Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет60/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180
дын  /-дін)  жалғанады.  Тек  барыс  септігі  қатаң  -қа/-ке  және 
ұяң -ға/ -ге болып түрленеді. Бұл – ертеден келе жатқан (көне 
ұйғырдан) түркі емлесін сақтаудан туған жайт, емледегі мұндай 
заңдылық жазба дүниелерде ұзақ уақыт бойы сақталып келгені 
тек қазақ жазбаларына емес, өзге де ортаазиялық түркі жазба 
тілдеріне тән.
2) III жақтағы тәуелдік жалғаулы сөзге жатыс, барыс, шығыс 
септік қосымшаларының арасына қыстырма-дәнекер н дыбы-
сы (интерфиксі) қосылады: хақ йол+ы+н+да, хақ йол+ы+н+а, 
душманлар+ы+н+а, ата+сы+н+дан. Бұл – қыпшақ тілдерінің 
заңдылығы.  Сонымен  қатар  Қадырғали  шығармасы  тілінде 
септеудің  шағайтайша-ұйғырша  типі  (көңіл+і+де,  дарийа 


127
йақа+сы+да,  ана+сы+ға)  де,  яғни  н  қыстырма  дыбысынсыз 
келгендері  де  бар.  Бұл  –  Қадырғали  заманындағы  түркі  жаз-
ба әдеби тілінің нормасы. Бұл жерде қазақ жазба әдеби тілінің 
шағатайлық  нормадан  біртіндеп  бойын  аулақ  сала  бастағаны 
байқалады.
3)  Шығыс  септіктің  екі  түрлі  вариантта:  -дын  және  -дан 
түрлерінің жарыса қолданылуы да – екі күштің (тілдік екі стих- 
ияның), яғни қыпшақ тілдері мен көне ұйғыр жазба дәстүрінің 
«теке тіресінен» туған құбылыс.
4)  Септік  жалғаулары  жуан-жіңішке  болып,  сөз  түбірімен 
үйлесіп  отырады,  бұл  –  ескерткіш  тілінің  қыпшақ  тілдерінің 
дауыстылар үндестігі деп аталатын нормасына бағынуы.
5)  Қадырғали  жылнамасының  тіліне  қарасақ,  ескі  қазақ 
жазба  дәстүрінде  етістіктің  шақ,  рай,  есімше,  көсемше  кате-
гориялары қыпшақ тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің нор-
масымен келеді. Ара-тұра шағатай тілінің кейбір тұлғалары да 
қолданылғаны  байқалады.  Мысалы,  бір-екі  жерде  есімшенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет