Табиғи топ формальды және формальды емес болып бөлінеді:
Формальды (ресми) топ штат кестесі, устав және басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады.
Формальды емес (ресми емес) топ ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы , жекелеген адамдардың беделін , білгірлігін тану сияқты психологиялық мотивтер бірлігі негізінде туады. Мұндайда ресми құжаттардың күші жүрмейді.
Табиғи топтар шағын және үлкен топтар деп бөлінеді:
Шағын топ деп біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, отақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігін айтады.
Үлкен топтарға мемлекеттік, ұлттық, ұлыстық, партиялық, топтық, әлеуметтік, қауымдастық, кәсіптік, жыныстық, мәдени белгілеріне байланысты біріктірілген адамдар тобы.
Топтар
Топтар
Шартты Нақты
Лабораториялық Табиғи
Үлкен Кіші
Ұйымдасқан Ұйымдаспаған Бастапқы Ұжым
Топтың даму кезеңдерін 3 критерий арқылы салыстыруға болады:
Бағалау / топ мақсаты , басқа топ ортасындағы жағдай , (топ мақсатының әр мүшесіне әсері)
Міндеті ( топтың мүшеге деген. Мүшенің топқа деген қатысы, сол арқылы екенің үміті орындалады. Егер де бір мүше арқылы мақсат орындалса, топ сол мүшеге көп көмек беруге тиіс.
Топ мүшесінің рөлдерінің ауысып отыруы. (топ жаңа , толық, маргиналды , экс-мүшесі).
Ұжымдық –индивидтің кіші топқа қатысын анықтайды. 2 концепция да топтың дамуын қарастырады. Бір фазадан екіншісіне өту индивид іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты ұжымдық мәдениетті жалпы бәрінен жағдайын қараумен байланысты.
Ұжымдық –индивидтің кіші топқа қатысын анықтайды. 2 концепция да топтың дамуын қарастырады. Бір фазадан екіншісіне өту индивид іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты ұжымдық мәдениетті жалпы бәрінен жағдайын қараумен байланысты.
1920-30 ж қоғамтанудың әр кезегінде ұжымдық өзгешеліктерді белсенді зерттеу осының нәтижесінде күнделікті өмірге «ұжым» термині келді. Кең мағынасында қоғамда көп таралған адамға, ұйымға, мекеме, өндіріс, географиялық ауданға, және т.б қатысты.