136
ұстап міну», «аспанда жұлдыз аралау», «әлемнің қызығын
қолмен бөлу», «қисынсыз күйге түсу» сияқты образдар –
Х-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясына тән емес. Мұндай
перифраздардың алғашқы нышандары Дулаттан басталса,
Абай оны қазақтың жазба поэзиясының жүйелі түрдегі үлкен
бір тәсіліне айналдырған болатын. Сондықтан бұл шығарма –
Бұхар мұралары деп ұсынылып жүрген шығармалардың ішінде
оқшау тұрған, жаттығы бірден көзге ұратын (жыраудың тұтас
стилін танитын адамға) туынды.
«Көк
көгершін, көгершін» деген толғау да – Бұхардікі емес
деп табамыз. Мұндағы образдар Бұхарға жат: «Еділдің арғы
жағын Алты ай жүріп айландым» деген образ – Еділ, Жайық
маңында өткен Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет жыраулар
«қаламының» дүниесі. Оның үстіне мұндағы бірқатар жолдар
еш өзгеріссіз «Ер Тарғын» жырында кездеседі.
Эпоста:
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар жем үшін.
Баданамды
баса бөктеріп,
Күн-түн қатып жортқанмын...
Балтаға бардым тал үшін,
Талды кестім сал үшін.
Айналасы алты айшылық Еділге
Тарланды талай-талай салғанмын.
Бұхарда:
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар жем үшін.
Көк
ала қалқан жамылып,
Ерлер жортар мал үшін.
Тең, тең үшін, тең үшін,
Терек кестім сал үшін.
Еділдің арғы жағын
Алты ай жүріп айландым.
Ал біз «Ер Тарғын» жырының көркемдеуіш құралдары мен
жеке образдары жағынан Шалкиіз, Қазтуған жырауларға өте
жақын екендігін, солардың «қаламынан» шыққан немесе сол
жыраулар мектебінен «дәріс» алған, солармен тұстас, стиль-
дес, «тілдес» автордікі екендігін айтар едік.
137
Құлмат Өмірәлиев «Ақсаңнан биік тау болмас», «Жар ба-
сына қонбаңыз», «Көкте бұлт сөгілсе», «Алыстан қызыл
көрінсе», «Қара арғымақ арыса», «Арту-арту бел келсе»,
«Асқар таудың өлгені» деген толғаулардың Бұхар туындыла-
ры екендігі я еместігі таза шартты деп санайды. Ондағы негізгі
мотиві – олардың мазмұны (тақырыбы) жағынан ақыл-өнеге
айтатын дидактикалық толғаулар екендігі, бұл тақырыптың
ертеден келе жатқан жыраулардың баршасына ортақтығы,
ондағы сөз-образдардың бірінен екіншісіне көшіп жүретіндігі,
соның нәтижесінде авторлығы күңгірттеніп, ортақ дүниелерге
ауысатындығы.
Егер біз Бұхар мұраларының ішіндегі мұндай дүниелерді
оның иелігінен шығарып тастасақ, бұл жыраудың да алдың-
ғылар сияқты, бір жағынан, шешен-дидактик екендігін жоққа
саймас па екенбіз. Сөз жоқ, Бұхар – дидактикалық поэзия-
мен қатар, азаматтық поэзияның да жыршысы. Бұл жердегі
азаматтық поэзия деп отырғанымыз – нақтылы оқиғалар мен
адамдарға қатысты жырланған толғаулар. Бұл, сірә, Бұхар
шығармашылығының салмақтырақ түсетін бөлігі болар немесе
әлеуметтік мәні күштірек бұл дүниелер жақсырақ, ұқыптырақ,
түгелдеу сақталған болар. Дегенмен Бұхардың да, ең алдымен,
жырау екендігін, оның да ақылгөй, дана, қауым көсемі ретіндегі
орны мен қызметін ескерсек, сірә, ортақ ой, ортақ мотивке
құрылған толғаулар да жырау «қаламына» жат болмас, осы-
лай түйе тұра біз Бұхардың тілі мен стилін талдауға жоғарыда
көрсетілген толғаулардың материалдарын тартпадық. Оған ав-
торы күмәндығынан гөрі, бұл шығармалардың тілдік-стильдік
тұлға-тәсілдерінің ортақтығы, дәстүрлілігі, бірдейлігі де себеп
болды. Жалғыз Бұхар емес, өзге ақын-жыраулар мұраларына
да осы шартты қою керек.
Мұның сыртында Бұхар өлеңдері мен толғауларының (сон-
дай-ақ өзгелердің де) жалпы мазмұны, тіпті ұйқастары мен
образдары дұрыс сақталғанмен, кейбір жеке сөздері немесе
грамматикалық тұлғалары өзгеріп, екі-үш вариантта ұсынылып
жүргендері аз емес. Мысалы, Бұхар шығармаларының 1962
жылғы жариялануындағы: «Еңсесі биік кең сарай Мортық бо-
лар
бөлген соң»
128
деген екі жол Мәшһүр Жүсіп дәптерінде:
128
ХVIII-XIX ғ. қазақ ақындарының шығармалары.
- Алматы, 1962. - 34-б.
139
автордан екіншісіне көшіп, қайталап жүруі немесе тіпті ауы-
сып кету фактілері өткен ғасырлардың әдеби дүниесінде едеуір
орын алады. Міне, осындай жайлар белгілі бір суреткердің
тілін талдауда да, тіпті белгілі бір дәуір тілін танытуда да
қиыншылықтар туғызады. Әсіресе бұл қолайсыздық тілдің
әдеби нормаларының қалыптасу, даму, тұрақтану процесін
зерттеуде сезіледі.
Дегенмен осы сияқты қиыншылықтың барын ескере, есеп-
ке ала отырып, біздің заманымызға жеткен үлгілердің тіліне
талдау жасап, әңгіме етіп отырған дәуірдің – ХVIII ғасырдың
әдеби тіліне біршама сипаттама беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: