Нерв процестерінің қозғалғыштығы - бір процестің екінші процеспен алмасу шапшаңдығы.
Нерв процестерінің қозғалғыштығы - бір процестің екінші процеспен алмасу шапшаңдығы.
Осы қасиеттердің түрліше араласып, қосылуы жоғары нерв қызметінің түрлі типтерін сипаттайды. Осылардың ішінде төрт типі жиі ұшырасады.
Осы қасиеттердің түрліше араласып, қосылуы жоғары нерв қызметінің түрлі типтерін сипаттайды. Осылардың ішінде төрт типі жиі ұшырасады.
Бұлардың үшеуін И. П. Павлов күшті типке, біреуін - әлсіз типке жатқызады.
1. Ұстамсыз тип - күшті, тең емес тип қозу процесінің күштілігі мен тежелудің әлсіздігімен сипатталады.
2.Ширақ тип - күшті тепе-тең (қозу процесі тежелу процесімен сайма-сай болады), қозғалғыш тип.
3.Баяу тип - күшті тепе-тең, инертті (сырттай тыныш) тип.
4.Әлсіз тип - қозу және тежелу процестерінің баяулығымен, олардың әлсіз қозғалысымен (инертті) сипатталады.
Холерик
Әрекетшең және белсенді. олар ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт.
Сангвиник
Бұл темпераменттің өкілдері
адамдармен тез тіл
тауып, шүйіркелесе кетеді,
жұртты жатырқамайды.
Ұжым ішінде сангвиник
көңілді, ақ-жарқын, іске бар
ықыласымен кірісетін, әуесқой
адам. Іска зауқы болмаса,
жұмыстан тез суынып кетеді.
тап болғанда суынып қалады
Флегматиктер
Бұл тип өкілдері барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор. Флегматик - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы.
Бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.