Мәдениет морфологиясы


Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген



бет2/6
Дата07.01.2022
өлшемі19,77 Kb.
#20660
1   2   3   4   5   6
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:

а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтыгы;

ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит- микен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б.;

б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.);

в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті ж.т.б.).

Адамзатты қоғамдық-тарихи түрғыдан нақтылы қарастырғандардың бірі — Джанбаттиста Вико. Ол адамзат тарихының үйлесімділік мәселелеріне, оның заңдары мен ережелеріне баса назар аудару негізінде «адамзат баласының үздіксіз даму» идеясын алғаш рет ұсынған болатын, бұл идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан кешіреді — «құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры» және «адамдар ғасыры».

Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндеғі ең бастысы — дінге табынушылық.

Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды.

Ортағасырлық христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге монотеимзді, натурализмге — руханилықты, геодонизмге (сүйсініп — рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді қарама-қарсы қойды.

Жаңа заманда (XVII—XIX ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық түрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі — буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз заманының ойшыл ғалымдары болды. Олар (Англияда — Толанд, Францияда — Вольтер мен Монтескье, Германияда — Лессинг, Гете, Шиллер және т.б.) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғайды. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақыл- ды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті.

XIX ғасырда мәдениет сөзінің төрт негізгі анықтамасы берілді. «Мәдениет» термині біріншіден, ақыл-ойдың жалпы күйінің деңгейі, екіншіден, тұтас қоғамның интеллектуалды даму деңгейі, үшіншіден, көркем-шығармашылық әрекеттердің жиынтығы, төртіншіден, материалды және рухани өмір тәсілі. Сонымен мәдениет дәстүрлі түрде 1) адам әрекетінің барлық саласын, 2) осы әрекеттің жемісін, 3) оның көрінісін қамтиды.

Әлкей Марғұланның пайымдауынша, «мәдениет дегеніміз – адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі зор қоғамдық сипатта көрінеді». Мәдениет – рухани байлық, ол ешқашан материалдық пайданың көзі болуға тиіс емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет