ТІЛ – мәдениеттің маңызды бөлшегі. Тіл адамдардың тәжірибесін әділ түрде жинақтау, сақтау және беру қызметін көрсетеді. Тіл дегеніміз – белгілі бір мәнді білдіретін белгілермен рәміздердің жүйесі.
Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тілболғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Тіл - коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын (айтуын, естуін) қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өзара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды.