Көне дәуірі адамдары өздерінің қоршаған орта мен кеңістік суреттерін жартас беттерінде ғана бейнелеумен (сурет, таңба) қанағат тұтпаған. Қайта айналасындағы жан-жануарды, аспан шырақтары – ай, күн, жұлдыздар бейнесін өздері жасаған көркем бұйымдарына түсіріп отырды. Сөйтеп, ерте дүние шеберлерінің ақыл-ой, зейініне арқау болған табиғат сұлулығы олардың шығармашылығында өзігің жарқын суретін табады. Ондай қолданбалы өнер туындылары скифтік-сібірлік аң стилі өнері делінеді.
Дегенімен, б.д.д. III-II ғ.ғ. дәуірлеп тұрған скиф-сақ өнерінің аң стилі біртіндеп құлдырау сәтін бастан кешірді. Аң стилі бірте-бірте ою-өрнекке айналады да, оны енді ою-өрнектерге түсті тастан көз қондыру, бедерлеу техникасы алмастырды.