Медешова айгүл бақТЫҒалиқызы бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата15.03.2017
өлшемі5,23 Mb.
#9317
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
9317

МЕДЕШОВА АЙГҮЛ БАҚТЫҒАЛИҚЫЗЫ
БАСТАУЫШ СЫНЫП 
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ 
АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Орал  - 2007

I
ББК 74.202.4
-J
Баспаға  шығаруға  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 
университетінің ғылыми-эдістемелік кеңес мәжілісінде ұсынылды
Пікір жазған:
Сейталиев Қ.Б.
  -  педагогика гылымдарының докторы, профессор,
Х.Досмүхамсдов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Кушеккалиев А.Н.
  -  физика-математика ғылымдарының кандидаты, Жэңгір
хан атындағы БҚАТУ
М 39  Медешова А.Б.
Бастауыш  сынып  оқушыларының  танымдық  әрекетін  ақпараттық 
технология  арқылы  қалыптастыру.  Монография.  -   Орал:  «Агартушы» 
мемлекеттік тілді оқыту орталығы, 2007. -   120 бет.
ISBN 9965-789-17-7
Монографияда  бастауыш  сынып  оқушыларының  танымдық  әрекетін 
қалыптастырудың 
педагогикалық-психологиялық 
негіздері, 
оқыту 
технолэгиялары,  соның  ішіндегі  ақпаратгық  технология  негіздері,  ақпараттық 
технологияны  оқыту  үрдісінде  қолдану  ұстанымдары  мен  танымдық  әрекетті 
қалыптастыруға  эсері  қарастырылган.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 
танымдық  эрекетін  оқытудың  ақпараттық  технологиясы  арқылы  қалыптастыру 
моделі құрылып, оны жүзеге асырудың тиімді жүйесі ұсынылған.
Монография 
педагогика 
саласының 
гылыми 
қызметкерлеріне, 
информатика, 
бастауыш 
сыныпта 
оқыту 
әдістемесі 
кафедраларының 
оқытушыларына,  педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  жэне  қайга  даярлау 
институты оқытушыларына, педагогикалық оқу орны студенттеріне арналган.
ББК 74.202.4
М  4304000000 
00(05)-07
ISBN 9965-789-17-7
© Медешова А.Б., 2007.
© «Ағартушы»  мемлекеттік тілді оқыту орталығы, 2007.

КІРІСПЕ
Кез-келген  елдегі  білім  мен  ғылым  дамуы  қоғамның  әлеуметтік- 
экономикалық  және  мәдени  дамуына  ықпал 
етеді 
және 
ондағы 
тұрақтылықтың  қайнар  көзіне  айналады.  Өскелең  елдің  болашағы  оның 
жас  ұрпағының  білімділігімен  өлшенетіні  бүгінгі  таңда  ақиқатқа  айналып 
отыр.  Сондықтан біздің  елдің  даму тенденциясының  негізгі  бағыттарының 
бірі  -  білім  беру  жүйесін  жетілдіру,  әлемдік 
білім  беру  кеңістігіне 
ықпалдастыру болып табылады.
Қоғамда  жүріп  жатқан  қазіргі  кездегі  қайга  құрулар,  экономиканы 
дамытудағы  жаңа  стратегиялық  бағдарлар,  қоғамның  ашықтығы,  оның 
жедел  ақпараттануы  мен  қарқынды  дамуы  білім  беруге  қойылатын 
талаптарды  түбегейлі  өзгертті.  Әлемнің  жетекші  елдерінің  білім  беру 
жүйесі  оның  мақсаты,  мазмұны  мен  технологияларының  нэтижесіне  қарагі 
бағаланатын  болды.  Білім  берудің  қазіргі  негізгі  мақсаты  білім  алып, 
іскерлік  пен  дағдыға  қол  жеткізу  ғана  емес,  солардың  негізінде  дербес, 
элеуметтік  іскерлікке  -  ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және  ұтымды 
пайдалану,  жылдам  өзгеріп  жатқан  бүгінгі  дүниеде  лайықты  өмір  сүру 
болып табылады.
Білім  беру  саласында  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларының 
ұлттық 
мазмұнына, 
құрылымына 
назар 
аударылып, 
оның 
ұйымдастырылуын  қоғамдағы  қазіргі  кездегі  қайта қүрулар,  экономиканы 
дамытудағы  жаңа  стратегиялық  бағдарлар,  қоғамның  ашықтығы,  оның 
жедел  ақпараттануы  мен қарқынды  дамуына сәйкес  жетілдіру үрдісі  жүріп 
жатыр. 
Білім  беру  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясына, 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңына,  “Қазақстан-2030” 
стратегиясына, 
“Қазақстан 
Республикасында 
білім 
беру 
жүйесін 
ақпараттандыру  түжырымдамасына”,  “Қазақстан  Республикасында  2015 
жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  түжырымдамасына”,  білім  беруді 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу үрдісінің мазмұны  мен 
әдіснамасының,  қүрылымының  езгеруіне  ықпал  етіп  отыр.  Мұндай  өзгеріс 
бастауыш  мектептен  бастап,  оқушының  қоғам  талабына  сай  біліммен 
қарулануына,  қазіргі  заманда  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  көтерілуіне 
жол  ашады.  Бұл  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында  айқын  көрсетілген:  оқу  үрдісі  өз  бетінше 
білім  алу  жэне  оны  практикада  қолдану  қажеттігі  мен  дағдысын 
қалыптастыруға,  танымның  ғылыми  тәсілдеріне  мақсатты  және  жүйелі 
түрде  баулуға  бағытталады.  Ал,  ол  оқытудың  жаңа  педагогикалық, 
ақпараттық жэне денсаулық сақтайтын технологияларын енгізу,  білім  беру 
бағдарламаларына  сәйкес  электрондық  оқу  басылымдарымен  қамтамасыз 
ету,  оқытуды  үйымдастыру  қағидаттарын  және  оқушының  білім-білікті,
3

дағдыны  енжар  “алушы”  рөлін  танымдық  үрдістің  белсенді  субъектісіне 
өзгерту арқылы жүзеге аспақ.
Қазіргі  кезде  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  танымдық 
әрекетті  қалыптастыру  мен  дамытуға  бағытталған  білім  беру,  оқытудың 
жаңа технологияларын енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру мәселелері мен 
дүниежүзілік  білім  беру  кеістігіне  кіру  мақсатында  дәстүрлі  оқыту 
эдістемесінің  білімді  мемлекеттік  стандарт  деңгейінде  толық  меңгеруге 
кепілдік бермейтінін бастауыш  мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр.
Ақпараттық  қоғамда  компьютерлік  сауаттылықсыз  және  белгілі  бір 
мәселелерді 
шешу 
үшін 
ақпараттық-коммуникациялық 
құралдарды 
пайдалану  қабілетінсіз 
қазіргі  ғылым,  мэдениет,  өндіріс,  басқа  да 
салаларда адамның шығармашылық істерін жүзеге асыру мүмкін емес.
Білім  берудің  негізі  бастауыш  мектепте  қаланады.  Ол  туралы 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасында:  “Бастауыш  мектептің  негізгі  міндеті  -  баланың  жеке 
басын  бастапқы  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету,  оның  қабілеттерін 
анықтау  жэне  дамыту.  Осы  сатыдағы  оқу  мен  тәрбие  оң  уэжді 
қалыптастыруға  және  оқу  қызметін  білуге,  оқу,  жазу,  санаудың  берік 
дағдыларын  үйренуге,  тілдік  қарым-қатынастың  қарапайым  тәжірибесіне, 
өзін-өзі 
шығармашылық  түрғыдан  таныта 
білуге, 
мінез-құлықтың 
мэдениетіне,  жеке  гигиенаның  және  салауатты  өмір  салтының  негіздеріне 
бағдарланады,  сонысымен  кейін  негізгі  мектептің  жалпы  білім  беру 
бағдарламаларын меңгеруге  база жасайды”,-деп жазылған.
Қазіргі  кезде  дүниежүзілік  білім  деңгейіне,  білімнің  сапасын 
көтерілу  сатысына  қадам  басып  келе  жатқан  кезде  бастауыш  мектептің 
рөлі  зор  болмақ.  Өйткені,  бастауыш  мектепте  барлық  мектептік  білімнің 
негізі  қаланады.  Сондықтан  бастауыш  сынып  оқушыларының  танымдық 
әрекетін  қалыптастыру үшін  оқушының оқу  әрекеті  мен  мұғалімнің оқыту 
эрекетін  дәстүрлі түрде  ұйымдастырумен  шектеліп  қалуға  болмайды.  Осы 
негізде  оқыту үрдісінде  әдістемелердің жеткіліксіздігі  арасындағы  қарама- 
қайшылық 
оқушылардың 
танымдық 
әрекетін 
қалыптастыру 
үшін 
ақпараттық  технологияны  қолдануды  бастауыш  сынып  сатысынан  бастап 
меңгерту,  оған  қатысты  негізгі  шарттар  мен  сатыларды  айқындау 
қажеттігін алға тартып отыр.
4

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Танымдық әрекетті  қалыптастыру жөніндегі философиялық
көзқарастар
Қазақстанның  XXI  ғасырда  өркениетті  элемнен  орын  алып, 
дамыған  елдер  деңгейіне  жетуіне ықпал  етер  бірден-бір  құдірет -  білім, 
білімді  ұрпақ.  Білімді  ұрпақ -  рухани  дүниесі  бай,  білімі  мен  біліктілігі 
жоғары, ақпараттық қоғамда ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, 
компьютерлік  мәдениетті,  талап  талғамы 
терең,  адамгершілігі 
биік 
парасатты  тұлға  болуы  тиіс.  XXI  ғасырдағы  өркениеттің  даму  негізі  -  
қоғамды ізгілендіру.
Ізгілендіру 
мақсатына  жету 
үшін  сезім,  көңіл-күй,  өмірлік 
құндылықтар  аса қажет.  Сондықтан осы бағыттың  жүйесін  көздейтін сан 
қырлы  үрдіс,  әр  типті  мектеептердегі  білщ  беру,  яғни,  білімді  ізгілендіре 
отырып,  салауаттылыққа  бет  бүру  -  өзекті  бағыт.  Өйткені,  болашақ 
үрпақтың  ертеңгі  күні  осы  қазіргі  мәдениетті,  бүгінгі  білім  мен  тәрбиенің 
аясында өзіміз  қалыптастырған  қоғамға аяқ басады.  Ал,  білімді  ізгілендіре 
отырып,  салауатты  өмір  сүруге,  үйлесімді  іс-эрекет  арқылы  окушының 
дағдысын  қалыптастыруға,  ең  алдымен  адамды  оқыту  кезеңінің  өн 
бойында танымдық түсінікті  игеруге жағдай жасау негізінде іске асады.
Ерте заманнан-ақ адам  өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын  және 
өзін-өзі,  өзінің  қоршаған  ортаға  қатынасын танып,  білуге  тырысты.  Таным
-  философиялық  ұғым.  Философтар  Аристотель,  Платон,  Демокрит,  Кант, 
шығыстың  үлы  ойшылы  Әбу  Насыр  әл-Фараби,  қазіргі  ресейлік  Д.Злобин,
А.Спиркин,  Г.Платонов,  М.Федосеев,  қазақстандық  Д.Кішібеков  мен 
¥.Сыдықов,  Ж.Алтаев,  Ә.Түрғынбаев,  Т.Ғабитов,  Әбішев,  Т.Рысқалиев, 
т.б.  таным  ұғымын  сипаттап,  адам  дамуындағы  танымның  орны  мен  оның 
қалыптасу  сатылары  туралы  айта  келіп,  білім  мен  ғылымды  тану  қүралы 
деп түсіндіреді.
Сократ  адам  дүниені,  әлемді  білуі  үшін,  өзін-өзі  тануы  қажеттігіне 
(„Сен алдымен  өзінді-өзің таны”)  аса назар  аударады.  Ол  “менің білетінім- 
менің  ештеңе  білмейтіндігім,  ал  басқалар  мұны  да  білмейді,”-дей  келіп, 
танымның өзін игілікке айналдырады.
Антикалық  философияның  атасы  Демокриттің  пікірінше  таным  екі 
түрге  бөлінеді:  сезім  мүшелері  арқылы  танып  білу.  Ол  заңсыз  туылған 
(көмескі)  білім  болғандықтан,  оның  ақиқатты  тануда  ешқандай  пайдасы 
жоқ;  ақыл-ой  арқылы  танып  білу  туған  (шынайы)  білім  болғандықтан, 
оның ақиқат туралы пайымдаулары дұрыс болады.
5

Платонның таным теориясы негізінен үш ұстанымнан тұрады:
1)  адамда  «туа  біткен  идеялардың  болуы  мүмкін  емес,  себебі 
идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
2)  адамның  дүниеге  келген  кездегі  ақыл-ойы  ештеме  жазылмаған 
таза  тақта  немесе  „ақ  қағаз”  сияқты,  ол  тек  тэжірибе  арқылы 
мазмұнға толады;
3)  ақыл-ойда 
тек 
сезімдік 
түйсіктер 
арқылы 
қабылданған 
мэліметтерден  басқа  ешнәрсе  жоқ,  себебі  дүниеге  шығатын  терең 
түйсік-таным.
Аристотельдің  пікірінше  адам  ақыл-ойдың  арқасында  қоршаған 
ортаны  жалпы  танып  біле  алады.  Бірақ  жалпыны  түсіну  үшін  алдымен 
жалқыны  танып  білуі  керек.  Себебі,  біздің  сезім  мүшелерімізге  жалқы 
заттар  элемі  эсер  етеді  де,  олар  танымның  эртүрлі  сатыларында 
қалыптасатынын дәлелдеді:
•  бірінші  сатыда  сезімдік  түйсіктерімізге  эсер  ететін  заттар  туралы 
алғашқы мағл үматтар аламыз;
•  екінші  сатыда  тәжірибелік  таным  да,  сезімдік  түйсіктеріміздің 
қайталанған  қүбылыстарын  есте  сақтап  қалу  арқасында  оларды 
танып білуімізге мүмкіндік туады;
•  үшінші  саты-„өнер”,  практикаға  негізделген  танымның  екінші 
сатысы.  Бүл  сатыда  адамдар  жеке  заттарды  танып  қана  қоймайды, 
одан  гөрі  тереңірек  түсініп,  кейбір  заттарға  тэн  ортақ  қасиеттер  мен 
себептерін де танып біледі деп түйін жасайды.
Әбу  Насыр  эл-Фараби  тану  қүралы  ретінде  ғылымға  зор  маңыз 
берді. Ғылым  нақты  тақырып,  дұрыс дерек жэне дәлелдемені басшылыққа 
алуы  тиіс.  Адам  сезім  мүшелері,  ойлау  қабілеті  арқылы  дүниені  тікелей 
таниды,  ал  ой  қорыту  заттар  мэнін  қамтиды.  “...тану  теориясында  да 
диалектикалық  жолмен  байымдау  керек,  яғни  біздің  дүние  тануымызды 
даяр  түрған  өзгермейтін  нэрсе  деп  ойламау  керек,  қайта  білмеушілік  пен 
білушілік  қалай  туатынын,  толық  емес,  айқын  емес,  білімнің  қалайша 
толығырақ,  айқынырақ  білімге  айналатынын  тексеру  керек,”-  деген 
болатын  Фарабидің  еңбегі  туралы  зерттеп  жазған  шотланд  ғалымы 
Фаррьер.  Ол  философияға  таным  теориясын  ең  алғаш  рет  1854  жылы 
енгізген.
Неміс  классикалық  философиясының  негізін  қалаушы  көрнекті 
ғалым  Кант  еңбектерінде  танымға  ерекше  мән  береді.  Таным  күнделікті 
тэжірибеден,  сезімдік түйсінуден басталады.  Адамның танымдық қабілетін 
сезімдік, пайым жэне зерде деп үшке бөледі.
Абай  өз  шығармаларында  адам  болудың  асыл  істері  мен  қашық 
болатын  жамандықтарды  айырып  көрсете  отырып,  оның  өмірді  танып- 
білуіне:  ақылды  дүрыс  пайдалану,  талап,  еңбек  (оқушы  үшін  оқу),  терең

ой,  қанағат,  рақым,  білім  алу,  әр  нәрсенің  өлшемін  білу,  өз  арының 
алдында жауап  беру,  күрес,  әділ,  сыншыл  болу,  жамандықтан  бойын  аулақ 
ұстау, дүниені тану, т.б.-ды жатқызады.
Ш.Қүдайбердіүлы 
таным 
туралы: 
“Біз 
эр 
нәрсені 
денедегі 
сезімімізбен  білеміз.  Мүқым  барлықтың  бэрі  жаралыс  жолмен  еріксіз  бар 
болып  жатқанын  көріп,  біліп  түрамыз...  тән  сезіп,  қүлақ  естіп,  көзбен 
көрмек,  мүрын  иіс,  тіл  дәмнен  хабар  бермек.  Бесеуінен  мидағы  ой  хабар 
алып,  жақсы,  жаман,  эр  істі  сол  тексермек,”-деп  жазады  өзінің  “Үш  анық” 
атты еңбегінде.
Таным  -  айналадағы  материалдық  шындықтың  адам  санасында 
идеалды  бейнеленуі.  Қоршаған  дүние  объективті  түрде  өмір  сүретін 
болғандықтан,  оның  заттары  мен  қүбылыстары  санада  бейнеленеді.  Көру, 
сезіну, түйсіну  арқылы  сезім  мүшелерімізге  материалдық заттар  эсер  етеді 
де,  біз  оларды  қабылдаймыз.  Қабылданған  дүниені  танып  білеміз.  Сезім 
арқылы  таныған  дүниені  ғылыми  біліммен  байланыстырғанда  ғана  білім 
қалыптасады.  Қабылдау  барысында  сыртқы  сезім  мен  ішкі  сезімдер  біріге 
отырып, танымды нақтылай түседі.
Адам  баласы  таным  арқылы  білмеуден  білуге  көшіп  отырады.  Ол 
затты  қүбылысты  танығаннан  кейін,  енді  таныс  еместерін  білуге 
үмтылады,  ізденеді.  Сөйтіп,  элде  де  толық  емес  білім,  толығырақ,  дәлірек 
білімге  қарай  дамиды.  Тану  үшін  адам  дүниеге  белсенді  эсер  етеді,  оған 
ықпал  жасап,  өзгертеді,  екінші  зат  өндіреді,  соның  нэтижесінде  өзі  де 
өзгереді.
Философиядағы  теория 
мен  практиканың  байланысы,  терістеуді 
теріске 
шығару, 
сандық 
өзгерістен 
сапалылыққа 
көшу 
заңдары 
салыстырмалы  шындықтың  үздіксіз  жинақталуынан  жаңа  көзқарастардың 
тууына,  ескі  мен  жаңа  арасындағы  сабақтастықты  жасауға,  теорияның 
практикамен әсерінің дамуына негіз болады.
Танып  білу  “нақты  пайымдаудан  абстракты  ойлауға  және  одан 
практикаға  көшуге”  сәйкес  дамиды.  Гносеология  (философия  бөлімі, 
gnoces  -білім,  logos  -  ілім  дегенді  білдіреді)  танып  білудің  заңдылықтары 
мен  мүмкіндіктері,  білімнің  объективті  шындыққа  қатынасын  және  оның 
сатылары  мен  танып  білу  үрдісінің  формулалары,  анықтық  пен  ақиқаттық 
шарттары  мен  белгілерін  зерттейді.  Заттар  мен  қүбылыстардың  мәнін 
танып білу арқылы аңғарады. Оқу -  ең алдымен білімді меңгеру үрдісі.
Я.А.Коменский:  “Оқудың  негізі  айнала  затты  және  қүбылысты 
таным  үрдісімен  байланыстыру,  баскалар  байқағанды  жэне  зат  туралы 
куәлікті  жаттаудың  қажеті  жоқ,”-деп  оқушының  дүниені  танып-білуіне 
көңіл бөліп, барлық мүмкін тәсілдермен балалардың білім мен  ілімге ынта- 
жігерін түтату қажеттігін жазды.
К.Д.Ушинский:  “...ең  кіші  сыныптан  бастап  оқушылардың  жасына
7

қолайлы  өзінің  жинақталған  көзқарасы  болуы  керек...  Әрбір  жыл  сайын 
бұл  көзқарастың  тереңдетілуі,  кеңеюі,  толықтырылуы  тиіс”,-деп  жазған. 
Яғни,  оқушының  оқу-танымдық  әрекеті  оның  дамуындағы  басты  шарт 
болатынын  анықтады.  Ол  даму  оқушының  белсенді  әрекетімен  жүреді, 
яғни,  оқушы  өзінің  мүмкіндіктерін  жүзеге  асырады,  өзін  жеке  тұлға 
ретінде көрсете  алатынын  атап  көрсетті.  Әрекеттің алғы шарты оқушының 
санасында  білімнің  күшті  болуымен  байланысты,  одан  терең  білім,  мықты 
іскерлік пен дағдылар тәуелді, сондықтан ол кездейсоқ бола алмайды.
В.А.Сухомлинский  оқушының  оқуға  қызығушылығы  болмаса, 
мүғалімнің  ізденістері  мен  ойлаған,  жоспарлаған 
барлық  жүмыстары 
күлге  үшатынын  ескертті.  Оның  пікірінше,  таным,  ілім  оған  сәйкес 
қуаныштың,  толқудың,  эмоционалды  көтеріңкі  көңіл-күйдің  терең  сезімін 
береді,  сондықтан танымдық  эрекет  баланың  оқу  әрекеті  мен  білім  игеру 
үрдісіне қызыға қатысуына байланысты.
Р.Лемберг  сыртқы  дүние  туралы  танымды  қалыптастыруда  оқудың 
түрпайылығын  жою,  сабақты  көрнекілікпен  өткізу  проблемаларын  бірінші 
кезекке қойды.
Педагогикалық-психологиялық  әдебиеттерде  білімнің  рөлі,  білімнің 
сенімге  айналуы,  танымдық  міндеттерді  шешуге  қажетті  оқушылар 
көзқарасының  мәні,  жас  ерекшелік  жэне  орта  эсері  оқушылардың  танып- 
білуін қалыптастыруға қажетті жэне жеткілікті шарттар ретінде беріледі.
Бүл 
мәселе 
педагог-гісихологтар 
Н.Ф.Талызина, 
В.В.Давыдов, 
П.Я.Гальперин,  Ю.К.Бабанский,  А.В.Усова,  Д.Б.Эльконин,  Л.Е.Шубина, 
Б.П.Есипов, 
М.А.Данилов,  И.Я.Лернер, 
Л.В.Занков, 
М.И.Махмудов,
А.А.Люблинская, 
А.Н.Леонтьев, 
Н.Б.Менчинская, 
П.И.Пидкасистый, 
М.Н.Скаткин,  Т.И.Шамова,  Г.И.Щукина,  А.Г.Ковалев,  Б.П.Мартиросян, 
Л.И.Божович, 
Р.Лемберг, 
С.Т.Сабыров, 
Ә.М.Мүханбетжанова, 
Ж.Б.Қоянбаев,  Р.М.Қоянбаев,  Қ.Б.Жарықбаев,  Ж.А.Қараев,  Т.Тәжібаев, 
Ә.Алдамүратов, 
Б.М.Тәжіғұлова, 
Н.Ғ.Даумов, 
т.б. 
еңбектерінде 
қарастырылған.
Белгілі 
педагогтар  Ж.Б.Қоянбаев,  Р.М.Қоянбаев  бастауыш  сынып 
оқушыларының 
Отан, 
бейбітшілік 
туралы 
түсінігі 
білімді 
игеру 
қабілеттеріне  қарай  адамның  танымы  қоғамдағы  іс-әрекеті 
негізінде 
қалыптасатынын жазады.
И.Харламов  танымның  адам  өмірі  мен  мінез-қүлқына  әсерін 
көрсетіп,  танымның  хабарды  анықтау,  бағдарлы-реттеуші  функциялары 
мен  оны  қалыптастыру  өлшемдерін  белгілеген.  Б.Лихачев  танымның 
дамытушылық, 
ағартушылық, 
тәрбиелік, 
үйымдастырушылық 
функцияларының маңызын атап көрсеткен.
В.Н.Мясищев  танымды  адамның  қоршаған  шындыққа  қатынасының 
жүйесі  ретінде  сипаттайды.  А.Г.Ковалевтің  пікірінше  таным  -  қоғамдық
8

болмыстың бейнеленуі, тәрбие - оның қалыптасуының бірден-бір факторы. 
В.Богословский, 
А.Степанов  танымның 
сапалық 
сипаттамасын 
іс- 
эрекетпен, 
мінез-құлықпен 
байланыстарының 
белгілері 
бойынша 
анықтайды. 
Олар  сапалық  сипаттама  ретінде  мазмүндылығы  мен 
ғылымилыгын,  жүйелілігі  мен  мақсаттылыгын,  қисынды  дәйектілігі  мен 
дәлелдігін, жалпылау дәрежесі мен нақтылығын қарастырады.
Қ.Жарықбаев  танымды  адамның  қоршаған  табиғат,  қоғамдық  өмір 
туралы  білімдерінің  жүйесі  ретінде  түсіндіреді  де,  оның  түйсік,  қабылдау, 
ес,  ойлау,  сөйлеу  жэне  қиял  арқылы  қалыптасатынын,  мидың  салмағы 
(бастауыш сынып оқушыларының ми  салмағы  1400-1500г) үлкейген сайын 
оның  танымдық әрекеті беки түсетінін айқын көрсетеді.
“Адамның  өзінен  тыс  тұрған  сыртқы  дүниені  алғаш  тануы”  түйсіктен 
басталады.  Түйсік-сыртқы  дүние  заттары  мен  қүбылыстарының  жеке 
қасиеттері мен сапаларының мида бейнеленуі.
Дүниені  тереңірек  білу  қабылдаумен  үштасады.  Қабылдау  -  заттар  мен 
кұбылыстардың мида түтастай бейнеленуі.
Сыртқы  дүние  заттары  мен  қүбылыстарының  адам  миында  сақталып, 
қайтадан  жаңғыртылып,  танылып,  үмытылуы  -  ес.  Есте  сақталған  бір 
нәрсенің  бейнесі  оны  басқа  нәрселермен  байланыстыруға  мүмкіндік 
береді.
Ойлау  түйсік,  қабылдау,  есті  толықтырып,  сырткы  дүние  заттары  мен 
қүбылыстары  жайында  қорытындылар  жасауға,  түрлі  мәселелерді  бір- 
біріне  жанастыра  шешуге  мүмкіндік  туғызады.  Ойлау  және  одан 
практикаға  көшу  -  шындықты  тану  жолы.  “Адам  өз  ойлауының 
ақиқаттығын,  яғни  шындығы  мен  қүдіреттілігін,  өмірге  жарасымдылығын 
практика жүзінде дәлелеуге тиіс.”
Сөйлеу арқылы адам өзінің танып білгенін басқаларға білдіре алады, өзінің 
ерекшелігін сезінеді. Тіл қарым-қатынас қүралы.
Қиял-дүниенің  субъективті  образдарын  қайтадан  жаңғыртып,  өңдеп 
бейнелеу.  Адамның  өмір  тәжірибесі,  білімі  неғүрлым  мол  болса,  қиял 
елестері соғүрлым айқын болатыны байқалады.
Педагог  Б.П.Мартиросянның  пікірінше,  зейін,  қабылдау,  қиялдау, 
есте  сақтау,  оқушының  білім  алудағы  қажеттілігінің  артуымен  танымдық 
әрекетті  қалыптастыруда  бастауыш 
мектеп  жасы 
қолайлы  болып 
табылады....
Бастауыш  мектеп оқушыларының даму ерекшеліктері
Бастауыш  саты  -  оқушыда,  оның  интеллектісі  дамуының  іргетасы 
болатын  оқу-танымдық  әрекет  қалыптасуының  қуатты  жүретін  кезеңі. 
Танымдық  әрекетінің  мазмүны  оқу  тапсырмалары  түрінде  құрылады.  Осы
9

тапсырма  түрлерін  меңгеру  оқушы  ойын  тәртіптеп,  оның  белгілі  бір 
бағытта жүйелі  “арнамен  жүруін”  қамтамасыз  етеді;  жеке түлғаның  негізгі 
психикалық  үрдістері  қалыптасып,  зейін,  рефлексия,  өзін-өзі  бақылау, 
әрекет-амалдың  ішкі  жоспары  сияқты  нысандар  пайда  болады.  Оқушы 
эртүрлі  оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, 
өз  әрекетін  бақылап-бағалауды,  нәтижесін  эталонмен  салыстыруды 
меңгереді.
Бастауыш  мектеп  жасындағы  баланың  биологиялық,  әлеуметтік 
мәдени,  әлеуметтік  педагогикалық  ерекшеліктері  мен  белгілері  оқу- 
танымдық эрекеттің қалыптасуында басты назарда үсталады.
И.П.Подласый,  Ә.Мүханбетжанова  6  жастан  бастап  12  жас  аралығы 
танымдық  әрекетті  қалыптастыруға  және  дамытуға  өте  қолайлы  кез  деп 
есептейді.
Әр  жастағы  оның  ішінде  бастауыш  мектеп  жасындағы  баланың 
психологиялық  ерекшеліктері  бірден  қалыптаспайды,  керісінше,  бүл 
ерекшеліктер  баланың  бүдан  бұрынғы  дамуында  жинақталып,  оны  өз 
кезегімен  дамудың  келесі  сатысына  көшуге  даярлап  отырады.  Сондықтан 
бастауыш  мектеп  мүғалімі  бастауыш  сынып  оқушысының  ерекшеліктерін 
зерттей 
отырып, 
сол 
ерекшеліктерді 
мектепке 
дейінгі 
шағында 
қалыптасқан  ерекшеліктерден  бөлек  алып  қарай  алмайды  және  бүдан 
былайғы даму перспективаларын көрмей түра алмайды.
Жандының  негізгі  қасиеттерінің  бірі  —   даму.  Дамудьщ  өзі 
денелердің  кеңістік  пен  уақытта  жай  өзгеруі  ғана  емес,  ол  өзінің 
үдемелілігімен,  төменнен  жоғарғыға,  азырақ  ұйымдасқаннан  неғүрлым 
үйымдасқанға,  қарапайымнан  күрделіге  ауысуымен  көзге  түсетін,  кері 
айналмайтын үрдіс.  Ғалымдардың диалектикалық еңбектері  даму  білімнің 
өзі  емес,  оны  іздеу,  оған  жету,  қолдану  іскерлігі, 
білмейтінді  сезіну, 
адамды  өзінің  оқығанға  дейінгі  деңгейінен  өзгеше,  жаңа  қүрылымдар 
жиынтығы  деуге  мүмкіндік  береді.  Даму  үздіксіз  жүре  отырып,  баланың 
өсу, сезіну, ойлау, қорытынды шығару үрдістерін қалыптастырады.
Мектепте оқыту  баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді жэне 
ол бала дамуының  негізі  болып табылады.  Сондықтан  оқыту мен  дамудың 
арасында  тығыз  байланыс  болады.  Бүл  ретте  көрнекті  психолог 
Л.С.Выготский  “Жақсы  оқыту  деп,  —   бала  дамуынан  ілгері  жүретін,  оны 
жетекке  алатын  оқытуды”  айтады.  ол  бала  дамуының  «екі  аймағы» 
болатынын  айтады.  «Бірінші  аймақ» —  бала дамуының  қазіргі  қол  жеткен 
сатысы,  осыған  қанағаттанып  қоймай,  мүғалім  оқушыларды  болашақтағы 
дамудың  ең  жақын  сарасына  («екінші  аймағы»)  жеткізуге  міндетті»,—  
дейді.
Баланың  дамуын  үнемі  қозғалыс  үрдісі  ретінде  қарай  отырып, 
педагогика  бүл  қозғалыстан  сан  жағынан  жинақталу  жэне  сапа  жағынан
10

елеулі  өзгеріетер  болатынын  бөліп  көрсетеді.  Баланың  дамуын да  оның 
танымдық әрекеттері дамып отырады.
Бала  дүниеге  келгеннен  бастап,  даму  үрдісі  үздіксіз  жүріп  отырады. 
Мектепке  дейінгі  шақтың  соңында  баланың  психикасы  мектепте  оқи 
бастауға  қажетті  жэне  жеткілікті  даму  дәрежесіне  жетеді.  Мэселен,  жеті 
жастағы балаға:
1.  сөйлеудің  даму  дәрежесі,  сөз  қоры,  белсенді  жэне  пассивті  сөздігі 
қажет;
2.  қоршаған дүние жайлы үғымдар қажет;
3.  қажетті  іс-әрекет  жайлы  икемділігі  мен  дағдыларының  (қарындашты 
үстай білу, желімдеу, кесу,  сурет салу) дамуы;
4.  икемділікке  өзін  жеге  білу  үстінде  көрінетін  бала  еркінің  дамуы, 
күрделігіне 
қарамастан 
берілген 
тапсырмаларды 
ынталана 
орындауы, мұғалім қоятын талаптарға бағынуы тэн.
Мектепке  келген  кезінен-ақ  балада белсенді  ақыл-ой  эрекеті  сияқты 
аса  маңызды  қабілет  қалыптасады.  Бүл  қабілет  оки  білуге  үйрену 
ынтасынан  көрінеді.  Оқытудың  алғашқы  қадамдарынан  бастап-ақ  мектеп 
осы  қабілетті  жан-жақты  дамытып,  әрі  жаттықтырып  отыруға  тиіс. 
Бастауыш мектепте  баланың  бүкіл  психикалық әрекетін:  зейін,  қабылдау, 
есте  сақтау  мен  есте  қалдыру,  ойлау,  бақылау  әрекеттерін  реттеп  отыру 
арқылы танымдық әрекеті қалыптасады.
Психологтардың, 
педагогтардың 
(Н.Лейтес, 
А.Люблинская, 
Я.Пономарев,  Ж.Пиаже,  А.Зак,  т.б.)  зерттеулерінше  оқушының  мектептегі 
кезендерінің  ішінде,  әсіресе,  бастауыш  мектеп  кезеңінде  оқушылардың 
танымдық әрекеттерінің психологиялық негізі  қалыптасады  және елестету, 
армандау,  шығармашылық  ойлау  жэне  ойлау  операциялары:  талдау, 
жинақтау,  жалпылау,  салыстыру  жэне  т.б.  жете  дамиды.  Сонымен  қатар 
эрекетті  бағалау,  қорытынды  шығару  жэне  өз  пікірін  айту  сияқты  керекті 
негізгі қабілеттер де көріне бастайды.
Баланың өз мінез-қүлқына, өз ақыл-ой әрекетіне ие болуы осы әрекет 
тәсілдерін  меңгеру  үрдісінде  өтеді.  Сондықтан  мүғалімнің  міндеті 
бастауыш  сынып  оқушысына  оқу  жүмысының  неғүрлым  жетілген 
әдістерімен  мүғалімді  тыңдай  білу,  бақылау,  оқулықты  оқи  білу,  мән- 
мағынаны есте сақтау,  оқылған нәрсені есте  қалдыру,  жатқа білу, есептерді 
талдап,  шешу,  дэптердегі  оқу  материалына  ынта  қою,  тағы  осылар  сияқты 
әдістерімен  қаруландыру  керек. 
Сондай-ақ,  бастауыш  сыныптардағы 
оқушыларға 
тэн 
кейбір 
жалпы 
физиологиялық, 
биологиялық 
ерекшеліктерді еске алып отырудың маңызы зор.
Бүл  орайда  С.Г.Хорошавина  мидың  үлкен  жарты  шарларының 
функционалдық  асимметриясын  ескере  отырып,  адамда  жарты  шардың 
біреуі  жүмыс  жасайды,  сондықтан  біреулер  дәл  ғылымға,  келесілері
11

бейнелік  ойлауға  икемді  келеді  деген  ойды  айтады. 
З.И.Калмыкова 
адамдарды  мидың  сол  жақ  жарты  шары  дамыған,  оң  жақ  жарты  шары 
дамыған, екі жарты шар бірдей дамыған деп бөліп қарайды.
Медицина,  биология,  психологияда  жэне  басқа  ғылымдарда  адам 
миының  сол  жақ  жарты  жары  доминантты  балалар  ақпаратты  бірмэнді 
логиканың  заңдарына  сәйкес  үздіксіз,  вербальды,  дискурсивті  түрде, 
жалқыдан  жалпыға  көшу  үстанымына  сәйкес  қабылдайды,  ал  оң  жақ 
жарты  жары  доминантты  балалар 
ақпаратты  көп  мәнді  логиканың 
заңдарына  сәйкес  жалпыдан  жалқыға  көшу  үстанымы  бойынша  дискретті 
қабылдайды.  ...Бүдан,  мидың  оң  жақ  жарты  жары  доминантты  балалар 
ақпаратты  қабылдау  кезеңінде  оқу  үрдісімен  тұйықталады,  ал  екінші 
топтағы  балаларға  оқу  үрдісіне  негізделіп  қүрылады.  Сондықтан  бірінші 
топтағы  балалар  мектепте  оқу  жылдарында  оқулықтағы  материалдың 
берілу  стилі  мен  мүғалімнің  түсіндіру  логикасына  сүйенуіне  тура  келеді. 
Бүдан  дидактогендік  түрғыдағы  проблема  туады:  балалардың  мектептегі 
дискомфорты  олардың  физикалық  жэне  психикалық  денсаулықтарының 
төмендеуіне әкеп соғады.  Сонымен,  білім мазмүны мен оқыту жағдайының 
бала  генотипі  ерекшеліктеріне  сэйкес  келуін  қамтамасыз  ету  оқу 
ақпаратын 
қабылдау 
сипаттамасын 
анықтайды, 
оқыту 
тиімділігін 
күшейтудің 
қажетті 
жағдайы, 
жалпыға 
арналған 
мектептердегі 
валеологиялық параметрлердің жақсаруы болып табылады.
Бастауыш  сынып  оқушыларының  маңызды  тағы  бір  ерекшелігі  -  
олардың  эмоционалдық  көңіл  күйінің  көтеріңкілігі.  Жарқын  айтылған  бір 
ауыз  сөз,  көрілген  фильм,  оқылған  кітап  не  әңгіме  балаларды  баурап 
алады,  олардың жан  сарайында жаңғырық тудырады.  Ділмарсу,  үзақ-сонар 
әңгімелер,  өзгермейтін  біркелкі  істер  оқушыларды  тартпайды  жэне  оларға 
қалыптастырғыш қажетті ықпал жасай алмайды.
Бүл  жастағы  балалар  айтқанға  оп-оңай  көнгіштігімен  ерекшеленеді, 
олар  ересек  адамдардың,  әсіресе  мүғалімнің  тэрбиелеу  ықпалына  тез 
беріледі.  Оқушыға әр алуан ықпал етудің мүғалім жасаған жүйесі жэне сол 
жүйені  үқыптылықпен  жүзеге  асыру  балалардың  қалыптасуына  жағымды 
эсер етеді.
Бастауыш сынып оқушылары әдетте эр түрлі тапсырмаларды ұқыпты 
орындайды,  іс  үстіне  зор  табандылық  көрсетеді. 
Тапсырмалар  беру 
жүйесін  қүру,  оның  орындалу  сапасын  бақылау,  қол  жеткен  табыстары 
үшін  балаларды  мадақтап  отыру  жолымен  осы  ерекшелікті  үнемі  дамыта 
берудің  маңызы  зор.  Мұғалімнің  ғана  емес,  бүл  ретте  өз  құрбы- 
қүрдастарының 
мақүлдауына 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
сезімталдықпен қарайтынын есте үстау маңызды болмақ.
Бастауыш  мектептің  маңызы  мен  қызметі  оның  үздіксіз  білім  беру 
жүйесіндегі  басқа  буындармен  тек  сабақтас  болуымен  ғана  емес,  ең
12

алдымен,  оқушы  тұлғасы  үйытқысының  қалыптасуы  мен  дамуы  қуатты 
жүретін 
аса  маңызды, 
қүнды, 
қайталанбайтын 
буын 
екендігімен 
анықталып негізделеді.
Бастауыш  мектептің  алдында  үнемі  оқу,  жазу,  есептеудің  тиянақты 
дағдыларын,  қарапайым  тілдік  қарым-қатынас  тәжірибесін,  қоғам  және 
табиғат  туралы  бастауыш  білім  беру,  мәдениеттілік  пен  эдепті  мінез- 
құлықтарға  дағдыландыру,  шығармашылықпен  өзін-өзі  көрсетуге,  мінез- 
құлық мәдениетін,  жеке  гигиена жэне  салауатты  өмір  салтының  негіздерін 
қалыптастыруға бағдарланған,  басқаша  айтқанда,  баланың  жеке  тұлғасын 
қалыптастыру, оның жеке қабілетін ашу және дамыту міндеті тұрады.
Бастауыш  білім  оқу,  жазу,  математика,  жаратылыс  тану,  жағрапия, 
Қазақстан  тарихының  мәліметтері,  сурет,  ән-күй,  қол  еңбегі,  дене 
шынықтыру  пәндері  бойынша  беріледі.  Білім  алу  үрдісінде  оқушылар 
дүрыс,  еркін,  тез  эрі  түсінікті  оқуға,  өз  ойларын  ауызша,  жазбаша  дүрыс 
қорытуға,  мазмұндауға,  арифметикалық  есептер  шығаруға  баулынады, 
оларға  табиғат  жөнінде  кейбір  түсініктер  беріледі.  Оқу  барысында 
балалардың 
көркемөнерге 
деген 
ынтасы, 
өнерге 
деген 
ықыласы, 
сүйіспеншілігі  артады,  шығармашылық  қабілеті,  музыкалық  сезімі, 
эстетиканы  (көркемдікті)  сезіне  білу  қабілеті  дамиды.  Баланың  ғылыми 
мәліметтерді  үғып  алуға  ынталануы,  ойлану  операцияларын  игеруі  оның 
ойлау  қабілетінің  басты  ерекшеліктеріне  айналады  да,  ол  қажетті 
білімдерді  меңгере бастайды.  Бастауыш  білім  алу үрдісінде  жас  өспірімнің 
одан эрі білімін жетілдіре беруіне негіз салынады.
Қазіргі  уақытта  тәуелсіз  Қазақстанда  бастауыш  білім  жалпы  орта 
білім  беретін  мектептің  1-4  сыныптарын  қамтыса,  12  жылдық  білім  беру 
жүйесінде  бастауыш  саты  1-5  сыныптарды  қамтымақ.  Оқыту  5-6  жастан 
басталады. 
Сондықтан 
жоғарыдағы 
педагог-психолог 
ғалымдардың 
еңбектерін  оқып  зерделегенде,  танымдық  әрекетті  бастауыш  сыныпта 
қалыптастыру  қажеттігі  мен  маңыздылығы  бастауыш 
мектеп  жасында 
бала  зейінінің  дамуы,  үшқыр  да,  шапшаң  қабылдау,  ашық  ойлау,  есте 
сақтау жолымен  жүретіні көрінеді.
Оқушының  танымдық  әрекеті  деп  оқылатын  пән  туралы  теориялық 
білім  алуға  жэне  есеп  шығарудың  жалпы  амалдарын  игеруге  бағытталған 
оқу-танымдық  жүмысы  түсініледі.  Оқу  әрекеті  қабылдау,  ойлау,  зейін, 
қиялдау  сияқты  психикалық  үрдістердің  дамуына  эсер  етеді.  Ойлау 
эрекетінің  міндетті  қүрама  бөлігіне  анализ,  синтез,  жалпылау,  нақтылау, 
абстрактылау,  салыстыру  жатады.  Бүл  үрдістердің  жетілмеуі  тұтастай 
қарағанда  оқушының  ақыл-ой  дамуын  тежейді.  Сондықтан  оқушылардың 
тек  қисынды  ойлауын  ғана  емес,  бейнелік  ойлауын  дамыту  қажет,  ол 
оқушыға жалпыланған білімді меңгеруге мүмкіндік береді.
Бүл  жерде  бірдей  жастағы  балалардың  жалпы  ортақ  қасиеттері
13

туралы  айтылғанымен,  оның  өзі  әрбір  оқушының  сенім,  дүниетаным, 
мұрат,  бейімділік,  қызығу,  түрткі,  қабілет,  талғам,  көзқарас  арқылы 
сипатталатын тұлға екеніне сүйенуден шығады.
“Педагогика  жэне  психология”  түсіндірмелі  сөздігінде  тұлға  ұғымы 
мэні былай түсіндірілген:  түлға-дербес эрекет ететін субъект ретінде нақты 
жеке  адам  болмысының  қайталанбас,  ерекше  әдісі,  адамның  қоғамдық 
өмірінің  дара  нысаны.  Таным  әлеуметтік,  тіршілік  ету  әдісі  жағынан  дара 
болады,  оның  өзіндік  дүниесі  ерекше  өмір  жолын  белгілейді.  ...Тұлға- 
адамдар  арасындағы  өзінің  ұстаным-орнын  еркін  жэне  жауапкершілікпен 
анықтайтын  адам.  Қоршаған  ортамен,  қоғамдық  жэне  адами  қарым- 
қатынастар  жүйесімен,  мәдениетпен  өзара  эрекеттестікте  қалыптасады.... 
түлға үғымы-отандық психологиядағы негізгі үғымдардың бірі.
Қоршаған  орта  -  бүл  бала  тұрып,  өмір  сүретін  қоғам.  Орта  -  бұл 
баланы тікелей қоршаған дүние,  оның тәрбие, оқып, білім алатын жанүясы, 
ұжымы,  сондай-ақ  оның  түрмыс  жағдайы:  пәтері,  тамақтануы,  бала 
төңірегіндегі  заттар.  Кез  келген  ортаның  ықпал  ету  сипаты  жеке  тұлғаның 
жан байлығына, оның тілек-талаптарына байланысты болады.
Адам-белгілі  бір  қоғамның  мүшесі,  ол  қандай  болмасын  бір  іспен 
айналысады,  оның  азды-көпті  тэжірибесі,  білімі,  өзіне  тән  өзгешеліктері 
болады.  Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке түлға”  етеді.  Мәселен, 
жаңа туған  нәрестенің  адам  деп  атауға толық  болады,  бірақ  ол  жеке  түлға 
емес.  Өйткені  онда  тэжірибе,  білім,  іс-әрекет,  т.б.  жоқ.  Жеке  тұлғаның 
өзіндік  ерекшелігі  дүниетанымынан,  сенімінен,  талғам  мүратынан, 
бағытынан, қабілеті, қызығуынан жақсы байқалады.
Адам  түлға  болып  өмірге  келмейді,-деп  жазады  П.Я.Гальперин,  ол 
адам дамуының кезеңі, тұлға қалыптасады.
Б.П.Мартиросян  ғылыми  зерттеу  жүмысында:  “тұлғаның дамуын  өзі 
анықтайтын  шарт  -  әрекет,  яғни  танымдық  қызығу  мен  қоршаған  орта 
шындығына түрдендіруге бағытталған қажеттіліктен туындайтын қасиет,”- 
деп жазды.
Ал,  әрекет  туралы  Ә.М.Мүханбетжанова  “әрекет  -  субъектінің 
дүниені  өзгертуге,  рухани  немесе  материалдық  мэдениеттің  белгілі  бір 
объектіленген  өнімін  туғызуға  немесе  өндіруге  бағытталған  белсенділігі”,- 
деп 
қарастырады. 
Психологиялық 
сөздікте 
әрекетті 
“объектіде 
психикалық  образдардың  пайда  болуы  мен  енуі  жэне  пәндік  шындықта 
оларға  субъектінің  тікелей  қатынасын  жүзеге  асыратын  үрдістегі 
субъектінің  дүниемен 
өзара  әсерінің 
динамикалық  жүйесі”,-  деп 
анықтайды. 
Педагогика 
жэне 
психология 
бойынша 
қазақ 
тілі 
терминдерінің салалық  ғылыми түсіндірме сөздігінде оны  “саналы түрдегі 
мақсатқа  жетуге  бағытталған  тікелей  жасалатын  еркін,  ниеттілік”  деп 
анықтама берілген.
14

Л.Е.Шубина  әрекетті  философиялық  және  психологиялық  тұрғыдан 
талдай келе келесі теориялық тұжырымдарды ұсынады:
“біріншіден,  түлғаның  қалыптасуы,  білім  алуы,  дамуы, 
оның 
психикасы  мен  санасы  әрекетте  психиканың  жоғарғы  формасы  ретінде 
қарастырылуы мүмкін,
екіншіден, 
әрекетті 
игеру 
шығармашылыққа 
икемді 
тұлғаны 
қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады,
үшіншілен, 
әрекеттің 
пәнділігі, 
мақсатты 
бағытталғандығы, 
ынталылығы, құрылымдылығы оның басты белгілері болып табылады,
төртіншіден,  эрекеттің  кез  келген  түрінің  құрылымына  өзіндік  іс- 
әрекет, операция және оған сәйкес пэн, мотив,  шарт жатады”.
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерден  «әрекет»,  «танымдық 
әрекет»  ұғымдарының ұсынылатын  оқу тапсырмаларының сипатынан  ғана 
емес, оқушының эрекетінен тәуелді оқыту тиімділігімен байланысты пайда 
болатынын білеміз.
Л.С.Выготский,  А.К.Маркова  танымдық  әрекет  адамның  алғашқы 
күндерінен  басталады,  бала  дүниеге  келгеннен  кейін  жекелеген  іс 
эрекеттерді  үйренуде  әрекет  ететінін  (қолын  көтеру,  дыбысқа  бағдар 
жасау,  т.б.),  сол  сияқты  оқушының  өзіндік әрекеті  мектепке  келген  күннен 
бастап байқалатынын айтады.
Танымдық  әрекет,-  дейді  Н.Ф.Талызина,-  элеуметтік  тәжірибені 
меңгеру өнімі.  Адам  өмірдің қоғамдық шарттары  болғанда ғана,  қалыптаса 
алады.  Адам  өмірге  қабілетті  болып  дүниеге  келмейді,  оны  арнайы 
тәсілдер  (математикалық,  графикалық,  биологиялық,  білім  меңгеру,  т.б.) 
мен  арнайы  жэне  жалпы  білім  мен  дағдылардың  өзара  байланысы(пәндік 
білім,  әрекеттің  арнайы  түрлері,  логикалық  ойлау  тәсілдері  арасындағы 
байланыс)  арқылы  қалыптастырады.  Мысалы,  математикалық  немесе 
музыкалық  қабілет  математика  немесе  музыка  әлеміне  араласу  арқылы 
қалыптасады.  Танымдық  әрекет  анықталған  қызметтер  мен  оларға  енетін 
білімдердің жүйесі болып табылады.
Г.И.Шукина  танымдық  әрекет  бұрыннан  белгілі  адами  тәжірибеден 
шындықтардың жиынтығын меңгеру деп түжырымдайды.
В.И.Орлов  танымдық  әрекет  берілген  уақыт  аралығында  алға 
қойылған  мақсатқа  жетуді  сипаттайтын  қызметке  оқушының  қатынасын 
білдіреді  деп  жазған.  Мұндағы  танымдық  әрекетке  оқушының  қатынасын 
әр түрлі  авторлар түрліше түсінеді.  Мысалы, Т.И.Шамова білім  мен әрекет 
тәсілдерін  игеруге  тырысу,  Р.А.Низамов  жеке  тұлғаның  күшейтілген 
танымдық әрекетін сипаттайтын ерік деп қарастырған.
М.Н.Скаткин  танымдық  әрекетті  зейінмен  байланыстырылатын 
тәжірибе  негізінде  ішкі  жэне  сыртқы  деп  бөліп  қарайды.  Оның  ойынша, 
сыртқы  әрекетке  ие  оқушы  тапсырманы  басқа  нәрсені  ойлап  отырып  та,
15

механикалық  түрде  орындайды.  Ішкі  әрекет  дегенде  оқушының  оқу 
материалын оқу үрдісінде оқып-үйренуі қарастырылады.
Танымдық 
эрекеттің 
қүрылымдық  қүраушыларын  психология 
оқулықтарында  ерік,  эмоция,  ойлау  деп 
анықтайды.  Т.И.Шамова  оны 
мотивациялық,  мазмұнды-операциялық,  еріктік  қүраушылардан  түрады 
деп  есептейді.  Танымдық  эрекеттің  қалыптасуының  психологиялық 
қүрылымын  ауызша  баяндау,  көрнекілік,  практикалық  әдістері  көрсетеді. 
(Р.Г. Лемберг)
Б.Т.Барсайдың  пікірінше  оқушының  танымдық  эрекетінің  қүрамдас 
бөліктеріне  “оқуға  деген  қызығушылық,  оқу  кезіндегі  ынта,  өз  бетімен 
танып білуге  қүштарлық,  танымдық мақсатқа жету  жолында ақыл-ой  жэне 
дене қуаттарын тиімді пайдалана білу” әрекеті жатады.
Н.Ф.Талызинаның  көрсетуінше  бастауыш  сынып  оқушыларының 
танымдық  әрекеті  ынталық,  әрекеттің  бағдарланған  негіздер  сызбасын 
қүру,  есте сақтау, орындау кезеңдерінде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет