Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық акустикалық кеңістіктен көзге көрінетін визуалды көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл-өсиет, даналық ой, жазылған және көзбен көріп оқылатын мәтіндерге айналды. (суретте Руна жазуы)
Тіл – ұлттық сана-сезімнің базалық элементі, халықтың руханилығының діңгегі, патриоттық тәрбиенің маңызды құралы.
Тіл ұлттың рухында, мәдениетінде көрініс тауып, тікелей ұлттық өзіндік санасының, халықтың дүниетанымдық көзқарастарының, ұлттық-құндылықты бағдарларының, өмір сүруінің, ұлттық салт-дәстүрлерінің және мінез-құлық ерекшеліктерінің тұтастығында бейнеленеді.