Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет43/85
Дата01.03.2023
өлшемі1,9 Mb.
#70870
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
Бердің деп жанға рақат мұндай дәрі”.
Жақындар құдайымның көктен күні,
Тең болар жарлықпенен күн мен түні”.
Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,
Құдайым дәрмен бол деп етіп пәрмен...”.
Адамзат сайран етер көңілі жай,
Секіріп ойын салар құлын мен тай.
Қой маңырап, сиыр мөңіреп жат болады,
Тасиды күркіресіп, өзен мен сай.
Аяғын алшақ басып түйе шығар,
Жаратқан мұнша таңсық жабба құдай”.
“Оқу білген таниды, бір жаратқан құдайды”. “Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым”. “Иманды ер Құдайынан ұялады, ұялып иесінен сый алады...”. “Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп, Жақындар Құдайының көктен түні”. “Жөн білмеген адамға, қыдыр ата дарымас”.
Ыбырай Алтынсарин ХІХ ғасырдың соңына таман қазақ қоғамында мақсаткерлікпен жандана түсіп, дамыған діни ағартушылық ағымның негізгі ұстанымдарын да қалыптастыруға зор ықпалын тигізген, аса ауқымды ағартушылығының бір парасын қазақ арасына исламның негіздерін орнықтыру жөніне арнаған жаратылысы сирек заманалық тұлға. Қайраткер.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ тарихындағы асыл рухы, ортаймайтын орны ұрпақ зердесімен уақыт озған сайын ой таразысына түсіп, олқы түспейтін құндылығымен әр жөнінен ашыла береді. Айтыла береді.
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасында көркем шығармалары, оқу-әдістемелік нұсқауларымен бірге этнографиялық очерктері, ХІХ ғасырдағы орыстың белгілі адамдарымен, достарымен жазысқан хаттары, халық ағарту мәселелеріне байланысты жазған нұсқау хаттары, мәлімдеме, есептері де елеулі орын алады.
Ыбырай Алтынсариннің “Орынбор ведомоствосы қазақтарының өлген адамдарды жерлеу және оған ас беру дәстүрлері очеркі”, “Орынбор ведомоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі”, “Орынбор ведомоствосы қазақтарының бала туу және шілдехана дәстүрлерінің очеркі” атты этнографиялық жазбалары ыбырайтануда ғылыми құндылығы айқын еңбектер есебінде бағалан. Бұл очерктер кезінде Россия императорлық географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесі жазбаларында жарияланып тұрған.
Ыбырай Алтынсариннің сан-салалы шығармашылық мұрасы жайлы Мұхтар Әуезов былай дейді: “Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Россияда батыл жасап, “бұратана” елдер үшін тың үлгілі мектеп ашушы. Ол мектептің өзіне бөлек ерекшелігі бар программаларын, оқу құралдарын жазушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектеп жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы. Бұл жөнінде ол қазақтың халық қазынасы – ауыз әдебиетін, орыстың ұлы классикалық әдебиетін өзінше ең алғашқы үлгілерде үйлестіріп туыстырушы болды. Сонымен қатар ол орыстың білімпаз қайраткерлерінің алдына орыстың оқымысты жұртшылығының ілтипатына жеткізіп, қазақ халқының толып жатқан мұраларын, шаруашылық, ағартушылық, саяси-қоғамдық халдерін ірі мәселе етіп жазып танытқан публицист те болды” [108, б.].
Ыбырай Алтынсариннің қымбат та кәделі, асыл мұрасы ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен күні бүгінге шейін ыбырайтану ғылымының негізгі өзегіне айналып отыр.
Ыбырай Алтынсариннің ұлт тарихындағы орны бірнеше ғылым саласының нысаны болып, жан-жақты зерттеліп, зерделенді.
Ыбырай Алтынсариннің ХІХ ғасырда қазақ даласында мектеп ашу ісі, шығарған оқу құралдарының мән-маңызы, жеке бас қасиеттері жайы
Н.И. Ильминский, Ф.Д. Соколовтың естеліктері, Ыбырайдың тәлімін алған шәкірті Ғ. Балғымбаевтың естелік-жазбасы, Шығыс зерттеуші
А.Н. Самойловичтің “Түркі халықтарының әдебиеті” атты зерттеуіндегі Ыбырай Алтынсарин жайлы пікірі: С. Сейфуллиннің, М. Әуезовтің,
С. Мұқановтың, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Ш. Сәтбаева, Ә. Дербісәлин,
Х. Сүйіншәлиев, Б. Ысқақов, Қ. Жұмағұлов, М. Мырзахметов, Ш. Ахметов,
С. Талжанов, Қ. Жармағамбетов, М. Бейсенбаев, М. Жармұхамедұлы,
Ж. Тілепов, т.б. әдебиет зерттеушілерінің Ыбырай мұрасының әдеби құндылығын бағалап-саралауы; тарихшы ғалымдар С. Аспандияров,
Б. Сүлейменов, М. Ақынжанов, философ М. Бурабаевтың, педагогика, психология ғалымдары А.Ф. Эфиров, Ә. Сыдықов, Қ. Жарықбаев, Ә. Ламашев, т.б.: тілші ғалымдар Б. Әбілқасымов, С. Хасанованың еңбектері ыбырайтанудың жемісті, желілі өрісі.
Бұл еңбекте ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілі Ыбырай Алтынсарин жайлы бұрынғы-соңғы зерттеулердің ғылыми нәтижелері негізінде ыбырайтанудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері қозғалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет