Мәдениеттану пәні бойынша 7 – дәріс Орталық Азияның ортағасырлық



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі8,12 Mb.
#118139
  1   2   3   4   5
Байланысты:
7-дәріс. Орталық Азияның ортағасыр мәдениеті. (1)



Дәріскер: 
дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, 
мәдениеттану магистрі Есболова Молдир Ауелтаевна
Мәдениеттану пәні бойынша
7 – дәріс
Орталық Азияның ортағасырлық 
мәдениеті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


Орта ғасыр мәдениеті
Ислам діні 
Түркі мемлекеті 



Ортағасырлық қазақ мәдениеті Ұлы Жібек жолынан
басталады. Оған Ұлы Жібек жолындағы тауарлар,
ортағасырлық ескерткіштер (Қожа Ахмет Иассауи
кесенесі және тағы басқалар), «Ақыл кітабы»,
«Даналық кітап», «Түркі тілдер сөздігі жатады».

Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу арқылы Ұлы
Жібек жолы өтті. Оның бір тармағы Суяб, Тараз және
Испиджап қалаларының үстімен жүрді. Жібек
жолымен ең алғашқы қатынас – байланыс б.з.
бұрынғы ІІІ-ІІ ғасырларда жасалған.


Қожа Ахмет Иассауи
(1094 - 1167)
Ақын, дана ойшыл, сопылық бағыт ұстаған. Туған жері Сайрам, ал өмір
сүрген жері – Яссы, қазіргі Түркістан қаласы. Сол жерде дүние салған.
Ислам дінін насихаттаушы. Мұхаммед пайғамбар жолынан ауытқып,
байлыққа, басқа қызықтарға берілген бай, молда, ишан, бек, сұлтандарды
сынаған. Пайғамьар жасына жеткен соң жер астынан үңгір қаздырып,
қалған өмірін сонда өткізген. Аңыз бойынша, жер астында да сонша жыл
өмір сүрген. Меккеге бара алмаған кісілер Түркістандағы кесенеге келіп,
дұға оқытса, жеткілікті деген де сөз бар. Негізгі еңбегі – «Диуани хикмет»
(Даналық кітап). Қожа Ахмет Иассауи ислам дінінің қазақ арасында кең
тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде
жазған.Әулиелерге сиыну, түнеу әдеттерін де қабылдап, елге таратады.
Бұл да Қожа Ахмет Иассауидің ел арасында беделінің артуына себепкер
болды.



11 ғасырдан 13 ғасырдың бас кезiне дейiнгi аралықта қала өмiрiнiң өркен
жайған, тауар өндiрiсi өскен, сауда дамыған кезең болды. Өндiрiстiң қаулап
өсуi нарықты алмасу құралымен көптеп қамтамасыз етудi талап еттi. Күмiс
қоры таза күмiс теңгелердiң пайда болуына мүмкiндiк жасай алмады.
Самани әулетi мен қарахан әулетi тұсында тауар орнына жүрген алтын
динарлар ендi айналым құралына кiрдi.

Алтын, ақша айналымында тұтас теңгелер ғана емес, сонымен бiрге
олардың
әр
түрлi
көлемдегi
және
салмақты
бөлшектерi-де
айналымға қосылды. Көптеген, ақша жасайтын үйлерде алтын динарлар
шығарылды, олардың сапасы мен салмағында оқта-текте айырмашылық
болды. Әйтсе-де олар бiр мезгiлде айналымда жүре берген. Бұған Орта Азия
жерiнен табылған, ақша қазынасы дәлел бола алады. Ұсақ бөлшек сауда
үшiн мезгiл-мезгiл мыс, ақша шығарылып тұрған.



Негізінен
ертедегi
және
дамыған
ортағасырлық
мемлекеттер
кезiнде
феодалдық
қатынастардың
нығаюы, мемлекеттік бiрлестiктердiң пайда болуы,
отырықшы егiншiлiк пен қалалардың өсуi, бiрiгiп,
топтасуға бағытталған этникалық өзгерiстердiң күшеюi
Орта Азия, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа
халықтарымен экономикалық және мәдени байланыстар
Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани
мәдениетiнiң өсуiне ықпал еттi.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет