Темпус бағдарламасының басты мақсаты – ео және серіктес елдерінде жоғары білім беру саласында ынтымақтастық аймағын құру. Осы мақсатқа жету үшін бағдарлама аясында нақты мәселелер шешіледі



Дата22.11.2022
өлшемі19,36 Kb.
#51803
түріБағдарламасы
Байланысты:
ЕНУ


ТЕМПУС БАҒДАРЛАМАСЫ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ұлыбританиядағы халықаралық тәуелсіз рейтинг агенттігі «QS – World University Rankings» бойынша әлемдік 17 мың университеттің ішінен 2009 жылы – 600-дікке, 2010 жылы – 500-дікке кірген болатын. Сонымен қатар, 2014 жылы ТОП-400 ең үздік университеттің құрамына кірді. Бұл рейтинг – ЕҰУ-дың Орталық Азия аймағындағы ең үздік университет екенін, ал ТМД-дағы осы деңгейдегі 5 университеттің бірі екенін айқындайтын көрсеткіш. Біздің алдымызда жүз жылдан астам тарихы бар Мәскеу, Санкт-Петербург, Томск университеттері мен елу жылдан астам тарихы бар Новосібір мемлекеттік университеті тұр.
ЕҰУ-да еуропалық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтасу «Эрасмус Мундус» және «Темпус» сияқты Еуропалық Одақтың білім беру бағдарламалары шеңберінде жүзеге асады. Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ отандық ЖОО арасында «Темпус» бағдарламасына қатысу көрсеткіші жөнінен алдыңғы орынды иеленеді.
ТЕМПУС – Еуропа Одағының (ЕО) Шығыс Еуропа, Орта Азия, Батыс Балкан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес-елдерде жоғары білім беруді жетілдіру үрдістерін, көбінесе жоғары білім беру орындары арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы қолдауға бағытталған бағдарламаларының бірі.
2012 жылдың желтоқсанында Еуропалық комиссия тарапынан Орталық Азия аймақтарына арналған ТЕМПУС IV жобасын қаржыландыруға байқау жарияланған болатын. Күрделі байқау жобасы нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Еуропалық комиссия тарапынан қаржыландыруға іріктелінді. Жобаның жалпы бюджеті 1 300 000 еуроны құрайды, жобаның бас үйлестірушісі Барселонаның Автономды Университеті (Испания) болып табылады.
ТЕМПУС бағдарламасының басты мақсаты – ЕО және серіктес елдерінде жоғары білім беру саласында ынтымақтастық аймағын құру. Осы мақсатқа жету үшін бағдарлама аясында нақты мәселелер шешіледі:

Бұл жоба Болон үдерісі шеңберінде қатысушы елдердің жоғарғы білімдерін модернизациялауға, сонымен бірге ЕО, Шығыс Еуропа елдерінің және Қазақстанның ғылыми институттары, өндірістері және жоғарғы оқу орындары арасындағы тығыз ынтымақтастықты орнатуға бағытталған.


Жобаға қатысушы елдер құрамына әлемнің 14 елінен 56 ұйым кіреді. Комитет жұмысына Франция, Италия, Грекия, Болгария, Румыния, Молдова, Ресей, АҚШ және Қазақстан елдерінен серіктес жоғары оқу орындары қатысуда.
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӨРІНЕН ОРЫН АЛҒАН ЮНЕСКО КАФЕДРАСЫ
2013 жылдың 23 тамызында Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті мен Халықаралық ЮНЕСКО ұйымы арасындағы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өткен.
Кафедраның мақсаты этникалық және діни толеранттылық саласында зерттеулер, білім беру, ақпарат және іс-қағаздардың кешенді алға жылжуы болып табылады. Ол өз кезегінде, жоғарғы мамандандырылған халықаралық деңгейдегі зерттеушілер мен университеттің және ҚР өзге мекемелеріндегі, сонымен қатар Еуропа елдері мен әлемнің өзге де елдерінің профессорлық оқытушылық құрамы арасындағы ынтымақтастыққа жол ашады.
ЕҰУ ғарыш техникасы мен технологиясын әзірлейтін мамандарды даярлайды.
«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ екі мамандық бойынша кадрларды дайындайды: «Құрылыс материалдарын, өнімдерін және құрылғыларын шығару» және «Ғарыштық техника және технология».
Бұдан басқа, магистратураның бірінші мамандығы оқу бағдарламасы бойынша Университетпен экономиканың шынайы секторлары өндіріс және кәсіпорындар арасында тығыз қарым қатынас орнатылған.
«Шетелдік ЖОО-серіктес ретінде магистратураның екінші бағдарламасымен Берлин техникалық университеті (Германия) анықталған, ал бағдарламаны іске асыруда негізгі кәсіпкер-серіктес «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК АҚ, «Сары шаған» шағын ракеталы-ғарыштық полигоны, «Байқоңыр» ғарыш алаңы және «Петропавл ауыр машина өңдеу заводы» АҚ
болып табылады. Түлектерді ары қарай жұмысқа орналастыруға осы кәсіпорындармен келісім шарт жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет