Әлеуметтік мәдениет
Әлеуметтік мәдениет
- [лат. цұлтұра - өңдеу, тәрбиелеу] - барлық адамдарға ортақ, нақтылы
бір өмір салтымен байланысты, бүкіл қоғам немесе әлеуметтік топ аясындағы әлеуметтік
реттеуге қызмет ететін қүндылықтар мен ережелер, дүниетаным жүйелері.
Әлеуметтік мәденнет қоғамдық өмірді үйымдастырады, сол қоғамның немесе әлеуметтік топ
мүшелерінің бірегейлік, бірлік сезімдерін оятады. Қазіргі американдық әлеуметтанушы Н.
Смелзердің пайымдауынша, жануарлардың генетикалық бағдарланған мінез-құлқы
қандай қызмет атқарса, мәдениет адам өмірінде дәл сондай маңызды қызмет атқарады.
Әлеуметтік мәдениет адамның қол жеткізген барлық табыстарын қамтитын, қоғаммен және
әлеуметтік топпен мойындалатын әрі сіңірілетін көп қырлы, кең, күрделі құбылыс. Ол
материалдық (ғимараттар, құрылғылар, еңбек құралдары, кітаптар, суреттер, тұрмыс
құралдары, діни ордалар, табынатын орындар, әшекейлер) және материалдық емес, рухани
(білім, пікірлер, заңдар, ережелер, құндылықтар, тіл, дәстүр, салт жоралары)
түрінде көрініс табады. Ата-баба жасап, ұрпағына қалдырған мәдениеттің бөлігі мәдени мұра
болып табылады
Document shared on www.docsity.com
Downloaded by: nazgul-kabiyeva (kabiyns0825@gmail.com)
|