар,  кел,  сынаспа,  сақын),  көпше  түрі  -ңыз  жұрнағын 
жалғайды:  барыңыз,  болыңыз.  Сірә,  соңғылар  сыпайылық 
реңктен  гөрі  көпшелік  мағынаны  білдіретін  тәрізді,  өйткені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет