Бұл кезеңінде адамдар арасында түсінісу қабілетінің басты құралы – тіл өз дамуынды белгілі бір дәрежеге жетті. Неандерталдықтардың дыбысты белгілерінен “жаңа адам” сөйлеудің алғашқы сатысына көшті.
Өтпелі дәуірі мезолит (мезо – орта, лит – тас деген мағына береді) кезеңде табиғаттың өзгеруіне байланысты адамдардың тұрмыс-тіршілігінде айтарлықтай өзгерістер байқалды.
Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті дамуының соңғы кезеңдері – мезолит, неолит дәуірлерінде адамдар тұрмыс-тіршілігін табанды түрде өзгертуге кіріседі.
Неолит дәуірі
Неолит – алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезең. Бұл тұста, әсіресе өте сапалы етіп жасалған тас балталарыдың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салады, қайықтар жасады. Керамика пайда болуы жаңа тас ғасырының басты белгілерінің бірі болғандықтан оған “керамика ғасыры” деген атақ берілді. Бұл өнер талпынысының барысында алғашқы қауым адамдарының бойында эстетикалық сезім деп аталатын белгілері қалыптаса бастады.
Палеолит кезеңімен салыстырғанда неолит дәуірінде өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшелігі бар. Үйлесімділк пен динамизм белгілері айқындала басталған.
Неолит дәуіріндегі адамдар шаруашылық жүргізу тәсіліне екі кезеңін өтіпті. Алғашқы – аң аулау мен балықшылық, одан кейін егіншілік және мал өсіру кезеңі жалғасты. Кейінгі кезең “өндіретін экономика” атасақ да болады.