Адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған,өмір сүріп тұрған бірлестігі.
Әлеуметтік психологияда топтың кейбір қарапайым параметрлері қарастырылады:
Топтың композициясы (немесе оның құрамы)
Топтың құрылымы
Топтық процесстер
Топтық нормалар мен құндылықтар
Санкциялар жүйесі
Параметрлері:
Топтың құрамы. Әр түрлі көрсеткіштерге байланысты сипатталуы мүмкін. Ең алдымен топ мүшелерінің жас ерекшелігіне, мамандығына немесе әлеуметтік сипатына байланысты
Топ құрылымының бірнеше белгілері бар: коммуникациясының құрылымы, ұнату құрылымы, өктемдік құрылымы және т.б.
Топтық процесте топтың даму туралы сөз болады. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады: дүниеге келеді, дамудың белгілі бір сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай-ақ өмір сүруін тоқтатуы да мүмкін
Топтық норма дегеніміз – топтың өзі жасап, оған топ мүшелері бағынуды қажет ететін белгілібір ережелер.
Топтық санкциялар нормаларды орындап және оның ескерілуін қадағалау механизімі. Санкциялар жүйесі нормалардың орындалмауын түзетіп қана қоймайды, нормалардың орындалуын қамтамасыз етіп отырады
Нақты топтар бөлінеді:
табиғи топ
лабораториялық топ
Табиғи топтар деп экспериментатордың тілегіне байланысты емес, өздігінен құрылған топты айтады. Олар қоғам қажеттілігінен немесе оған кірген адамдардың қажеттілігінен пайда болады.
Табиғи топтар деп экспериментатордың тілегіне байланысты емес, өздігінен құрылған топты айтады. Олар қоғам қажеттілігінен немесе оған кірген адамдардың қажеттілігінен пайда болады.
Лабораториялық топтар экспериментатордың қандайда бір ғылыми зерттеу жүргізу мақсатында құрған тобы. Олар басқа топтар сияқты нақты, бірақ олар уақытша лабораторияда ғана өмір сүреді.