ол тең құқықтық және тұрақтылық қамтамасыз ететiн әлеуметтiк жүйеге қатер төндiредi;
өзгерiстердiң тез жүзеге асыруына кедергi келтiредi;
қолдауды жоғалтуға алып келедi;
адамдар ұйымды құрады, бас тартуға мүмкiн емес және ашық арыздарды байланыстырады;
әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді;
адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, күйзеліске ұшыратады;
Көптеген адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көңілінің бөлінуі.
Қорытынды: Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселер бойынша өзара түсіністіктің болмауы. «Психологиялық сөздік» конфликтіні «өткір эмоциялық уайымдармен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама-қайшылық» деп анықтайды.
Конфликт бір жағынан, жасқа байланысты қайшылықтар ретінде (Л.С.Выготский) көрсетілсе, екіншіден- үйренудегі шынайы қайшылықтар ретінде (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин) көрінеді. Екі қайшылықтар да бала мінез-құлқының табиғи және мәдени формаларының қосындысындағы қозғаушы күш ретінде қарастырылады.
Конфликтолог – конфликтіде делдалдық жұмыс шеберлігін меңгерген, конфликтілі ситуацияны конструктивті басқара алатын шебер.
Бақылау сұрақтары
1.Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері.
2.Психологиялық конфликтілердің түрлері.
3.Конфликтінің конструктивті және деструктивті функциялары. 4.Конфликтінің даму сатылары.
5.Конфликтінің қатысушылары мен жүргізушілері, олардың қажеттіліктері, мүдделері мен мақсаттары.
Тесттік тапсырма
Адамдар арасындагы белгілі бір ойларының мақсаттарының ,мүдделерінің, құндалықтырының және тағы басқа ерекшеліктерінің сәйкес келу , келмеуінен туатын жағдай ...