2.3 Ерітінді концентрациясы
Ерітінді концентрациясы деп ерітіндінің масса не көлем бірлігінде, не еріткіштің масса бірлігінде еріген зат массасымен не зат мөлшерімен анықталатын шаманы айтады.
Ерітіндінің көптеген қасиеттері (Рауль заңдарымен анықталатын ерітінді үстіндегі еріткіш буының парциалды қысымының төмендеуі, ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылап, қату температурасының төмендеуі) оның концентрациясына байланысты.
Ерітінді концентрациясын белгілеудің екі тәсілі бар: біріншісі – массалық (ω,χ,Сm(x)), екіншісі – көлемдік (С(х), С(fэ(х)), Т(х)) ал екеуін біріктіретін шама ерітінді тығыздығы (ρ).
а) Еріген заттың массалық үлесі (ω) – еріген заттың массасын ерітінді массасына қатынасымен анықталатын өлшемсіз физикалық шама.
(7.3)
Массалық үлесті 0 мен 1 аралығындағы сандармен белгілейді, оны пайызбен де беруге болады, ол үшін массалық үлесті 100%-ға көбейтеді:
(7.4)
Мысалы, судағы күкірт қышқылының массалық үлесі 0,2 не 20% дегеніміз – ерітіндінің 100 грамына 20 г H2SO4 және 80 г су болғаны.
ә) Заттың ерітіндідегі молярлық үлесі (χ) – компонент мөлшерінің жалпы ерітіндідегі зат мөлшеріне қатынасымен анықталады:
(7.5)
б) Моляльдылық (Сm(х)) – еріткіштің 1 кг-да еріген зат мөлшерімен анықталады:
(7.6)
а) Молярлы концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы арқылы беріледі:
(7.7)
ә) Еріген зат эквивалентінің молярлы концентрациясы – заттың эквивалент мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы арқылы өрнектеледі:
(7.8)
б) Ерітінді титрі деп ерітіндінің бір миллилитріндегі еріген зат массасын көрсететін шаманы айтады:
(7.9)
в) Ерітінді тығыздығы деп ерітіндінің көлем бірлігінің массасын айтады:
(7.10)
Абсолютті қатенің өлшенетін ақиқат мәнге қатынасын анализдің салыстырмалы қатесі дейді.
Әдетте салыстырмалы қатені пайызбен, кейде бірлік үлесімен де көрсетеді:
Анализденетін компоненттің сынамадағы ақиқат мәні анализ нәтижесінде қатенің болуына байланысты белгісіз болып қалады. Тәжірибеде есептеу барысында ақиқат мэннің орнына шын мәнінде болатын мәнді қолданады, ол бірнеше параллельді анықтаулардың орташа арифметикалық мәніне тең болады.
Өлшеу қатесі көптеген факторларга байланысты болады: қолданылатын құрылғьшардың қандай дәлдік класына жататындыгына, өлшеу әдіетемесіне, байқаушының индивидуальды (жеке) қабілеті мен ерекшеліктеріне және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |