Медешова айгүл бақТЫҒалиқызы бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата15.03.2017
өлшемі5,23 Mb.
#9317
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

сипаты,
•  Оқу курсының интегративтілігі,
•  Білім мазмүнының гуманитарлық-этиткалық бағыттылығы,
•  Оқу материалының дамытушылық сипаты,
•  Оқу пәндерінің өзара байланыстылығы мен өзара себептілігі,
•  Білім мазмүнының эстетикалық аспектілері 
түрінде көрсетеді.
М.Н.Скаткин  "Дидактика  средней  школы”  атты  еңбегінде 
білім 
мазмүнын
1. 
табиғат, қоғам, ойлау техника, іс-эрекет тәсілдері туралы білім
2. 
жалпы  интеллектуалдық  жэне  практикалық  білік,  дағды
жүйесі,
3. 
шығармашылық  іс-эрекет  тэжірибесі,  оның  негізгі  белгілері, 
дүниеге, 
бір-біріне  эмоционалды-еріктік  қатынас 
тэжірибесі 
деген 
түрлерден  түрады  деп  қарастырады.  Ол  сонымен  қатар,  тарихи  даму 
кезеңдердегі 
білім 
мазмүнының 
теорияларына 
тоқтала 
отырып, 
салыстырмалы  түрде  түсіндіреді.  Ең  маңызды  элементі  білім  болып
48

табылатын 
бірінші 
түр 
бойынша 
оқушы 
дамуының 
тұлғалық 
бағыттылығы, 
білімді  практикамен  байланыстыруға  аса  мэн  берілетін 
екінші  түр  бойынша  іс-әрекеттер  тәсілдерінің  жүзеге  асыру  тәжірибесі, 
жаңа мәселені көре білу мен өз бетімен іздену басты рөл атқаратын үшінші 
түр  бойынша  шығармашылық  жүмыс  тәжірибесі,  төртінші  түр  бойынша 
дүниеге  қатынас  нормалары  білім  мазмүнын  анықтайтыны  ашып 
көрсетіледі.  П.И.Пидкасистый  басшылығымен  жазылған  “Педагогика”  оқу 
құралында  “білім  мазмүны  оқушының  жан-жақты  дамуына,  ойлау  мен 
танымдық  қызығуды  қалыптастыруға  жэне  білімді  келесі  буындарда 
жалғастыру  мен  болашақ  еңбек  қызметіне  қажетті  негізді  құрайды.”~деп 
жазылған.
Краевский  В.В.  еңбектерінде 
тамыры  ХУІІІ-ХІХғ.  басталған 
мектептің  білім  мазмұнының  қалыптасу  теориясындағы  -  формальдық 
және  материалдық  білім  беру  теорияларына  сүйенетін  білім  мазмұнының 
алуан  түрлі  тұжырымдамалары  берілген.  Оның  әрбіреуі  адамзаттың 
дүниедегі,  қоғамдағы  орны  және  қызметімен  байланысты.  Мысалы, 
мектепте  оқылатын,  жеке  түлғаның  бойында  шығармашылық  қабілет, 
таңдау  еркіндігін  іске  асыра  білу,  адамдарға  әділ  қатынас,  т.б.  сияқты 
жағымды  қасиеттерді  қалыптастыратын,  педагогикалық  бейімделген  білім 
мазмұны 
ғылым 
негіздері 
ретінде; 
қүрылымдық 
толықтығында 
педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе ретінде;  оқушы  меңгеруге 
тиіс білім, білік, дағдылар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Білім  мазмұны  бір  жағынан  алғанда,  қоғамның  ағымдағы  жэне 
перспективалық 
сүранысын 
бейнелейтін 
оқушының 
оқу-танымдық 
әрекетінің  басты  шарты.  Ал,  екінші  жағынан  алғанда,  бүл  қызметті 
оқушының  құрастыруы  мен  іске  асыру  сайманы  жэне  оқуда  индивидтің 
түлғалық  сүранысын  қанағаттандыратын  құрал,  түлғаның  даму  және 
негізгі мәдениетінің қалыптасу құралы  болып табылады.
Ал,  И.П.Подласый  білім  мазмұнын  мақсат  пен  мүмкіндіктерден, 
қоғамдық  жэне  түлғалық  сұраныстардан,  ғылым,  мэдениет,  техника  және 
табиғаттан  түрады  деп  түсіндіреді.  Мүндағы,  сұраныс  -  ғылым  мен 
техниканың  дамуын  мемлекеттік  тұрғыдан  дүниежүзілік  деңгейге  көтеру, 
нарықтық  қатынастар  құру,  мэдени  жэне  рухани  өрлеу  барысында 
қоғамдық  жэне  жеке  түлғалық  мүдделерді  біріктіру  мэселесін  шешу.  Ал, 
мүмкіндіктер 
-педагогикалық 
үрдісті 
жабдықтау 
деңгейі, 
оның 
материалдық-техникалық  жэне  экономикалық  ресурстарын  реттеуші
ретінде қарастырылады.
Білімнің  мазмұн-мағынасын  анықтау  және  оған  жіктеу  жасау 
жөніндегі  Фараби  ілім  орта  ғасырдағы  ғылыи  ой-пкірдің  ең  мағызды 
жетістіктерінің  бірі  болды.  Ол  білім  салалаларының  дамуында  жэне 
оларды жүйелеуде елеулі рөл атқарған.
49

М.Ж.Жадринаның  пікірінше,  мектегітегі 
білімді 
ізгілендірудің 
анықтаушы  факторы  ретінде  “білім  мазмүны  қазіргі  талаптарға  сэйкес 
дамып  отыр.”  Ол  білім  мазмұнын  жан-жақты  талай  келіп,  мектептегі  оқу 
материалдарын  ұйымдастыру  формасы  ретінде  интеграиялауды  және 
интеграцияланған  оқу  материалдарының  оқу  жоспарындағы  орнын, 
берілуін  қарастырады.  сонымен  қатар,  ол  осындай  ісінің  нәтижесін 
жоспарлау жолдарын айқын көрсетіп береді.
Бастауыш 
мектептегі 
білім 
мазмұнының 
1960-70 
жылдарда 
өзгеруііне  Л.В.Занков,  Д.Б.Эльконин,  С.М.Языков,  А.А.Люблинская,  т.б. 
ғылыми  зерттеулерінің  нэтижесі  себеп  болды.  Аталған  дидактиктер  мен 
психологтардың  пікірлері  бойынша  бастауыш  білімнің  дәстүрлі  мазмұны 
баланың  интеллектілік  дамуын  тежеп  отырғандықтан,  шындығында 
баланың  танымдық  белсенділігі  жоғары  екендігі,  сондықтан,  білім 
мазмұнын  жеңілдетпей,  күрделендіре  отырып  оқыту  қажеттігі  дәлелденді. 
Негізгі  мақсат  —   тәрбиелей  жэне  дамыта  отырып  оқыту  деп  белгіленген. 
Соған  сәйкес  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламалары  жарық  көрді. 
Бағларламалардың 
негізгі  аркауына  дамыта  отырып  оқыту 
алынды, 
психолог П.П.Блонский  "Акылсыз  бас  ойлай  да  алмайды,  оның  неғүрлым 
тәжірибесі  мен білімі  мол  болса,  соғүрлым  ойлауға да кабілетті", —  дейді.
С.М.Языковтың 
пікірінше, 
дамыту 
ол 
оқушылардың 
туа 
біткен 
қабілеттерін  дамыту  ғана  емес,  мұғалімнің  алдына  мақсат  койып 
жүргізетін  жұмысының  нэтижесі.  Дамыту  кезінде  оқушыларды  біліммен 
қаруландыру,  дағдыны  меңгерту,  білімге  қүштарлықты  қатар  жүргізу 
керек.  Білімі  жоқ  бала  ойлай  да  алмайды.  Дамыта  оқыту  барысында  білім 
көлемі де күрделенуге, кеңеюге тиіс деп есептелді.
Көптеген  ғалымдар  1960-70  жылдары 
3-4
  сынып  оқушыларына 
меңгеруге  қиындық келтірген  оқу материалының қазіргі  кезде  сол жастағы 
баланың  ой-өрісіне  сәйкес  келетінін  айтады.  Бұл  бастауыш  мектептегі 
білімнің  теориялық  деңгейін  көтеру,  мазмүнын  тереңдету  талабын  қояды. 
Мүның  себебі  мэдениеттің,  экономиканың,  техниканың,  ғылымның 
дамуымен  байланысты  баланың  күнделікті  мектептен  тыс  алатын  ақпарат 
көлемінің молаюымен түсіндіріледі.  1966 жылы өткен  оқу мазмұнын  қайта 
кұру  мәселесіне  арналған  республикалық  кеңесте  мүғалімнің  барлық 
сабағын  өмірмен  байланыстыра  отырып,  оқушының білімге  қүштарлығын 
арттыру қажеттігі айтылды
1968  жылғы  Бүкілодақтық  мұғалімдер  қүрылтайында  жаппай  орта 
білім  беруге  көшу,  оқытудың  ғылыми  теориялық  дэрежесін  жэне  білім 
сапасын 
арттыру 
моселесі 
қойылды. 
Қазақстандық 
педагогика 
саласындағы 
белгілі  ғалым  Қ.Бержановтың 
пікірінше,  әр  дэуірде 
дидактика  қарастыратын  оқытудың  мазмүны,  оны  ұйымдастырудың 
түрлері  мен  әдістері  өзгеріске  үшырап  отырады.  Оқушыларды  дамыта
50

оқыту  мәселесі  мектептегі  оқу  ісінің  негізгі  нысанасына  айналғандықтан, 
оқушылардың  өздігінен  ойлана  білу,  тану  қабілеттерін  жетілдіру,  түрлі 
дербес  атқаратын  іс-эрекеттер  негізінде  олардың  акыл  ойын  дамыту 
жолдарын  іздестіру  керектігін  республика  педагогтары  күн  тэртібіне 
енгізіп отыр деп көрсетті.
Білім мазмүиына “әлеуметтік жэне  ғылыми  жетістіктер деңгейі  де  өз 
әсерін  тигізеді.”  Мысалы,  ақпараттық технологияның,  ақпараттандырудың 
қарқынды дамуы  білім мазмүнына елеулі  өзгерістер  енгізіп  отыр.  “Үлттық 
жэне  жалпы  адамзаттың  мәдениетке  байланысты  да  оқу  мазмүнында 
ерекшеліктер  болады.”  Бүл  қазіргі  күні  қолға  алынып  отырған  білім  беру 
жүйесін әлемдік деңгейге  көтеру түжырымдамасы мен  бағдарламаларынан 
анық байқалады.
Бастауыш  мектепте  оқыту  мазмүнына  қойылатын 
талаптар 
мемлекеттік  стратегиямен  анықталады,  онда  ұлттық  жэне  жалпы  адамзат 
аспектілер ескеріледі,  білім мазмүнын жасақтауда мемлекеттік жалпы орта 
білім беру стандарты негізге алынатынын ашып көрсеткен.
Мемлекеттік  стандартта  білім  мазмүнының  сипаттамалары,  оқушы 
меңгеруі  тиіс  білім,  білік,  дағдыға  қойылатын  талаптар,  оқу  жүктемесінің 
көлемі  көрсетіледі.  Осы  стандартты  басшылыққа  ала  отырып,  оқу 
жоспары, 
оқу 
бағдарламалары 
мен 
оқулықтар, 
оқу 
қүралдары 
құрастырылады.
Қазақстандағы 
қазіргі 
қолданылып 
отырған 
бастауыш 
білім 
мазмүнын  жаңартудың  ғылыми  негізіне  бастауыш  сынып  оқушысын 
белгілі  бір  қажетті  іскерліктер  мен  дағдылардың  иесі,  оқу  эрекетінің 
субъектісі,  эр  түрлі  мәдениеттермен  өз  көзқарасы  тұрғысынан  диалогқа 
түсетін  автор жэне жас ерекшелігіне  сэйкес өз  жасын қалыптастыруға күш 
жұмсап  еңбектенетін  бала  деп  қарастыратын,  осыған  орай  көп  қырлы 
қүрылымды  білім-тәрбие  мазмүнын  құруға  көмектесетін  қазіргі  заманғы 
дамыта отырып оқыту йдеясы алынған.
Қазақстандық  бастауыш  сатыдағы  оқытудың  мақсаты  мен  білім 
мазмүнының  мынадай қүрамы анықталған:
•  дүние  туралы  (көркем,  мифтік,  т.б.  түсініктермен  байытылған 
дүниенің ғылыми бейнесі);
• 
оқушыда  қалыптасуы  тиіс  әрекет  түрлері  (ойын,  оқу,  еңбек,  қарым- 
қатынас);
• 
дүниені  танып-білудің  эдіс  тәсілдері  (логикалық,  ғылыми)  туралы 
білім, біліктер.
Осы 
оқу 
жоспарын 
басшылыққа  ала 
отырып, 
пәндік 
оқу
бағдарламалары жасалды. 
u
Оқу  бағдарламасы  курс  мазмұны  мен  ауқымын  анықтаиды.  Ол 
міндетті  түрде 
орындалуы  тиіс,  өйткені  барлық  оқушы  үшін  міндетті
51

деңгейді  қамтамасыз  етеді.  Мүғалім  үшін  бағдарлама  бағдарлаушы 
қызметін  атқарады.  Бағдарламадағы  мақсаттың  қойылуы  пэнді  оқытуды 
дұрыс  құрастыруға,  оқытудың  тэсілдері  мен  формаларын  таңдауға 
мүмкіндік береді.
Бастауыш  мектептегі  оқу  бағдарламасының  мазмұны  сыныптан 
сыныпқа  өткен  сайын  біртіндеп  күрделеніп  отырады.  Бастауыш  мектептің 
қазіргі  оқу  бағдарламасы  білім  мазмүнының  оқушының  этикалық- 
адамгершілік,  эстетикалық,  экологиялық  мэдениетін  қалыптастырып 
тәрбиелеуге  бағытталып  құрылуымен  ерекшеленеді.  Оның  негізінде  пэн 
оқулығы жасақталады.
Оқу  пәні  білім  мазмүнын  іске  асыратын,  меңгеру  қажет  мазмүннын 
ажырамас  бүтіндігін  жалғаушы, 
негізгі  қүрал  болып  табылады. 
(И.Қ.Журавлев).  Оқу  пәні  білім,  эрекет  тәсілдері,  шығармашылық  пен 
эмоционалды— бағалау 
сияқты 
әлеуметтік 
тәжірибенің 
барлық 
элементтерін  қамтиды  жэне  білім  мазмұны  қүрылымында  жалпы 
мәдениеттің басты қүраушысы болып табылады.
Оқушы  үшін  оқулық  -  білім  көзі,  білік,  дағдыны  қалыптастыру  мен 
бекіту құралы.
Оқулық  мүғалімге  оқу  материалының  тереңдігі  мен  деңгейін 
оқушыларға  үсынатын  оқу  материалының  логикасын  нақтылауға,  оқыту 
әдістемесін  анықтауға мүмкіндік туғызады.
Оқулық  -   оқу  бағдарламалары  мен  дидактиканың  талаптарына, 
оқыту  мақсатына сай нақты  оқу пэнінің мазмүны ғылыми негізде, жүйемен 
баяндалатын кітап.
Оқулық 
оқу-әдістемелік 
кешен 
қүрамына  енетін 
басқа  оқу 
қүралдарымен  өзара байланыста болады.  Оқу-эдістемелік кешен  дегеніміз 
өзегі  оқулық  болып  табылатын  жэне  оқушының  танымдық  әрекетін 
басқарудың  әдістемелік  жүйесін  қамтитын  дидактикалық-әдістемелік 
қүралдар  жиынтығы.  Оның  мазмұны  мен  қүрамы  оқушының  танымдық 
әрекетінің  психологиялық-педагогикалық  түжырымдамасының,  оқыту 
жүйесінің әдістемелік арнайы ерекшеліктерінің негізінде анықталады.
Оқу-әдістемелік  кешен  элементтеріне  негізінен  оқулық,  оқыту 
әдістемесі мен оқыту қүралдары жатады.
Оқулық  оқытудың  барлық  мақсаттары  мен  міндеттерін  жүзеге 
асыруға  бағытталады, 
сондықтан 
оқыту,  дамыту 
және  тәрбиелеу 
қызметтерін атқарады.  Оқулық
• 
сабақта пэнді оқудың үжымдық сипатын,
• 
оңушының жеке бас  ерекшеліктерін (әр түрлі дайындық
деңгейлері, оқу түрткілері, меңгеру шапшаңдығы),

• 
негізгі,  қосымша, түсіндірме мәтіндерді және мэтіндік емес 
қүрауыштарды (меңгеруді ұйымдастыру аппараты, иллюстрациялық 
материал,  бағдарлау аппараты) қабылдау ерекшеліктерін,
• 
мэліметтер мен анықтама беретін сөздіктер мен анықтамалар 
міндетін ескеруге тиіс.
Оқулықтың  негізгі  құраушылары  мәтіндер  (негізгі,  қосымша, 
түсіндірме),  мәтіннен  тыс  және  иллюстрациялық  материалдар  мен 
меңгеру аппараты болып табылады.
Оқулықтың  негізгі  міндеті  -  оқушыға  пэн  бойынша  анықталған 
мәліметтерді тасымалдау.
Оқулықтың 
құраушыларына 
ынталық-мақсатты, 
мазмұндық, 
операциялық,  нәтижелік-бағалау жатады.
Оқулықтың  құрылымдық  құраушысы  -  берілген  оқулықтың  басқа 
қүраушыларымен  өзара  тығыз  байланысатын,  анықталған  формасы  бар  өз 
қызметін  оған  тән  қүралдармен  жүзеге  асыратын 
қажетті  элементтер 
жүйесі.  Әрбір  қүрылымдық  элемент  оқу-тәрбие  мэселелерін  шешуде 
анықталған  қызметтік  міндетті  орындайды.  Оқу  материалын  қазіргі 
(ақпараттық)  оқыту  технологияларын  пайдалануға  жеңіл,  аяқталған 
блоктар түрінде орналастырған дүрыс.
Оқулықты  қүрастыруда  оқу  материалдарын  таңдау  маңызы  зор 
жұмыс.  Оқу материалдары мына өлшемдеріне сэйкес таңдалады:
•  түлға 
мәдениетін 
қалыптастыруға 
қажет 
мэселенің 
бүтіндей
бейнеленуі,
•  ғылыми, практикатық мэнділік,
•  оқушының нақтылы мүмкіндігіне  сәйкес қиындығы,
•  оқушы оқитын уақыт аралығы мен оқу мазмүнының ауқымы,
•  қазіргі  мектептің  материалдық базасы  мен  оқу-әдістемелік  деңгейіне
сәйкестігі,
•  білім мазмұнын қүрудағы дүниежүзілік  тәжірибенің ескерілуі. 
“Пэндер  негізінен шығатын парасатты жүйе,  бізге  білімді  меңгеруге
мүмкіндік  береді.  Байланыспайтын  үзік-үзік  біліммен  толыққан  бас, 
қожайынның өзі  ештеңе іздеп таба алмайтын қоймаға үқсайды  .
Оқытудың ақпараттық технологиясы
Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  дегеніміз  —  берілетін  білім 
сапасын  көтеруді  жүзеге  асыруға  бағытталған  үрдіс,яғни  еліміздің  үлттық 
білім  жүйесінің  барлық 
түрлерінде 
кэдімгі  техналогияларды  іиімді  жаңа 
компьютерлік 
ақпараттандыру  техналогияларына  алмастыру,  оларды 
сүйемелдеу жэне дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
53

Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  -  информатика  мен  ақпараттық 
технология қүралдарын  пайдалана отырып,  қоғам  мүшелерінің  ақпараттық 
мәдениетін қалыптастыру және көтеру деңгейін қамтамасыз ету үрдісі.
Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыруды  үйымдастыру  деп  ғылыми- 
зерттеу,  ғылыми-техникалық  жэне 
материал
ды-техникалық  жобалардан 
түратын ғылыми-техникалық бағдарламалар жүйесін айтады.
Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыруды  үйымдастыру  деп  ғылыми- 
зерттеу,  ғылыми-техникалық  жэне  материалды-техникалық  жобалардан 
түратын ғылыми-техникалық багдарламалар жүйесін айтады  .
Қоғамымыздың  жаңа  қарқынмен 
жылдам  алға  басу  динамикасы 
білім  беру  жүйесін  ақпараттандырудың 
мақсаттары  мен  мәселелеріне 
сэйкес 
білім 
берудің 
бүрын 
болмаған 
басқаша 
продигмасын 
қалыптастыруды талап етеді.
Бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  ісінің  басты 
мақсаты:  заман  талабына  байланысты  ақпараттық  қоғамның  шарттарына 
сәйкес  студенттерді  (оқушыларды)  түрмыстық  қоғамдық  жэне  кәсіптік 
өмір салаларына толық  эрі тиімді түрде араластыру.
Ақпараттандыру  ісінде  білім  жүйесінің  адамзат  тіршілігінің  барлық 
әлеуметтік  аймақтарымен  әрекеттесуі  жэне  олардың  бір-біріне  эсер  етуі 
толық  бейнеленеді.  Мүнда  білім  беру  ісінің  өзі  де  күрделі  құрылымнан 
түратын  жүйе  ретінде  қарастырылады.  Осындай  күрделі  жүйенің  бір- 
бірімен және қоғамдық өмірдің басқа аймақтарымен де тығыз байланысқан 
бес 
бөліктен 
тұратыны 
анықталды, 
олар: 
теориялық-әдіснамалық, 
педагогикалық,  экономикалық  үйымдастырушылық  жэне  технологиялық 
жүйелер.  Сол себепті  қазіргі  кезде білім салаларындагы ең өзекті мэселеге 
ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  техникалық  жағы  емес, 
керісінше  оның  үйымдастырупіылық,  әлеуметгік  жэне  педагогикалық 
жақтары айналып отыр.
Оқушы  мүнда  тек  білім  алып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  өзінің 
қүндылық  бағдарын  қалыптастыруда  жеке  үлесін  де  қоса  алады.  Бүл  эр 
оқушының  дербес  компьютердіц  жэне  мүғалімнің  көмегімен  тілектестік 
пен  өзара  түсінісу  ортасында  жаңа  білімдерді  алуына,  танымдылық  іс- 
әрекетін  дамытуына  айтарлықтай  септігін  тигізеді  және  оқушының 
танымдылығын,  дүниетанымын  қалыптастыруда  бірігіп  жұмыс  жасаудың 
жоғары түрлеріне көтереді.
Ақпараттық өркениетті  адамзат қоғамын қүру  барысында  білім беру 
жүйесін ақпараттандыру басты назарға алынып отыр.
Дүние  жүзілік  зерттеулер  бойынша  (А.П.Ершов,  Ю.А.Первин, 
А.В.Горячов,  А.Л.Семенов,  Б.С.Гершунский,  Г.Клейман,  Б.Хантер,  Ко  Ен 
Чоль)
оқушылар жүйелі ойлау қабілеттерінің күшеюі;
54

ғылыми дүниетанымының кеңеюіне;
пэн бойынша терең де түбегейлі білім алуға;
ғылыми  жұмыстарды  компьютерлік  технология  арқылы  жүргізе
отырып, 
зерттеу 
жүмыстарымен 
айналысуға, 
яғни
шығармашылық қабілеттің өсуіне жол ашылады.
Оқыту 
жүйесін 
ақпараттандырудың 
қызметтік 
шарттарына 
жататындар:
-  техникалық  базаны  қалыптастыру  (компьютермен  жабдықталған 
сыныптар; локальды желі; Интернет желісі қосылған сынып; т. б.)
-  бағдарламалық  жабдықтау  (бақылау  және  тесттік  бағдарламалар; 
жаттықтырғыш 
бағдарламалар; 
ақпаратгық-анықтамалық 
жүйе 
мәліметтер 
қоры; 
электрондық 
оқулықтар; 
мультимедиалық 
бағдарламалар)
-  оқу 
әдістемелік 
қамту 
(бағдарламалык 
жэне 
ақпараттық
жабдықтармен жүмыс жасау әдістемесі)
-  педагогтардың 
компьютерлік 
сауаттылығын, 
мәдениетін 
ұйымдастыру  (информатика  пәні  оқытушыларының  білім  деңгейін, 
біліктігін  арттыру;  жаңа бағдарламалық жабдықтар  дайындау  қабілеттерін 
арттыру)
-  жаңа 
бағдарламалық 
технологияны 
пайдалануға 
пэн 
оқытушыларын  даярлау  (барлық  пэн  оқытушыларын  компьютерлік 
технологиямен 
жұмыс  жасауға  баулу; 
кез  келген 
бағдарламалық 
жабдықтарды сабақта және сабақтан тыс шараларда пайдалану).
Оқу-әдістемелік 
қамту 
электрондық 
оқулық, 
электрондық 
энциклопедия,  электрондық эдістемелік  жүйелердің  пайда  болуымен  және 
олардың оқу үрдісіне эсер  етуімен байланысты түсіндіріледі.
Білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 
бағдарламасында 
білім  беруді  ақпараттандырудың  қазірп  жаи  күиі 
мынадай деректермен баяндалған:
«Орта 
білім 
беру 
жүйесін 
акпараггандырудын 
мемлекет™ 
бағдарламасына  сэйкес  жалпы  білім  беретш  мектептерді 
100/о-га
!°Ж м ш гРортГбГлЫКб“ регін  ұйымдарға  арналган  электрондық  окулык
басылымдары  мектеп пәндерінің 25%-ын  қамтидЫ’ 
технологиялатэлы 
Сонымен  катао  акпараттық  жэне  коммуникациялық  технологияларды 
...^онымен  қатар,  ақп  р 
РЯПЯСЫНда қолдану  қажеттіктен  әлдеқаида
дамыту жэне оларды  бшім беру саласынд
аргга вдлуда. 
„ИІ„,т тевге жалпы білім  беретін  мектептердегі  54
...Қазақстанда бір 
деректері  бойынша  ТМД  елдерінін
окушыдан  келеді,  бұл  ЮНЕ 
(Ресейде -  59).  Сонымен  кагар
арасьшдағы  ең жоғары 
ке
[’“ т“
^
асРтык  және  даму  ұйымы  елдері 
2002  жылы  Экономикалық  ынтым<и\
55

бойынша  бүл  көрсетқіш  13-ке  теңелді,  Латвияда,  Венгрияда  жэне  Чех 
Республикасында  бұл  тиісінше  5,  9  жэне  15-ті  құрады.  2004  жылдың 
басында ¥лыбританияның  орта  мектептерінде  1  компьютерге  5  оқушыдан
келген,  АҚШ-та -  4.»
Н.Назарбаев  қүрылтайда 
сөйлеген  сөзінде  2010  жылға  қарай 
мектептердің  компьютермен  қамтамасыз  етілуін  шәкірттердің 
жалпы 
санына  эр  жиырма  оқушыға  бір  компьютерден  қатынасқа  жеткізу  жэне 
міндетті түрде Интернетке  қосылу мүмкіндігінің  болу  міндеті  қойылғанын 
баяндады.  Мектептерді  материалдық  -  техникалық,  оқу-әдістемелік  жэне 
ақпараттық  қамтамасыз  етпейінше  сапалы  білім  беру  мүмкін  еместігіне 
тоқталды.  Б ¥ ¥   2005ж.  жүргізген  электрондық  үкіметқе  дайындығын 
тексеру 
қорытындысы 
дәлелдейді 
Б ¥ ¥  
рейтингісі 
е-үкіметке 
дайындықтың  сандық,  сапалық  көрсеткіштерін,  Интернетке  қосылу 
мүмкіндігін,  бизнес  ортасын,  қүқықтық,  саяси,  әлеуметтік,  мэдени  ортаны, 
электрондық  қызметті  қолдау  бағыттары  бойынша  анықталған.  Сонда 
Қазақстан рейтинг бойынша  179 елдің ішінде 65  орында.
Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  ақпараттық  технология  -   оқу-тәрбие 
үрдісіндегі  заңдылықтарға  сәйкес  аз  шығын  жүмсау  арқылы  ақпараттық 
өнімді  тасымалдау,  сақтау,  бейнелеудің,  мэліметтерді  өңдеу  қүралдары 
мен жаңа тәсілдерінің білім беру жүйесіне енгізілген жиынтығы.
Бастауыш 
мектептен 
бастап 
ақпараттық-коммуникациялық 
жагдайларда  элемдік  білім  деңгейімен  сэйкес  келетін  білімді  азаматтарды 
тәрбиелеу  көзделіп  отырған  кезде,  ҚР  Президентінің  2004  жылғы 
“Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті  экономика  үшін, 
бәсекеге  қабілетті  халық  үшін»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы,  ҚР 
Перзидентінің  2001  жылғы 
«2010  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму 
жоспары»  негізінде  дайындалған  2015  жылға  дейінгі  білім  беру  жүйесін 
дамыту түжырымдамасы  мен білім беруді дамытудың 2005-2010  жылдарға 
арналған  Мемлекетгік  бағдарламасына  сәйкес,  биылғы  жылдың  қазан 
айында  өткен  III  білім  беру  жүйесі  қызметкерлерінің  құрылтайында 
қарастырылған  мэселелердің  бірі  -  қоғам  сүранысын  қанағаттандыратын 
XXI  ғасыр  талаптарына  сай  білгір,  уақытты  үнемдей  алатын  түлғаны 
қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен  қатар,  білім  беру  үрдісіндегі  оқытудың  ақпараттық 
технологиясының орны мен мәнін бағалайтын үйлесімді зерттеулер  бар.
•  Анықтамалық 
әдебиеттерде 
оқытудың 
ақпараттық
технологиясына  (computerized  teaching  technology)  компьютерлік 
қүралдардағы  теориялық  білім  жиынтығы 
және  оны  оқытуда 
пайдалануды реттейтін әдістеме деп анықтама берілген.

•  Л.В.Луцевич  оқытудың  ақпараттық  технологиясына  ақпаратты 
машиналық  өңдеу;  сақтау;  тарату;  информатиканың  есептеу  және 
программалық қүралдарын жасау деп анықтама береді:
•  М.И.Жалдаков  бұл  терминнің  кеңейтілген  трактовкасын  береді. 
Ол  оқытудың  ақпараттық  технологиясын  техникалық  жэне 
әлеуметтік  үрдістерді  дамытатын;  халықтың  білім  деңгейін 
көтеретін  ақпараттарды  беру;  жинау;  өңдеу;  сақтау;  тасымалдау 
тәсілдері мен техникалық қүралдарының жиыны деп түсіндіреді.
•  И.Мархель  оқушының  өз  бетіндік  танымдық  іс-әрекетін  (оқу) 
қалыптастыруға,  оқыту  мен  оқуды  басқаруға,  сондай-ақ  оқу  мен 
практикалық  есептерді  ойындық,  адам-машиналық  түргыдан 
шепіуге бағытталган әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, 
программалық-техникалык;  жэне  үйымдастыру  қүралдарының 
кешенін  айтады.
•  Е.И.  Машбиц  пен  Н.Ф.  Талызина  білім  тексеруді  жүргізетін 
қарапайым  багдарламадан  жасанды  инттеллекгіге  негізделетін 
оқыту  жүйелеріне  дейінгі  әр  түрлі  оқыту  бағдарламаларының 
жиыны деп қарастырады.
•  В.Ф.Шолохович оқыту мен  білім меңгеру үрдістерін жосгіарлы 
оқып-үйретумен  айналысатын,  білім  беруді  ақпараттандыруда 
қолданыс  табатын  дидактиканың  бөлімі  ретінде  анықтауды 
үсынады.
•  Е.В .Кирова  пайдаланушыға  комньютерлік  жүйемен  жүмыс 
істеуге  мүмкіндік  беретін  аппараттық  жэне  багдарламалық 
қамтамасыз ету жабдықтарының жиынтығы ретінде анықтайды.
•  В.  М.  Степанов,  Г.  Г.  Мангазеева мектепте  оқушылардың  өз 
бетімен 
жүмыстанып, 
таным 
қабілетін 
арттыру 
үшін 
қолданылатын  барлық  арнайы  техникалық  қүралдар  (аудио, 
видео,  компьютер,т.б.) деп есептейді.
•  М.П.Лапчик, 
И.Г.Семакин, 
Е.К.Хеннер 
ақпараттық 
үрдістерді  компьютердің  көмегімен  жүзеге  асыру,  түрлі 
ақпараттық  ресурстарды  интеграциялық  түрде  пайдалану, 
ақпаратты қорғау ретінде қарастырады.
•  Ж.А.Қараев  есептеуіш  техникасы  мен  байланыс  қүралдары 
базасында  үйымдастырылған 
ақпараттық  қамсыздандыру 
пайдаланушыға 
жаңа 
ақпараттық 
технология 
арқылы 
жеткізіледі  жэне  ол  информатика  курсының  негізгі  әдістері 
мен қүралына аиналады деп түсіндіреді.
•  Ш.Х.Қүрманалина 
негізгі 
ақпараттық 
үрдістерді 
автоматтандыруға  арналған  және  бағдарламалық  өнімдерді
57

пайдалану 
мен 
дамытумен 
байланысты, 
компьютерді 
пайдалануға негізделген технологиялар деп есептейді.
•  Б.Т.Барсай ЭЕМ базасындағы  оқытудың  жүйелі  эдісі,  ал  тар 
шеңбердегі  техникалық  ойлау  тұрғысынан-оқытуда  әр  түрлі 
техникалық,  электрондық  және  компьютерлік  қүралдарды 
қолдану деп анықтама береді.
Жоғарыда  берілген  анықтамаларға  мазмұндық  талдау  оқытудың 
ақпараттық  технологиясы  екі  тәсілмен 
анықталатынын  көрсетеді 
Алғашқысында  оны  ақпараттық  өнімдерді  жасау,  тасымалдау,  сақтау 
жэне  бейнелеуді  аз  шығынмен  білдіретін  түсінік  және  оқушының 
танымдық  эрекеттері  заңдылықтарына  сәйкес  мәліметтерді  өндеу 
тәсілдері(оқыту  эдістері) мен оқыту жүйесіне енгізілген жаңа қүралдары 
арқылы  үйымдастырылатын  дидактикалық  үрдіс  ретінде  қарауды 
үсынады.  Екіншісінде  ақпараттық  технология  басты  орын  алатын 
оқытудың  анықталған  техникалық  ортасын  қүру  туралы  айтылады. 
Сонымен,  біз  аталған  анықтауларды  талдай  келе,  біріншіден  оқытудың 
ақпараттық  технологиясы  -  оқыту  әдісі,  ақпараттық  бағдарламалық 
жабдықтарды  оқыту  үрдісінде  пайдалану,  ал  екіншіден  -  ақпараттық 
үрдістерді  компьютердің  көмегімен  жүзеге  асыру  жабдығы  туралы 
эңгіме болып отыр деп түсінеміз.
Оқытудың  ақпараттық  технологиясының  ерекше  белгілері  оны 
жүзеге  асыратын  орта  жэне  ол  ортамен  байланысты  техникалық 
(пайдаланылатын 
техника 
түрі), 
бағдарламалы-технологиялық 
(бағдарламалық 
жабдық), 
ұйымдастыру-әдістемелік 
(оқу 
үрдісін 
үйымдастыру),  білімнің  пәндік  аймағы  сияқты  қүраушылар  болып 
табылады.
И.Роберттің кітабы бойынша “жаңа ақпараттық технология  жабдығы 
деп  микропроцессорлық,  есептеуіш  техниканың  базасында  қызмет  ететін 
бағдарламалық-аппараттық 
жабдықтар 
мен 
қүралдарды, 
сондай-ақ, 
ақпаратты  жинау,  сақтау,  өңдеу,  тасымалдау  операцияларын  қамтитын 
қазіргі заманғы жабдықтар мен ақпараттық алмасу жүйелерін”  гүсінеміз.
Кесте 2- Қазақстан Республикасының оқу орындарында қолданылатын 
ақпараттық технология жабдықтары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет