Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет62/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   180
ш ~ с, ш ~ ч, й ~ ж дыбыстарының алмасуында Қадырғали 
шағатай  тілінің  лексикалық-орфографиялық  нормасын  қатаң 
сақтаған: бас емес, баши; қыс емес, қыш; қылыш емес, қылыч; 
жыл  емес,  йыл;  жол  емес,  йол  т.т.  Әрине,  Қадырғалидың 
тұсында-ақ қазақтың сөйлеу тілі бас, қыс, қылыш сөздерін с, 
ш,  ж  дыбыстарымен  айтқаны  даусыз  болар,  бірақ  қазақтың 
XVI-ХVII  ғасырлардағы  жазба  тілі  бұл  ерекшелікті  көрсете 
алмаған  (Жалайыр,  Жәдік,  Жақсу,  жауқашын  (жауқазын), 
жайнау сияқты бірен-саран жалқы есімдер мен жеке сөздердің 
ж-мен жазылғанын есептемегенде), себебі – түркінің аймақтық 
(локальдық) жазба дәстүрлері, мысалы, ескі өзбек, ескі татар, 
ескі қазақ жазба әдеби тілдері өздерінің негізгі көзі – шағатай 
тілінің  белгілерін  ортақ  етіп,  барлығында  бірдей  қолдану  – 
орта  ғасырлардағы  түркі  жазбаларына  тән  заңдылық  болған, 
ол тәртіпті бұзып, өз ана тіліне тартып, өзгеше жазуды ешбір 
автор ойына да алмаған.
Қадырғали  шежіресінің  көркемдік  (стильдік)  сипатын  


129
әңгімелесек,  мыналарды  айтуға  болады.  Ең  алдымен,  бұл  – 
ескі  қазақ  жазба  тіліндегі  әзірге  бізге  жеткен  тұңғыш  проза 
жанрының  үлгісі.  Бұл  шығарма  өзінің  көркемдік-композиц- 
иялық құрылымы жағынан екіге бөлінеді: бірі – автордың өз 
қолтаңбасы  (төлтума  -оригиналы)  көрінген  бөліктері,  олар 
«Мадақ сөз» бен соң жағындағы өзі жазған бірнеше дастаны, 
екіншісі – парсы тілінен еркін аударма жағы.
Алдыңғысында, әсіресе «Мадақ сөзде» Қадырғали қазақтың 
нағыз  билерінше  толғайды,  оның  барлық  эпитет,  теңеу,  ме-
тафора  сияқты  көркемдеу  құралдары,  параллельдер  түзетін 
синтаксистік құрылымдары, бейнелі фразеологизмдері – бар-
шасы  шешен  тілмен  көркем  түрде  берілген  монолог  болып 
келеді  деуге  болады  (ол  жөнінде  толығырақ  мына  кітапта 
айтылды:  Сыздықова  Р.,  Қойгелдиев  М.  Қадырғали  би 
Қосымұлы  және  оның  жылнамалар  жинағы.  -  Алматы,  1991. 
-  105-108-б.).  Ал  аударма  жағы  жылнамалар  стилі  сақталған 
баяндау  мәнерімен  берілген,  атап  айтқанда,  сан  жағынан 
жай  сөйлемдер  көбірек  келеді,  шығарма  өткен  замандардағы 
оқиғаларды баяндау болғандықтан, етістік тұлғалары негізінен 
өткен  шақтың  -ды/-ді  жұрнағымен  келген;  көмекші  ерді/
еді  етістігі  актив  қолданылған;  шежірелерге  тән  стереотип 
амалдардың  бірі  –  адам,  жер-су,  ел-жұрт,  ру-тайпа  аттарын 
санамалап  отыру  т.б.  орын  алған.  Әрине,  маман-жазушы,  та-
рихшы  болмағандықтан  әрі  сол  кездегі  аударма  әдебиеттің 
тәжірибесі қалыптаспағандықтан, шығарма мәтінінде стильдік 
ағаттықтар  да  жоқ  емес.  Олар  сөздердің  сөйлемдегі  орын 
тәртібінің  бұзылуы  сияқты  сәттерде  көрінеді,  бұл  көбінесе 
парсы  тіліндегі  түпнұсқа  синтаксисінің  тікелей  әсері  екені 
байқалады.
Жалпы  XVI-ХVII  ғасырлардағы  ескі  қазақ  жазба  тілінің  
проза жанрында синтаксистік амалдардың әлі белгілі бір жүй- 
еге  түспегендігін  және  нормасы  тұрақталмағандығын  атауға 
болады.
Міне,  сөйтіп,  қомақты  әрі  аса  маңызды  туынды  –  жалай-
ыр Қадырғали бидің шежіресі (жылнамасы) тіліне қарап, XVI 
ғасырдың  соңы  мен  XVII  ғасырдың  бас  шамасындағы  қазақ 
авторлары пайдаланған жазба дәстүрдің сипатын біршама осы-
лайша танимыз.


130


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет