2. Мәдениет типологиясы мен теориясы. Мәдениетті зерттеудің алғышарты Шығыста ортағасырдан басталса, Еуропада - Қайта Өрлеу дәуірінде басталды. Ислам ренессансына сәйкес ортағасырда мәдениеттің көтерілуіне төрт түрлі мәдениет әсер етті: араб, иран, түрік, эллиндік. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуына табиғат пен мәдениет мәнін түсіну көп ықпал етті. Мәдениеттің ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен концепциялар:
Маркстің еңбек құралдық концепциясы;
Н.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи түрлер;
Ф.Ницщенің мәдениеттің екі бастамасы туралы;
Мәдениеттегі антропологиялық зерттеулер;
О.Шпенглердің еуропалық мәдениеттің соңы жайында
Тойнби мен Хантингтонның мәдениет пен өркениеттің байланысы туралы ілімдері.