«Ендігі жерде мынадай ақылды бұлжытпай ұстаңыз, – дейді Ыбырай Н.А.
Мазохинге жазған хатында, – бұл менің айтып отырған ақылым емес, атақты
философ-педогог Коменскийдің ақылы. Ол кісі: «Қолындағы барын қанағат
ете білетін адам, шын бақытты адам және біз өзіміздің адал тіршілігімізбен
тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам шын бақытты адам», – деген екен; ал
тағы бір араб философы бақыттылық пен байлық неде дегенде –
«ынсаптылықта», - деп жауап берген екен; міне осы ақылды алыңыз».
Өзгерістер жағдайында қазақтың әдеп мәдениетін трансформациялауға
шақырған тұлғалар ағартушылар болды. Ыбырай Алтынсариннің мына
жолдарында бұл ой анық айтылып тұр:
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жас өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
“Өнер – жігіт көркі” деп
Ескермедік мақалды…
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен, достарым
Сіздерге бердім батамды (Қазақ даласының ойшылдары. 4-ші кітап /
ред. Нысанбаев Ә. – Алматы: ФСИ, 2001. – 274 б.).
Шын мәнісінде, Шоқан мен Ыбырайдың қызметі мен шығар- машылығы
кейін XX ғ. Қазақстан жеріндегі большевизмге емес, керісінше ұлт-азаттық
қозғалысына демеу болды.
Достарыңызбен бөлісу: