Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


-қадам. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 3-қадам



Pdf көрінісі
бет133/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138
2-қадам. Оқушылар үш топқа бөлінеді.
3-қадам. Әр топқа тапсырма таратылады. Тапсырманы орын-
дап болған соң, әр топ презентация жасадйы.
1 топ. Интернет қатерлердің қандай түрлері бар? 
2 топ. Интернет-гигиенаның қандай ережелерін білесіз? 
3 топ. Геолокация деген не? Оның артықшылықтары мен 
кемшіліктері қандай? 
4-қадам. Топтардың презентациялары. Оқушылардың жауапта-
рын тыңдау.
3-ЖАТТЫҒУ. «ИНТЕРНЕТ-
ГИГИЕНА»
(ҰСЫНЫЛАТЫН УАҚЫТ: 15 МИНУТ)
СЛАЙД № 5
Сіз қандай да бір сайттардың материалдарын көру үшін тіркелгенде, әлеуметтік 
желілерде жаңа аккаунт ашқанда сіз форма толтырасыз. Кейде бұл тармақтардың 
кейбіреуі болмауы мүмкін. Алайда, өзіңіздің дербес деректеріңізді желіде енгізген 
кезде, ары қарай бақылауда ұстай алмайтыныңызды ұмытпауыңыз керек. Замана-
уи адам техникалық құрылғылардың адамдар туралы деректерді жинайтын және 
өңдейтін технологияларынан жасырына алмайды. Сондықтан, дербес деректерді 
жариялағанда қарапайым ережелерді есте ұстаған абзал.
254
255
ИНТЕРНЕТПЕН БІРГЕ ЖАРАСЫМДЫ ҒҰМЫР КЕШУ
ИНТЕРНЕТПЕН БІРГЕ ЖАРАСЫМДЫ ҒҰМЫР КЕШУ


СЛАЙД № 7
Интернет (жаһандық компьютерлік желі) қазіргі уақытта әлемнің 150-ден астам 
еліндегі 15 миллионға жуық абонент, желінің көлемі ай сайын 7-10 % артып отыр. 
Бұрын Дүниежүзілік желі файлдар жіберу мен электронды пошта арқылы хат алмасу 
үшін қолданылатын. Қазір Интернеттің көмегімен күрделі мәселелер шешіледі, Ин-
тернет өте танымал. Алайда, Интернеттен төнген қауіп-қатер өте көп. 
Егер Интернет-гигиена ережелерін бұлжытпай орындайтын болсаңыз, онда қауіп-қа-
терден қорғануға болады. 
СЛАЙД № 9
Интернет-гигиена деген не?
Денсаулықты қоршана ортада тіршілік ететін вирустар мен бактериялардан қорғауға 
мүмкіндік беретін ережелер гигиена деп аталатынын білесіз. Біз кішкентай кезімізден 
бастап гигиенаны сақтауға (тіс тазалау, тамақтанар алдында қол жуу, жеміс-жидек-
терді жуып жеу) дағдыландық.
Интернетте де вирустар мен басқа да қатерлерден зардап шегуге болады. Одан ден-
саулыққа зиян келмесе де, адамның жан- дүниесіне, көңіл-күйіне, ақшасына жағым-
сыз әсерін тигізеді. Біз кішкентай кезімізден бастап жеке бас гигиенасы ережелерімен 
танысамыз. Сондықтан да, кез келген қолданушы желіде интернет-гигиена ереже-
лерін бұлжытпай орындауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет