Көне дәуірі адамдары өздерінің қоршаған орта мен кеңістік суреттерін жартас беттерінде ғана бейнелеумен (сурет, таңба) қанағат тұтпаған. Қайта айналасындағы жан-жануарды, аспан шырақтары – ай, күн, жұлдыздар бейнесін өздері жасаған көркем бұйымдарына түсіріп отырды. Сөйтеп, ерте дүние шеберлерінің ақыл-ой, зейініне арқау болған табиғат сұлулығы олардың шығармашылығында өзігің жарқын суретін табады. Ондай қолданбалы өнер туындылары скифтік-сібірлік аң стилі өнері делінеді.
Дегенімен, б.д.д. III-II ғ.ғ. дәуірлеп тұрған скиф-сақ өнерінің аң стилі біртіндеп құлдырау сәтін бастан кешірді. Аң стилі бірте-бірте ою-өрнекке айналады да, оны енді ою-өрнектерге түсті тастан көз қондыру, бедерлеу техникасы алмастырды.
Ортағасырлық араб-парсы мәдениеті
Түркі халықтарының мәдениеті
Түркі қағанатының батыстағы шеқарасы VI ғ. Аяғында Византиямен, оңтүстікте Персия және Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен іргелес жатты.
Түркілер жазда арба үстінде қондырылған үй мен кийіз үйде тұрды. Ал қысқы мекені соқпа үйлер болды.
Киімдерінде мал, аң терілерін көбірек пайдаланды.
Арабтың IX ғасырдағы географы Әл-Якуби түріктерді «киіз басуға ең шебер халық» деп бағалайды.
Түркі қағандары жазда орда деп аталатын үлкен жібек шатырда тұрды.
Түркі тайпалары жылқы, сиыр, түйе түліктерін көшеқон, жүк тасымалы көлігі үшіни кең пайдаланған.
Каспий теңізі ж.т.с.с., Есіл өзені, т.б. өзендерде қайықпен, кеммен, салмен жүзіп жүк тасу кәсібі түркілер тіршілігінде ерте орныққан.