Медешова айгүл бақТЫҒалиқызы бастауыш сынып


Танымдық әрекетті қалыптастырудың білімді  меңгеру табиғатымен



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата15.03.2017
өлшемі5,23 Mb.
#9317
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Танымдық әрекетті қалыптастырудың білімді  меңгеру табиғатымен 
үндесуі
Білім  -  танымдық  әрекеттің  нәтижесі.  Оқушылардың  танымдық 
әрекеті  білім  алу  қажеттілігімен  үштасады.  Таным  жаңа  білім  алуға 
бағытталған әрекет.
С.П.Баранов,  А.М.  Матюшкин  танымдық  әрекетті  субъектінің 
мақсатты  бағытталған  қызметімен  байланыстыра  отырып,  оның  нәтижесі 
оның  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынасы  болып  табылатынын 
жазады.  Т.И.Шамова  танымдық  әрекетті  оқу-танымдық  мақсатқа  жету 
үшін  қысқа  уақыт  аралығында  тиімді  тәсілмен  білімді  игеруге  тырысу, 
әрекеттің мазмұны мен үрдісіне позитивті қатынас деп қарастырады.
Л.Е.Шубина  танымдық  әрекетті  “мақсаттық  бағытталған,  жүйелі 
үйымдастырылған,  сырттан  басқарылатын  немесе  оқушының  қоршаған 
ортамен  өзіндік  өзара  әсерін  білдіретін,  нәтижесі  оны  шығару  деңгейінде 
білу  немесе  дүние  туралы  білім  жүйесінің  шығармашылығы,  танымдық 
іскерлік  пен  дағдылар,  шындыққа  эмоционалды-құнды  және  танымдық 
қатынасты  қалыптастыру болатын біртүтас  оқыту үрдісінің элементі”,- деп 
анықтайды.
Танымдық  эрекеттің  мақсаты  үнемі  мотивтен  бастау  алады.  Мотив 
мақсатқа  жету  жолдарын  айқындайды.  Мазмүнына  қарай  мотив  оқу 
танымдЫқ  (оқу  материалын  оқып  үйрену),  кеңейтілген  әлеуметтік  (өзіндік 
анықтау,  өзіндік  жетілу,  жағымсыз  жайлардан  қашқақтау,  өз  борышын 
сезіну),  оқушыларды  эрекетпен  таныстыру,  қалыптастырушы  әрекетті 
орындау деп бөлінеді.
16

Бастауыш  сыныптағы  баланың  танымдық  әрекеті  қалыпгасуы  үшін 
білімнің өмірде білім керек екенін түсінуі жэне сол білімге қызығуы қажет.
Танымдық 
қызығуды 
қалыптастыру 
мен 
дамыту 
мәселесі 
Г.И.Щукина, 
Н.Д.Хмель, 
Е.С.Заир-бек, 
Л.И.Божович, 
Б.Т.Набиева, 
Б.Тәжіғұлова, т.б.  зерттеулерінде ашылған.
“Танымдық қызығушылық деген  оқушының танымдык қабілетін,  ой- 
өрісін,  іс-эрекетін  белсендендіретін  ...  танудағы  талғамдық бағыттылығы”. 
Ол  адам  өміріндегі  алатын  орнына  қарай  бірнеше  функцияны  атқарады, 
соған  орай  мазмүны  мен  бағыты  жөнінен  дүниетанымдық,  қозғаушы, 
таңдаушы, реттеуші, жасампаздық деп топтастырылады.
Б.М.Тәжіғүлова  танымдық  қызығушылықты  оқыту  құралы,  оқу 
әрекетінің  түрткісі  жэне  жеке  тұлғаның  тұрақты  қасиеті  ретінде 
қарастырады. Танымдық қызығушылықты туғызу көзі
•  оқу материалының мазмұны,
•  оқушылардың оқу әрекетін үйымдастыру,
•  оқу үжымындағы қатынас деп көрсеткен.
Г. И. Шукина  танымдық қызығуды үш топқа бөледі:
1) қызығудың анық емес түрі,
2) кең тарапты қызығу,
3) негізгі, тұрақты кызығу.
Адам  бойындағы  қажеттілік,  түрткі,  ииет,  тілек,  ынта,  ықылас,  т.б. 
қасиеттер  танымдық  қызығуды  құрайды.  Танымдық  қызыгу  адамды 
білімге,  іскерлікке,  іс-эрекеттілікке, т.б.  итермелейді.  Танымдық қызығуды 
тудыратын,  оның  білуге  құштарлығын,  ынтасын  арттыратын  себептің  бірі 
оқытудың  жоғары  сапалы  альтернативті  формаларын  жасауға  мүмкіндік 
беретін  жаңа  ақпараттық  және  техникалык  қүралдардың,  әсіресе, 
компьютердің пайда болуымен байланысты.
Г.Қ.Нұрғалиеваның  еңбегінде  адамның  объективті  қажеттілігі  мен 
қызығушылығын  бейнелейтін  іс-эрекетке  бағытталған  ішкі  дүниенің 
ізденісі танымдық эрекетке түрткі болады.
Танымдық қызығушылық көзі ретінде электрондық оқу қүралындағы 
оқу материалын алу қажет,  өйгкені электрондық нұсқадағы  оқу материалы 
жаттанды 
іс-әрекетінен 
бөлек, 
эрі 
оқушыны 
қызықтыратындай 
эффектілермен беріледі.
Танымдық қызығуды  кажеттілік туғызады. Қажеттілік -  бүл көптеген 
факторлардың  ішіндегі  ең  бастысы,  оның  әсерінен  адамның  кез-келген  іс- 
эрекеті  жүреді.  Негізгі  адамдық  қажеттілік  болып  танымдық  қажеттілік 
саналады.  Оқушылардың  қажеттілігіне  сай  келетін  оку  материалы 
танымдық  эрекетке  түрткі  болады.  Сондықтан  оқу  үрдісінде  оқушылар  не 
үшін  және  бағдарламаның  осы  берілген  бөлімін  оқуы  тиіс  екендігін  және

оқу  мақсаты  мен  онда  орындалатын  жұмыстың  соңғы  нәтижесін  нақты 
туоініп білуге тиіс.
Сонымен,  танымдық  эрекет  баланың  қызығуынан  бастама  алып, 
оның 
жоспарлау, 
орындау, 
есте 
сақтау 
әрекеттері 
арқылы 
ұйымдастырылғанымен,  ол  нақты  нэтижеге  жетпейді,  өйткені  нақ  осы 
тұста  кері  байланыс  пен  түзетулер  енгізу  қажеттігі  шығады.  Мұны  қазіргі 
заманғы техниканың көмегімен  автоматты түрде  жүргізу мүмкін, бірақ бұл 
жерде  іске  асырылатын  танымдық  әрекетті  оқу  үрдісімен 
тікелей 
байланыстыра қараймыз.
Танымдық  эрекетті  Н.Ф.Талызина  теориялық  жэне  практикалық  деп 
екіге  бөліп  қарайды.  Практикалық  әрекет  теориялық  эрекет  нәтижелерін 
алдын-ала  көріп,  жалғастыруды  болжау  үшін  керек.  Мысалы,  шахматист 
бірнеше  нүсқаны  ойша  тексеріп,  содан  соң  жүріс  жасайды.  Адам 
теориялық әрекетсіз  практикада  қарапайым  әрекетті  де  орындай  алмас  еді. 
Оның  пікірінше,  адам  өз  өмірінде  мыңдаған  ішкі  жэне  практикалық, 
сыртқы және ой әркеттерін орындайды, олардың барлығын жинайды. Адам 
не  практик,  не  теоретик,  не  ойшыл  болып  тумайды.  Мұның  барлығын  о л 
үлкендерден үйренеді.
Теориялық эрекетті қалыптастыру мақсатты  бағытталган,  эрі жемісті 
болуы үшін білімді меңгеру табиғатын білу қажет.
Бүл  мәселені  шешу  жолдарын  іздеумен  отандық  және  шетелдік 
педагогтар  мен  психологтар,  әдіскерлер: 
Н.Ф.Талызина,  П.Я.Гальперин,
Н.И.Менчинская, 
И.П.Подласый, 
Д.Н.Богоявленский, 
В.М.Кларин, 
Қ.Жарықбаев, 
Л.С.Выготский, 
В.В.Краевский, 
В.П.Беспалько, 
Т.Дарханова, Е.К.Артищева, А.Потапов, Т.Сабыров, т.б. айналысуда.
И.С.Бусыгина  ғылыми 
жұмысында  меңгеруді 
психологиялық- 
педагогикалық  категория 
ретінде  қарастырып,  оның  үш  аспектісін: 
біріншіден,  өзара  байланысты  элементтердің  жүйесі,  екіншіден,  оқыту 
үрдісінен  алынған  нэтиже,  үшіншіден,  қандай  да  бір  нәтижеге  жетелейтін 
үрдіс деп көрсеткен.
Сонымен,  бүдан  меңгеруді  жүйе,  үрдіс  жэне  нэтиже  деп  қарауға 
болатыны шығады.
Білімді  меңгеру  объектісі  білімнің  өзі,  іс  әрекет  тэсілдері, 
эмоционалдық  қатынастар  тәжірибесі,  шығармашылық  жұмыстар  жүйесі 
бола алады (И.Я.Лернер).
«Меңгеру»  дегенде  алдыңғы  буын  ұрпақтарының  тәжірибелерін 
саналы  түрде  игеру  мен  оқу  әрекеті  барысында  туатын  күрделі  танымдық 
үрдісті түсінеміз.
Меңгеру  -  индевидтің  заттарды  тарихи  өңдеудің  қалыптасқан 
тәсілдерінің,  оған  қатынас  типтерінің  және  бұл  қоғамдық  жасалған 
эталондардың  даралық  «субъективтілік»  формасына  айналдыру  үрдісі.
18

Бұдан  оқыту  -   меңгеру  -   даму  өте  тығыз  байланыстағы  үрдістер  екені 
көрінеді (В.В.Давыдов бойынша).
Білімді  меңгеру  мәселесі  педагогикалық  үрдіс  қанша  өмір  сүрсе, 
сонша мәнін жоймайды.
«Меңгеру»  категориясының  процессуалдық  жағы  ойлау  әрекетінің 
кезеңдеп 
қалыптасу 
теориясымен 
(П.Я.Гальперин, 
Н.Ф.Талызина) 
талданады.
Меңгеру  тэсілінің  алуан  түрлі  екенін  зрттеулер  мен  эдебиеттер 
көрсетіп  отыр.  Кейбір  авторлар  теориялық  жэне  эмпирикалық  деп  екіге 
бөледі.  “Меңгерудің  теориялық  тәсілінің  белгілері  жалпы  тануды,  нақты 
заңдылықтарға  сәйкес  тануды,  жалпыдан  жалқыға  көшуді  қамтамасыз 
етеді.  Меңгерудің  бүл  тэсілі  жекелеген,  бірен-саран  деректер  мен 
құбылыстарды  қамтитын  жэне  жалқыдан  жалпыға  біртіндеп  ауысатын 
эмпирикалыққа  қарама-қарсы  тұрады,”-  деп  жазады  И.А.Якиманская.  Бұл 
пікірден  меңгеру  негізіне  танымдық  әрекеттен  тәуелді  өнімдік  жэне 
репродуктивті тәсілдері жататыны шығады.
Меңгеру  үрдісі  үш  қүраушыдан  -  оқу  материалы  (білім),  бүл 
материалдың 
реципиентінен 
(оқушы), 
материалды 
бағыттаушы, 
сілтеушіден  (мүғадім)  тұрады.  Меңгеруді  жақсарту  үшін  оқушының  оқу 
әрекетін  дүрыс  ұйымдастыру,  оқыту  жүйесін  қайга  құру,  оқу  материалын 
оқушыға жеңіл  меңгеретіндей  етіп  түрлендіру  қажет.  Бүлай  бөліп  көрсету 
М.И.Махмудовтың логикасына сүйенеді.
«Меңгеру»  категориясының  нәтижелік  жағы  ретінде  В.М.Кларин 
сөзімен 
айтқанда  меңгеру 
қадамдары  В.П.Беспалько  теориясының 
негізінде 
тану, 
қабылдау, 
білімді 
дәстүрлі 
жэне 
шығармашылык 
жағдаяттарда қолдану деп сипатталады.
Оку  материалын  меңгеру  -   таным  нысаны,  түсіну,  есте  сақтау, 
тәжірибеде  пайдалану  мүмкіндігі.  Меңгеру  үрдісі  адамның  туғаннан  бүкіл 
өмір 
бойғы 
психикасы 
дамуының 
негізі 
болып 
табылады. 
Бүл 
оқушылардың  бір-бірімен  қарым-қатынасы  мен  ойын, 
оқу, 
еңбек 
әрекеттері  барысында  жүзеге  асып  отырады.  Ілім-білімді  түрақты  меңгеру 
үшін, қай кезде болса да, баланың өзіндік әрекеті қажет.
Меңгеру  үрдісі  көптеген  кезеңдерден  түрады,  оның  эрбіреуі 
алдыңғыдан  ерекшеленеді.  Қандай  да  білімді  меңгеру  оқушы  барлық 
меңгеру үрдісінің кезеңдерін тізбектей  өткенде  ғана  сапалы  болады.  Әрбір 
кезеңде  оқушы  қызметін  үйымдастырмас  бүрын  мүғалім  оқушының 
жоспарланған  білім-дағдыны  қабылдауын  қамтамасыз  етерліктей  себеп 
туралы  ойлануы  тиіс.  Әр  мұғалім  оқушының  оқығысы  келмесе,  ол 
материалды оқыту мүмкін еместігін біледі.
Бүл  үрдіс  Т.С.Сабыровтың  көрсетуігше  қабылдау,  үғу,  бекіту, 
қолдану сиякты өзара байланысты элементтерден түрады.
19

Білімді  меңгеру  үрдісінің  бірінші  кезеңі  -  қабылдау.  Бір  қарағанда, 
сабақта  тек  мұғалім  ғана  эрекет  етеді  де,  ол  мектеп  оқушылары  тыңдап, 
қарап,  бақылап  қана  отыратын  сияқты.  Алайда,  істің  жайы  бұлай  емес. 
Білімді  игерудің  осы  кезеңінің  өзінде-ақ  оқушының  да  эрекеті  болғаны 
маңызды. Бірақ бұл эрекет өзінен-өзі тумайды.  Оны мұғалім тудыруға тиіс.
Қабылдау  сезім  мүшелерінің  рецепторлық  беттеріне  физикалық 
тітіркендіргіштердің  тікелей  әсері  кезінде  пайда  болатын  заттардың, 
жағдаяттар  мен  оқиғалардың  түтас  бейнесі.  Танымның  қажетті  сатысы 
ретінде  мотивациямен  бағытталып,  ойлаумен,  еспен,  зейінмен  азды-көпті 
байланысты  болады  жэне  белгілі  бір  эффектілік-эмоциялық реңкі  болады. 
Шындық болмысқа барабар  қабылдау мен  иллюзияны  ажырата білу  керек. 
Қабылдаудың  дамыған  үрдістері  субъектінің  алдына  қойған  мақсатымен 
қадағаланады.  Бұл  үрдістердің  интенционалды,  бағыттылық  сипаты 
оларды  перцептивті  эрекеттер  сапасында  қарастыруға  мүмкіндік  береді. 
Қабылдау  лездік  әсерді  енжар  көшіру  ғана  емес,  ол  танымның  ширақ, 
шығармашылық 
үрдісі. 
Қазіргі 
уақытта 
қабылдау 
психологияда, 
физиологияда,  кибернетикада  жэне  басқа  ғылым  салаларында  зерттеледі. 
Қабылдаудың  функциясы,  дамуы  мен  құрьщымы  туралы  мэліметтер 
ақпаратты  бейнелеу  жүйелерін  жасаған  кезде,  техникалық  эстетикада, 
көркемдік 
конструкциялауда, 
педагогикада, 
спортта 
және 
т.б. 
қолданылады.
Оқушылардың  білімді  меңгеруі  жаңа оқу  материалын  кабылдауынан 
басталады.  Мұғалім өз  сөзін  (баяндауын)  балалардың қабылдау  эрекетімен 
ұштастыруға 
міндетті. 
Оқушылардың 
бүрынғы 
алған 
білімі 
мен 
тәжірибесіне сүйене отырып, мұгалім оларды жаңа материалдың мазмұнын 
қабылдауға  дайындайды.  Ол  үшін  қабылдаудың  міндеті  мен  мақсатын 
нақтылап,  оқушылардың  бақылау  әрекетін  ұйымдастырады:  көріп  түрған 
нэрселер мен қүбылыстардың белгілерін анықтап, оларды өзара салыстыру 
арқылы  негізгі  белгілері  мен  қасиеттерін  айыруға,  топтастыру  жэне 
түжырымдар жасау сияқты амалдарды қолдануларына басшылық етеді.
“Қабылдау  -  адамға  айналадағы  заттардың,  құбылыстар  мен 
дүниенің  сезім  мүшелеріне ықпал  ету  арқылы  сәулеленуі.  ...бала анасынан 
қабылдау  қабілетімен  тумайды,  баланың  денесі  мен  оның  жеке  мүшелері 
өмірлік  тэжірибе  мен  дүрыс  тәрбие  нэтижесінде  жетіледі.  Сонымен  бірге 
белгілі  бір  оқиға,  зат  туралы  айтудан  пайда  болған  қабылдаудан  гөрі 
көрген  зат  туралы  қабылдау  әлдеқайда  тиімді  болады.  Сондықтан  сабақта 
көрнекілік  қолдану,  оның  ішінде  түрлі-түсті  бояулы  сурет,  диафильмді 
қолдану,  эсіресе  бастауыш  сыныпта  тиімді.  ...  баланың  қабылдауға  деген 
қүлшынысын  жетілдіре  түсу,  оның  сезімін  айналадағы  дүние  мен 
қүбылысты  дүрыс  сезінуге  бағыттау  мүғалім  үлесіне  тиеді.  Сайып 
келгенде баланың қабылдауын мүғалім басқарып отырады.” Қазір баланың
20

сезім  мүшелері  арқылы  ақпаратты  қабылдауына  ықпал  етуші  рөлін 
компьютердің барлық мүмкінліктері атқара алады.
Ғ алымдардың 
диссертациялары 
бойынша 
оқу 
үрдісінде 
компьютерлік  техниканың  бар  мүмкіндігінің  (мультимедиалық)  қамтылуы 
баланың  қызығудан  пәннің  теориялық  материалдарын,  ұғымдарын  жеңіл 
үғынып, қабылдауына эсер етеді.
¥ ғу   —   адамның  білімді,  іскерлік,  дағдыны  меңгеру  арқылы  дүниені 
тануы.  Ол  оқушылардан  белгілі  ойлау  операцияларын  қолдануды  талап 
етеді.  Ойлау  —   анализ,  синтез,  абстракциялау,  жалпылау  сияқты 
операциялардан түрады.
Қабылдаған материалды үғуы үшін бастауыш сынып оқушыларының 
дамуына 
ең 
алдымен, 
оқыту 
мазмұнының 
ерекшеліктері 
(оқу 
материалының  нактылық 
жэне 
теориялық  сипаты, 
жеңілдігі 
мен 
күрделілігі  т.б.)  эсер  етеді.  Оқыту  баланың  дамуын  ілгері  қарай 
жетектеуге,  әсіресе,  оның  өздігінен  ойлау  эрекетінің  жоғары  сатыда 
болуын қамтамасыз етуге тиіс.
Ойлау 
жөнінде 
педагогикалық-психологиялық 
әдебиеттерде 
баланың 
танымдық 
әрекетінің 
ең 
жоғарғы 
формасы 
ретінде 
қарастырылады.  Ойлау  -  күрделі  психикалық  үрдіс.  Ойлау  арқылы 
оқушылар  көзге  көрінбейтін  заттар  мен  құбылыстардың  арасындағы 
күрделі  себептік  байланыстарды,  заңдылықтарды ұғады.  Ойлау  сөйлеумен 
тығыз  байланысты.  Ойлау  нақты  сүрақтар  қоюдан,  оларға  жауап  іздеуден 
басталады.  Ойлау  белгілі  міндеттерді:  теориялық  немесе  практикалық 
мәселелерді  шешуге  бағытталады.  Баланың  ойлау  әрекеті  өзінен-өзі 
қалыптаспайды.  Олардың  ойлауын  ойдағыдай  дамыту  үшін,  тиімді 
тэсілдер колданып,  арнайы жүмыстар жүргізу  қажет.
”Бала 
ойлайды... 
Мұның 
өзі 
оның 
ми 
сыңары 
қабығы 
нейрондарының  белгілі  бір  тобы  қоршаған  дүниенің  образдарын, 
картиналарды,  заттарды,  қүбылыстарды,  сөздерді  қабылдайды,  сөйтіп,  өте 
нәзік нерв клеткалары  арқылы  -  байланыс  каналдары  арқылы  өткендегідей 
сигналдар  өтеді  деген  сөз.  Нейрондар  осы  ақпаратты  “өңдейді,”  оны 
жүйеге  салады,  топтастырады,  жалғастырып,  салыстырады.  Ал  осы  кезде 
жаңа  ақпарат  келіп  түседі,  оны  қайтадан  үсті-үстіне  қабылдап  әрі  “өңдеп” 
үлгеру  үшін  нейрондардың  нерв  энергиясы  өте  қысқа  уақыт  ішінде  дереу 
образдарды 
қабылдаулардан 
оларды 
“өңдеуге” 
көшеді. 
Міне, 
нейрондардың  нерв  энергиясының  осы  ғажайып  тез  көшуі  біз  ой  деп 
айтатын  қүбылыс  болып  табылады,-  бала  ойланады...”  Бүл  қағидадан  бала 
ойының  нэзік  қылын  шертуге,  олардың  көзбен  көріп,  құлақпен  естіп, 
қолмен үстап,  бақылап  байқай  алатын  бейнелер  болған  жағдайда  ғана эсер 
ете алатындығы көрініп түр.
Ойлау  үрдісі  өзіне  тэн  логикалық  амалдардан:  анализ,  синтез,
21

салыстыру,  топтастыру,  жалпылау,  тұжырымдар  жасау,  т.б.  тұрады. 
Ойлаудың  көрнекі-амалдық,  көрнекілік,  практикалық,  абстракциялық, 
диалектикалық, т.б. түрлері көп.
Оқушылар  мүғалімнің  басшылығымен  заттар  мен  құбылыстарды 
талдау,  бір-бірімен  салыстыру,  абстракциялау,  нақтылау  сияқты  ойлау 
операцияларын қолдану арқылы жаңа білімді ұғынып, түсінеді.  Анализ бен 
синтез  жэне  салыстыру  абстракциялау  операциясымен  тығыз  байланысты. 
Абстракциялау  деп  әр  нақты  затка  тэн  қасиетті,  оның  өзінен  бөліп  алып, 
кейін  осыларды  біріктіріп,  заттардың  негізгі  қасиеттерін,  оның  екінші 
дәрежелі 
касиеттерінен 
бөліп 
алып, 
жалпылап 
қарауды 
айтады. 
Абстракциялау  операциясына  қарама-қарсы  операцияны  нақтылау  дейді. 
Оқу  материалын  баяндауда  қолданылатын  негізінен  логикалық  екі  жол 
бар;  индукциялық  (жеке  деректерден  жалпыға  қарай  қорытындылар 
жасауға 
көшу 
жолы) 
жэне 
дедукциялық(жалпы 
ережелерден, 
үстанымдардан  жеке  деректерге  көшу  жолы).  Соңғы  кездерде  ғалым- 
психологтардың 
(В.В.Давыдов, 
Д.Б.Эльконин, 
А.В.Занков 
т.б.) 
ұсыныстары  бойынша,  бастауыш  мектептің  бастауыш  сыныптарынан 
бастап білім берудің дедукциялық жолы қолданылуда.  Кейбір  психологтар 
(П.Я.Гальперин,  Н.Ф.Талызина  т.б.)  оқыту  үрдісінде  оқушылардың  ой 
әрекетін  басқару  туралы  жаңа  пікір  айтып  жүр.  Олар  ойды  тек  бейне  деп 
қарамай,  сонымен  қатар  оны  әрекет  деп  те  қарайды.  Бүл  теория  бойынша, 
адамның  ішкі  ой-әрекеті  оның  практикалық  әрекеті  арқылы  қалыптасады, 
басқаша  айтқанда,  ой  адамның  сыртқы  қимыл  қозғалысының  нәтижесі. 
Сондықтан  оқытқанда  білімнің  мазмүнын  оқушыларға  ұғындыру  үшін, 
оларға  білім  алу жолын үйрету  керек дейді.  Сонымен  қатар,  бүл  ғалымдар 
оқушылар  жалпы  логикалық  жэне  эрбір  оқу  пэніне  тэн  ой-әрекеттің 
арнаулы амалдарын қолдана білуге үйренуі керек екенін де айтады.
Казіргі  кезде бастауыш мектептерде оқушыларда теориялық ойлауды 
қалыптастыруға  ерекше  көңіл  аударып  жүр.  Теориялық  ойлау  -  ойлаудың 
ең  маңызды  және  тиімді  түрі.  Ғылыми  білімдерді  меңгеру  теориялық 
ойлауды  керек  етеді.  Ғылымның  соңғы  жаңа  табыстары  мен  күрделі 
үғымдарын  түсіну,  ең  алдымен,  ойлаудың  ос:ы  түріне  байланысты. 
Теориялық  ойлау  тек  ересек  адамдарға  ғана  тэн,  бастауыш  сынып 
оқушыларының  теориялық  ойлауға  шамасы  келмейді,  олар  практикалық 
ойлауға ғана бейім деген пікірлер дүрыс емес.
Қазіргі  заманғы  балалардың  психикалық  дамуы,  ақыл-ой  қабілеті 
ерте  жетілетіндігін  үмытпау  керек.  Балалардың  ойлау  кабілетінің 
қалыптасуы  олардың  жасына  ғана  емес,  басқа  да  шарттарға  байланысты 
болады.  Соның ішінде олардың шұғылданатын іс-әрекеті мен түрлі қарым- 
қатынас  жасауы  ерекше  рөл  атқарады.  Мектеп  жасындағы  балалардың 
ойлауы,  ең  алдымен,  оқытудың  мазмүны  мен  әдістемесіне  байланысты
22

қалыптасады.  Бүған  қазіргі  бастауыш  сыныптарда  берілетін  жаңа,  күрделі 
білім  мазмүны  оқушыларда  теориялық  ойлаудың  негізін  қалыптастырып 
отырғаны дәлел.
Н.С.Лейтестің 
айтуынша, 
бастауыш 
мектеп 
оқушыларында 
ойдаудың  күрделі  қасиеттері  қалыптасады  жэне  даму  деңгейлері  басқа 
физиологиялық  өсу  кезеңдерімен  салыстырғанда 
жылдам  дамиды. 
Балалардың  ойлау  қабілетін  дамытуда  салыстыру  амалының  маңызы  өте 
зор.  «Салыстыру  -  түсінудің,  ойлаудың  негізі.  Дүниеде  барлық  болып 
жатқан кұбылыстарды, заттарды салыстыру арқылы ғана білеміз,  егер бізге 
еш нәрсемен салыстыруға болмайтын,  еш нәрседен айыруға болмайтын бір 
жаңа (егер мүндай зат болуы мүмкін болса) зат кездессе, біз  бұл зат туралы 
бірде-бір  пікір  бір  ауыз  сөз  де  айта  алмаған  болар  едік».  Сондықтан 
оқушыларға салыстыру амалын дүрыс қолдануды үйрету керек.
ПЯ.Гальперин 
ойлау 
операцияларын 
кезеңдеп 
қалыптастыру 
теориясын үсынады.  Ол  1)  субъектінің алға қойылған  әрекеттің мақсат пен 
міндеттерге 
жэне 
меңгерілуі 
тиіс 
оқу 
материалының 
мазмүнына 
қатынасымен 
анықталатын 
әрекеттің 
мотивациялық 
негіздерін 
қалыптастыру;  2)  әрекеттің  бағдарланған  негізхдері  сызбасын  жасау; 
3)материалдық 
формадағы 
эрекетті 
қалыптастыру; 
4) 
әрекеттің 
бағдарланған сызбасына сәйкес мазмұнын түсіндіру,  баяндау;  5) өзі туралы 
сыртқы  әңгімеден  арылу;  6)  әрекеттің  пәндік  мазмұны,  яғни  соңғы 
нәтижеге жету аркылы  ойлау  операцияларын  жүйелі  қалыптастыру  мүмкін 
деп есептейді, бүл қағида элі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Оқушылардың  ойлау  әрекетіне  тән  дара  айырмашылықтардың  бірі  - 
ойлаудың  нақты  образдық  және-сөздік-логикалық  (теориялық)  түрлерінің 
біркелкі  болмай,  көбінесе  біреуінің  басым  болуы.  Осыған  орай,  олардың 
кейбіреулері  теориялық  мазмүнды  есептен  гөрі,  мазмұны  нақты  есептерді 
жылдам жэне дүрыс шығарады, ал екіншілері,  керісінше,  мазмүны күрделі, 
теориялық  сипаттағы  есептерді  ойдағыдай  шығарады,  үшіншілерінің 
есептің қандай да болмасын барлық түрін шығаруға қабілеті бірдей жетеді.
Бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
ойлау 
әрекеті 
амалдарын 
ойдағыдай  дамытып,  жоғары  сатыға  көтеру  мектептің  ғана  міндеті  емес, 
оған жанұяның тигізетін әсері мол.
Психологиялық  сөздікте  оқушылардың  ойлау  эрекетінің  даму 
дәрежесін анықтаудың мынадай белгілері көрсетілген:
1) ойлаудың дербестігі;
2) оку материалын жылдам және берік үғыну;
3) оқу материалына сын көзбен қарап, терең үғыну;
4)  ойлау  үрдісінің  икемділігі  (жаңа  жағдайларға  байланысты  өзгеріп 
отыруы);
5)  ойлаудың  көрнекі-образдық жэне  теориялық түрлерінің  өзара үйлесімді
23

болып дамуы;
6) 
бір 
пәннің 
материалдарына 
байланысты 
қалыптасқан 
ойлау 
амалдарының басқа пәндерді окуда да пайдалануға ауысуы.
Танымдық  әрекетті  қалыптастыруда  ойлаудың маңызды  екенін  түсіне 
отырып,  оның  оқушылардың  тұлғалық  ерекшеліктеріне  қарай  эр  түрлі 
жүретінін  ескерген  жөн.  Әр  сабақтың  басты  мақсатының  бірі  -  оқушының 
өз  бетімен  ойлау  қабілетін  қалыптастыру.  Ол  үйренуден  өз  бетімен  оқуға 
бірте-бірте көшу арқылы жүзеге асады.
Олай  болса,  ойлаудың  өзі  әрбір  оқушының  өзіндік  жұмысымен 
тығыз  байланысты  және 
оқушылардың  өзіндік  жұмысына  мынадай 
ерекшеліктер:
•  оқушының  алдын-ала  өз  әрекетінің  жалпы  жэне  нақты  мақсаты
мен міндеттерін анықтау,
•  жоспарға сәйкес амал-тэсілдерді қолдана білу,
•  өз әрекетінің барысын бақылап отыру тән.
Егер  оқушы  өздігінен  жүмыс  істеуге  үйренбесе,  оның  оқуы  жемісті 
болмайды. Оқушының оқуға ынтасы төмендейді.
Р.Лембергтің  пікірінше,  өзіндік  жүмысты  ұйымдастыру  мына 
шарттарға байланысты:
•  оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі,
•  жұмыстың  жемісті  аяқталуына,  оның  алдағы  нәтижесіне 
қызығуы,
•  жұмысты оқушылардың өз ерік қалауымен орындауы.
П.И.Пидкасистый  өзіндік  жүмыстың  басты  белгісі  -  оқушы
эрекетінің  мақсатына  бұл  қызметті  басқару  функциясының  берілуінде  деп 
түсіндіреді.  Өзіндік  жүмыс  әрбір  әрекеттің  пәндік  мазмүнын  түсінуімен 
байланысты қалыптасады.
Оқушылардың 
танымдық 
әрекетіне 
бағытталған 
оқытудың 
түсіндірмелі-иллюстративті,  репродуктивті,  проблемалық  баяндау,  ішінара 
іздену, 
зерттеу 
эдістері  маңызды 
орын 
алуы 
керек. 
Сондай-ақ, 
оқушылардың  жеке  жэне  жас  ерекшеліктеріне,  дайындықтарына  сәйкес 
іздемпаздық жэне шығармашылық эдістерін қолдануды ұсынады.
Ойлау  арқылы  баланың  шығармашылық  жүмысы  басталады. 
Шығармашылық 
қабілетін 
күшейту 
баланың 
жеке 
тұлға 
ретінде 
қалыптасуына  жол  салып,  өзіндік  ерекшелігін  бағалай  білуге  мүмкіндік 
береді, 
сонымен 
компьютер 
оқушының 
икемділігін, 
іскерлігін 
қалыптастыратын итермелеуші қүрал ретінде қолданылады.
Г.И.Шукинаның  ойынша  шығармашылық  эрекет  -  танымдық 
әрекеттің 
жоғарғы 
деңгейі. 
П.В. Алексеев 
пен 
А.В.Панин 
шығармашылықты  жаңа  материалдық  және  рухани  құндылықтарды 
беретін 
адами 
эрекет 
ретінде 
анықтайды. 
Бұл 
анықтама
24

шығармашылықтың  білім,  ғыым,  дін  сияқты  әлеуметтік  сфералардағы 
орнын біріктіреді. П.И.Пидкасистый оқушының проблеманы дайын үлгінің 
көмегінсіз,  өз  бетімен 
шешу  жолын  іздеп,  білімді  өз  бетімен  меңгеру 
әрекетіне  шығармашылық деп  анықтама  береді.  Бұл  жерде  оқушылардың 
ғылымға қосар үлесі туралы емес, жаңаның барлығы  оқушы үшін  жаңалық 
болатыны туралы айтылып отыр.
A.Н Лук шығармашылық қабілеттерді:
1) қызығушылықтар мен икемділік;
2) көңіл -күй;
3) ақыл -о й  қабілеттері деп бөліп қарастырады.
Я.А.Пономарев  кез  келген  шығармашылық  бағыттағы  іс-әрекеттің 
негізі  ойлау деп,  оның даму  өлшеуіші ретінде  “ойша”  әрекеттену  қабілетін 
алады.
B.В. Давыдов 
оқушы 
практикалық 
әрекетінде 
әр 
түрлі 
тапсырмаларды  салыстыра  алатынын  айта  келе,  өзіндік  бақылау  мен 
бағалаудың  мәнін  аша  түседі.  Оқу  әрекетінде  қажетті  бақылау,  өзін-өзі 
бақылау,  бағалау  қажеттігі  бастауыш  сынып  оқушыларында  ойша 
қүрылған жоспар бойынша әрекеттенуге қолайлы жағдай туғызады.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті  қүралы —  бақылау. 
«Бақылау —  логикалық ойлаудың негізі».  Логикалық ойлауға үйрету үшін, 
ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керек.
Қазіргі  педагогика оқушы  бойында  шығармашылықпен  жүмыс  істей 
білу  сапасын  қалыптастыруға  бағытталған. 
Оқытушы  іс-әрекетінің 
технологиялық деңгейін мына көрсеткіштер анықтауы мүмкін:
-  ұғымдар,  операциялар,  оқушының  іс-әрекеттері  оқытудың  күтілген 
нәтижесі,  осы  мақсатқа  жетудің  диагностикалық  тәсілдерімен 
өлшенетін  нақты  және  диагностикалық  дұрыс  берілген  мақсаттың 
болуы,
-  оқытылдатын  мазмүнның  танымдық  жэне  практикалық  есептер 
(міндеттер) жүйесі, бағдарлық негіздер мен тәсілдер түрінде  берілуі,
-  тақырыпты 
(материалды) 
меңгерудің 
анықталған 
кезеңдері, 
логикасы,  қатаң  тізбекті болуы,
-  оқу  үрдісінде  қатысушылардың  (мүғалім-оқушы,  оқушы-оқушы) 
өзара қарым-қатынасының тәсілдерін әрбір кезеңде көрсету,
-  оқытушының тиімді оқыту құралдарын пайдалануы,
-  оқытушы  мен  оқушы  іс-әрекеттерінің  жеке  түлғалық  функциялары 
негізінде 
іскерлік 
қамтуы 
(еркін 
таңдау, 
креативтілік, 
байланыстылық, өмірлік, кәсіптік мэн),
-  белгілі  ережелерден  ауытқи  алатын,  бірақ  оларға  сүйене  отырып 
берілген  оқытушының  алгоритмдік  жэне  шығармашылық  іс- 
әрекеттері шектерін көрсету
25

Алынған  білімді  бекіту.  Мидың  үлкен  жарты  шары  қыртысында 
пайда болған  уақытша байланыстар оқу материалын қабылдау және  ұғыну 
барысында тиянақталып,  бекіп  қалуы  тиіс.  Бұған  бекітудің  көмегі  арқылы 
қол жетеді.
Бастауыш мектепте  оқу материалын  алғашқы  бекітудің  зор рөлі  бар. 
Бұл  жаңа  материалды  бөліп-бөліп  түсіндіру  барысында,  яғни  жаңа 
материалдың  эрбір  шағын  бөлігінен  кейін  оны  қарапайым  түрде  қайтадан 
айтып  беру немесе  жаңа деректер  келтіріп,  соларға талдау  жасау  жолымен 
жүргізіледі.  Бекіту  оқу  үрдісінің  дербес  бөлігі  ретінде  де  көрінеді. 
Бекітудің басқа бір түрі - оқу материалын жинақтай қайталау.
Бекітуге  жататын  материалды  дүрыс  іріктей  білудің  зор  мэні  бар. 
Бастауыш  мектепте  оку  материалының  көлемі,  әдетте,  үлкен  болмайды, 
сондықтан  оқылған,  өтілген  материалдың  бәрі  бекітілуге  тиіс.  Оқу 
материалы  көлемінің  үлғая  түсуіне  жэне  мектеп  оқушыларының  ойлау 
қабілетінің дамуына қарай алынған білімді бекіту жөніндегі  жүмыс  сипаты 
өзгеріп  отырады.  Аса  маңызды  жинақтаулар  мен  деректерді  бекітуге  баса 
назар  аударылады,  бұл  деректер  сол  жинақтауларды  барынша  нығайта 
түспіек.  Алынған білімдерді практикада,  іс жүзінде қолдана білу тәсілдерін 
бекіту де мұғалімнің айрықша қамқорлық жасайтын ісі болып табылады.
Алынған  білімді  іс  жүзінде  қолдана  білу.  Білімді  бекітудің  дұрыс  та 
сенімді тәсілі —  олардың жаңа жаттығулар үстінде,  практикалық қызметте 
азды-көпті,  жиі  қолдану.  Сондықтан  оқыту  ісінде  түрлі  практикалық 
міндеттерді  қою,  балаларды  білім  қолданумен  байланысты  практикалық 
қызметке  тартып  отыру  сол  білімдерді  тиянақты,  эрі  саналы  түрде 
меңгерудің маңызды қүралы болып табылады.
Сонымен,  ғылыми  білімдерді  тиянақты  түрде  меңгеру  қабылдау 
арқылы  білімдерді  үғу,  оларды  бекіту  жэне  қолдану  арқылы  жүріп 
отырады.  Бүл  сатылардың  әрқайсысы  оқытудың  жалпы  міндеттерін  де, 
сондай-ақ  осы  сатыға  тән  жеке  міндеттерді  де  шешіп  отырады.  Оқу 
үрдісінің  әр  буынында  жалпы  қызмет  пен  өзіндік  ерекшелігі  бар  қызметті 
үштастыра  білу  —   оқыту  ісінің  табысты  болуының  шешуші  шарты.  Бүл 
шартты бұзу, буындардың бірін басқаларына нүсқан келтіретіндей түрғыда 
артық  бағалау  бүкіл  оқу  үрдісінің  бір  қалыпты  жүрісін  бұрмалауға  әкеп 
соқтырады.
Кез  келген  адамның,  оның  ішінде  оқушының  әрекетінде  білімнің 
ғана  емес,  сонымен  бірге  икемділік  пен  дағдылардың  да  зор  маңызы  бар. 
Оқушылардың  ережені  біле  түра,  сауатсыз  жазатынын,  есеп  шығара жэне 
ойлай білмейтінін мүғалімдер жиі атап көрсетеді.
Білім  беру  барысында  үнемі  бар  заттар  мен  қүбылыстарға, 
байқалатын  байланыстар  мен  қатынастарға сүйеніп,  оқушылардың  сенімін 
арттыру  арқылы  ғылыми  ұғым  беріп,  соның  нәтижесінде  барып,  олардың
26

ой  қорытуына  жағдай  жасалады.  М.Жұмабаевтың  “Бала  бір  затпен 
танысатын  болса,  ол  зат  туралы  сөйлеп  қана  қоймай,  алып  келіп,  балаға 
көрсет,  көрсетіп  қана  қоймай,  сол  заттың  суретін  салдыр,  суретпен  ғана 
қанағаттанбай,  балаларға  балшықтан  сол  затты  жасат.  Әсердің  күшті 
болып  іскерлікті  көп  дамытудың  бір  шарты  осы”  деген  пікірі  осы  кезге 
дейін кұнын жоймай келеді.
Бастауыш сыныпта оқушы тек дәстүрлі немесе электрондық тэсілмен 
берілген оқу проблемаларын (тапсырма) түсініп қана қоймай,  оны  орындай 
да  білуге  үмтылады.  Өйткені,  түсінгеннің  барлығын  орындап,  қабылдау 
мүмкін  емес,  кейде  оқушы  шапшаң  үмытып  қалады,  кейде  “автоматты” 
түрде 
түсінгенмен, 
орындай 
алмайды. 
Сондай-ақ, 
бүл 
кезеңде 
көрнекіліктің 
(кесте, 
графика) 
маңызы 
зор. 
Бастауыш 
сынып 
оқушыларының  есте  сақтауында  ақпаратты  визуалды  беруге  аса  мэн 
беріледі.
Бастауыш  сынып  оқушылары  естігенінен  гөрі  көргенін  ұзақ  уақыт 
есте  сақтайды.  Бұл  ғылыми  түрде  дәлелденген.  Бала  айналадағы  дүниені 
барлық  сезім  мүшелері  арқылы  қабылдайды.  Дегенмен  ол  мүшелердің 
өткізу  қабілеттіліктері  эр  түрлі  дэрежеде.  Ақпаратты  алудың  негізгі 
каналдары  -  есту  мен  көру  анализаторлары.  “Құлақ-ми”  жүйесі  1 
секундына  50  бит  ақпаратты  өткізсе,  көру  анализаторының  қабілеттілігі 
100  есе  артық.  Оқушы  қоршаған  орта  туралы  мағлұматтың  90%-ін  көз 
арқылы,  9%-ін  қүлақ  арқылы  1%-ін  тері  арқылы  қабылдайды.  Мұны
В.П.Молочков  “Наглядность  как  принцип  обучения”  атты  мақаласында 
дәлірек  қарастырып,  оқушы  оқығанының  10%-ын,  естігенінің  20%-ын, 
көргенінің  30%-ын,  естіп  көргенінің  50%-ын,  естіп,  көріп  талдағанының 
70%-ын есте сақтайды деген деректерді келтіреді.
Мидың  үлкен  жарты  шары  қыртысында  пайда  болған  уақытша 
байланыстар 
оқу 
материалын 
қабылдау 
және 
түсіну 
барысында 
тиянақталып, бекіп қалуы тиіс.
Есте  сақтауда  ақпаратты  визуалды  берілуі,  түстік  безендірілуі 
маңызды.  Осы  шарттар  электрондық  оқу-әдістемелік  кешен  қүрастыру 
барысында басшылыққа алынады.
Осы  мәселені  зерттеудің  келесі  бағыты  бағалаудың  тэрбиелі 
функцияларын:  бағалаудың  тәрбиелік  мәні  жағынан  психологиялық 
жағдайларын  талдау  (З.И.Васильева),  бағаның  оқушылардың  өзін-өзі 
бағалаудың 
қалыптасуына, 
сабаққа 
деген 
қызығушылықтары 
мен 
қатынастарына  әсерін  (А.И.Липина,  П.А.Рыбак,  А.Г.Қазмағамбетов), 
мүғалімнің  баға  беруіне  байланысты  баланың  өзін-өзі  бағалауының 
қалыптасуын 
(Ж.И.Намазбаева, 
К.А.Серебрякова, 
Г.А.Собиева, 
И.А.Кузьменко),  әртүрлі  жас  кезеңдеріндегі  оқушылардың  бақылаулары 
мен  бағалауларының  даму  динамикасын  (Ц.Г.Бебришвили,  Д.А.Кохиани,
27

Ю .А.Соколовский,  Т.С.Токарская),  бағалау  қабілеттерін  тәрбиелеудің 
теориясы  мен  эдістемесін  (Л.П.Мнацаканян,  И.С.Батракова,  Т.Падалко) 
анықтаумен байланысты
Соңғы  уақытта педагогикалық  ғылымдарда  оқушылардың танымдық 
әрекетін  қалыптастыруға  бағытталған  жүйелі  әдіснамалық  үйлесімдердің 
кешені  пайда  болды.  Мүндай  білімді  меңгеру  үйлесімдері  оқу  үрдісінің 
психологиялық,  дидактикалық,  әдістемелік  құрамын,  мектептік  білім 
мазмүнының  психодидактикалық үйлесімдер  бөлімін  жүзеге  асырады.  Бұл 
туралы  эр  түрлі  дэрежеде  көрнекті  педагогтар  мен  психологтар 
еңбектерінен 
табуға 
болады. 
Солардың 
кейбіреуін 
ақпараттық 
технологияны 
бастауыш 
мектеп 
оқушысының 
танымдық 
әрекетін 
қалыптастырумен сәйкестендіре қарадық.
1.  Білімді меңгерудің дискреттік үйлесімі.
Мүның мэні мынада:  эр сабақ сайын мүғалім оқушылармен бірге оқу 
материалы  қүрамына  талдау  жасайды.  Оқу  материалында  білімнің  басты 
жэне  қосымша  элементтері  ажыратылып  көрсетіледі.  Басты  элементтер 
білімнің  функционалдық  жүйесінің  мазмұнын  құрайды,  қосымшасы 
біріккен 
логикалық 
тұтас 
оларды 
байланыстырады 
да, 
білімге 
айналдырады.  Бұл  сабақта  алғаш  рет  енгізіліп  отырған  эр  элемент  негізгі 
болып саналады. Басқа келесі сабақтарда ол жаңа элементтерді  енгізу үшін 
қатысады  және  байланыстырушыға  айналады.  Элемент  туралы  қосымша 
ақпарат  іздеуге  баланы  талпындыру  жұмысы  жүргізіледі.  Элементтерді 
бөлу үшін мынадай өлшемдер ұсынылады:
а) элемент бірінші рет кездесіп отыр,
э)  элемент берілген  сабақта меңгерілетін  негізгі  ұғымның  қүрамына кіреді 
жэне онсыз материалды түсіну мүмкін емес,
б) элементтің маңызды дүниетанымдық мэні  бар басты бөліктерін белгілей 
отырып,  тізбекті  туындайтын  сабақтардың  әрбіреуінде  материалды  ойлау, 
есте  сақтау  қабілеттерді  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  оқытудың 
автономды жүйесін үйымдастыруға болады.
2.Білім меңгерудің жүйелі-функционалдық үйлесімі.
Бүл  үйлесім  білім  құрылымын  талдау,  оның  элементтерінің 
функцияларын  анықтау,  жалпы  мағынасы  бойынша  жүйелеу,  жүйелік 
оқыту  мен  меңгеру  ережелерін  синтездеу,  оқушылардың  танымдық 
эрекетінің 
қалыптасуына  негізделеді.  Оқушылар  оқу  материалдарын 
біртіндеп  тізбекті  үйрену  үрдісінде  білім  элементтерін  ажыратады  жэне 
олардың  функцияларын  анықтайды.  Бұдан  кейін  оқу  бөлімінде  білім 
элементтеріне  салыстырмалы  талдау  жасауға  үйрету  жолдары  жүзеге 
асады. 
Бүл 
жағдайда 
функцияның 
жалпылығы 
білім 
құрылымы 
жалпылығын  тудырады,  эрбір  элементтің  функциялық  мэніне  аса  назар 
аударылады.
28

3.Білім меңгерудің жүйелі-құрылымдық үйлесімі.
Бұл  үйлесімде  білімнің  оңтайлы  бірлігі  ретінде  оған  енетін  дерек, 
болжам,  объекті,  шама,  заң,  гірактикалық  қолданылуы  бар  ғылыми  теория 
алынады.  Қүрылым  сызбасы  оқушыға  дайын  күйде  берілмейді,  ол 
теорияны  “мұғалім  -  ақпараттық  технология  -  оқушы”  қатынасында 
бірлесе ашу  барысында динамикалық түрде қүрылады.  Материалды талдау 
мен  оны  қүрылымдық  сызба  түрінде  беру  гылыми  білімді  түсінуді 
қамтамасыз етеді. Бүл жағдайда білім меңгерудің жүйелілігі мен жүйеленуі 
қамтамасыз  етіледі,  оқу  материалының  қүрылымы  меңгеріледі.  Бастауыш 
сынып  оқушыларының  материал  бойынша  тест  құру,  сүрақ  дайындау 
дағдылары  қалыптасуына  мән  беріледі.  Оқушының  білімділік  деңгейі 
көтеріледі, ойлау қабілеті дамиды.
4.Білім меңгерудің жүйелі-логикалық үйлесімі.
Бүл  үйлесімде  оқу  материалдары  қысқартылған  жэне  кодталған 
түрде беріледі.  Бүл адамның  оны мағынасына қарамай  есте  сақтайтынына, 
ал  белгі  мазмүны  мен  мағынасы  өзектендіретінімен  түсіндіріледі.  Жүйелі- 
логикалық үйлесім көбінесе  жаңашыл мүғалімдердің  “тірек  конспектілері” 
мен  “тірек  белгілерінде”  жиі  ұшырасады.  Бастауыш  сынып  оқушыларын 
мұндай  қысқа  түрдегі  ақпаратты  жүйелі  баяндау  немесе  керісінше  көлемі 
ауқымды  материалға  жоспар  қүру,  т.б.  арқылы  әрекет  етуге  баулиды.  Бүл 
көбінесе электрондық оқу қүралын қүрастыруда қол даны лады.
Танымдық  әрекетті  қалыптастыру  тек  оқу  материалын,  жалпы 
айтқанда  білімді  меңгеруден  ғана  емес,  оқу  үрдісін  басқарудан  да 
байланысты.
Танымдық әрекетті  қалыптастырып,  оның дамуына  мүмкіндік  ашуда 
дәстүрлі оқыту центрге мұғалімді қояды.  Қазіргі дидактика (дамыта оқыту) 
центрге оқушыны қояды, ал қазір оқушы қызметінің мэні - білім, дағды,  іс- 
әрекет  тәсілдерін  меңгеру  және  оны  практикада  қолдану  болса,  мүғалім 
қызметінің мәні -оқушының оқу әрекетін басқару болып отыр.
Ю.К.Бабанский  басқаруды  оқушының  танымдық  әрекеттерін  дұрыс 
үйымдастыру  деп  түсіндіреді. 
Сонымен 
қатар, 
ол 
педагогтардың 
“ұйымдастыру”  деп  есептің  қойылымын  берумен  шектеліп,  одан  кейін 
орындалуды  бақылаушы  рөліне  көшетінін,  нұсқау,  көмек,  өзара  көмекті 
орынды  ұйымдастыруды  үмыт  қалдыратынын  айта  келіп,  мүндай  басқару 
танымдық әрекеттің тиімділігін төмендетеді деп жазады.
Оқушылардың 
үлгерімдері 
олардың 
ағзаларының 
барлық 
ерекшеліктерімен 
тығыз 
байланысты 
болады. 
Ю.К.Бабанскийдің 
айтуынша,  оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің  өсу  үрдісі  байқалады, 
есте  сақтаулары,  зейіндері  дамиды,  ойлаулары  сипаты  жағынан  сапалана 
түседі,  сынағыштық  мінездері  жетіледі,  оқушылардың  дербестіктері  жэне 
әрекеттері 
өседі, 
қызығушылықтары, 
талпыныстары 
артады, 
т.с.с.
29

Сонымен  қатар,  осы  жастағы  (6-10  жас)  жеке  балаларда  айтарлықтай 
психологиялық  жэне  физиологиялық  өзгерістер  болады,  олар  оқытудың 
күрделену үрдісінің интенсивті түрде жүруін жасөспірімдік кезеңге дейінгі 
жэне  бүдан  соңғы  жылдардағы  топтарға  қарағанда  біраз  тежейді,  яғни, 
мүнда  оқу  мүмкіндіктерінің  өсу  қарқыны  азаяды.  Соған  қарамастан  бүл 
кезеңде балалардың жаңа ақпаратты қабылдау қабілеттері  өседі, сондықтан 
оқытудың  мазмүны  мен  көлемі  ұлғая  түскені  жөн.  Дегенмен,  оқу 
тапсырмалары  көлемі  мен  күрделілігі  жағынан  анықталған  танымдық 
қасиеттерінің  өсу  қарқынын  ескере  отырып  алынуы  қажет.  Оқушыларға 
шамадан тыс күш түсірмеу немесе оңайлатып жібермеу керек.
“Білім  беруді  үйымдастыру-баланың  өзінің  дербес  мүмкіндіктерін 
ескере 
отырып, 
белсенді 
іс-эрекет 
жасауына, 
жақсы 
коруі 
мен 
қорғанушылығын  еркін  көрсете  білуіне,  оқушының  түлға  ретінде  үнемі 
дамуына,  өзін-өзі  тәрбиелеп  дамытуына,  жас  жэне  жеке  ерекшеліктерін 
ескеруге  жағдай  туғызу  делінген.  Сонымен  қатар,  түлға  ретінде  іс-әрекет 
барысында қалыптасады деген теорияны негізге алады.”
Бастауыш  саты  оқушысының  жас  ерекшелігіне  сай  танымдық 
мүмкіндігін  және  оқыту  мақсатының  оқушысы  тұлғасын  тәрбиелеуге 
бағдарланатынын  ескерсек,  онда  бүл  сатыда  оқытылатын  пәндерді 
ғылымдар  негіздері  түрінде  қүруға  болмайтыны  түсінікті,  мұнда,  негізінен 
оқушыда  мэдениеттің  базистік  қырларын  қалыптастыру  бірінші  орынға 
шығады.  Бұдан  мектептік  білім  мазмұнында  ғылым  негіздерінен  ештеңе 
қамтылмайды 
деген 
түсінік 
тумауы 
керек, 
танымдық 
эрекетті 
қалыптастыру  мақсаты  мен  білімнің  теориялық  деңгейін  көтерумен 
тікелей  байланысты  болғандықтан,  әр  пэн  ғылыми  білім  элементтерін, 
үғымдар  жүйесін  міндетті  түрде  қамтиды  және  танымдық,  дамытушы 
рөлімен қоса пропедевтикалық та қызмет атқарады.
С.П.Баранов,  Л.П.Болотина,  В.А.Сластенин  танымдық  әрекетін 
дүрыс  басқару  үшін  мұғалім  оқушының  білімді  игеру  сатыларын,  оқыту 
үрдісін жақсы білу керектігіне назар аударады.
Оқыту  үрдісінде  білім  мен тәжірибе  бірімен  -  бірі  астасып,  айқасып, 
бірін  -  бірі  толықтырып, 
бірге  өркендеуге, 
бірге  кемелденуге  тиісті. 
Мұғалімнің  айналысатыны  үнемі  өзгеріп  өсетін,  өркендейтін  тірі  адам 
болғандықтан,  алғашқы  бір  алған  білім  мен  оған  қосымша  іс  жүзінде 
тапқан  біркелкі  әдіспен  қанағаттанып,  табан  аудармай.  бір  орында  түрып 
қалуы мүмкін  емес.  Сабақ  беру -  үйреншікті  жай  шеберлік емес,  ол  үнемі 
жаңадан  жаңаны  табатын  өнер...  Дидактика  мұғалімге  жалпы  жол-жоба 
көрсетіп,  жетекшілік  етеді,  эйтпесе  осы  жолдан  тайма  деп  мүғалімге 
міндет  есебінде  еш  нәрсе  үсынбайды.  Ол  тек  сыннан  өткен  үтымды 
жолдарға ғана нүскайды.
30

Оқушының  танымдық  әрекетін  басқарудың  негізгі  бір  буыны  оқыту 
технологиясын  таңдап  іріктеу.  Оқушы  әрекеті  дегеніміз  оның  білім 
мазмұнын  білуге  ынтасы,  кұштарлығы  және  оны  қабылдауы.  Білім 
мазмұны  оқушыларға  негізінен  оқулық  арқылы  беріледі.  Қазіргі  кезде 
мектепте оқу материалын меңгеру үшін қабылдау, түсіну, еске сақтау жэне 
жаттығу  қолданылып  жүр.  Базалық  білім  мазмүнының  дәстүрлі  әдістеме 
бойынша  оқытылуы  тиімді  болмай  отыр.  Өйткені,  оқытудың  ақпараттық 
технологиясы бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  ақпараттарын меңгеру 
қабілеттерін  күшейтуге  эсер  етеді.  Бүл  соңғы  уақытта  ақпарат  ағымы 
интенсивтілігінің  артуына  байланысты,  адам  1  секундта  10  миллион  байт 
ақпарат  алатындай  күйге  жетіп  отыр.  Ақпаратты  қабылдаушы  мен  оны 
өңдеу,  сақтау  блоктары  мен  ақпарат  ағынының  өзі  үлкен  жүйені  құрайды. 
Бүл  жүйеге  ақпараттық  сигналдың  келіп  түсуі  мен  оны  оқушының 
қабылдап, меңгеруін мына сызба бойынша көрсетуге болады:
Сурет  1- Ақпараттық технология арқылы оқушының оқу ақпаратын
меңгеруі
Көріп  тұрғанымыздай  сызба  бойынша  жүйенің  кірісі,  тасымалдау 
каналы мен үмыту немесе оны естен шығару рөлін атқаратын  шығысы бар. 
Адамның  жадында  бос  блоктар  мен  элементтердің  болуы  тек  балалық 
шақта  ғана  болуы  мүмкін,  ал  одан  кейін  ми  түрақты  режимде  жүмыс 
істейді  де,  кірістегі  ақпарат  көлемі  шығыстагыга  тең  болады.  Ақпарат 
ағыны  жылдамдығының  өсуі  ақпаратты  өңдеу  уақытын  төмендетеді,  бүл 
меңгеру үрдісін әлсіретеді.
Сонымен,  біз  жоғарыда  берілген  гылыми  еңбектерді  талдай  отырып, 
бастауыш сынып  оқушыларының танымдық әрекетін  қалыгітастыруды  оқу 
мақсатына  жету  үшін  тиімді  тәсілдерді  (қызығу,  теориялық  жэне 
практикалық  әрекеттің  бір-бірімен  үштасуы,  ойлау  операциялары:  талдау, 
жинақтау, жалпылау, салыстыру және меңгеру мен бақылауд.б.) пайдалана 
отырып,  оқушылардың  жеке  түлғалық,  психологиялық,  физиологиялық 
жэне дидактикалық ерекшеліктерінің дамуы деп түсінеміз.
31

ОҚЫТУДЫҢ АҚГІАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет