Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер...
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең, –
деген сияқты, Доспамбеттің:
Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме?
Қатарланып, қарланып
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме? –
деген сияқты, Шалкиіздің:
Темір еді биіміз
Теңіз еді халқымыз.
Тебірлерге қалғанда,
Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз, –
деген сияқты өлең жолдарына қарап айтып отыр. Шынында
да, қазақ поэзиясында өлең жолдарының біркелкі дауысты не
дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерден құралуы – ер-
теден келе жатқан кәнігі тәсіл. Бұл жерде біркелкі ұйқас бу-
ындардан гөрі, біркелкі дыбыстардан басталатын сөздердің
тармақ басында қатарынан келуі жиірек, демек, аллитера-
ция мен ассонанс құбылысы көзге түседі. Бұл тәсіл өлеңнің
үнділігін (музыкалылығын) күшейтумен қатар, сөз таңдауда,
демек, әдеби тіл лексикасын түрлендіріп отыруда үлкен рөл
атқарады. Мысалы:
Ораздының он ұлы
Ойын салып жүргенде, –
108
Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968.
115
деген жолдардағы о дыбысынан басталатын сөздерді келтіру
үшін бақытты сөзінің синонимі оразды сөзін табады. Немесе: