Мәдібаева қанипаш қайсақызы


Зар замандық діни ағартушылық және Ыбырай Алтынсарин ұстанымы



бет41/85
Дата01.03.2023
өлшемі1,9 Mb.
#70870
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
2.2 Зар замандық діни ағартушылық және Ыбырай Алтынсарин ұстанымы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының қилы тағдырында ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған, еңбегі бөлек ірі тұлға.
ХІХ ғасырдың соңына қарай тарихтың ұзақ көшінде Қайта өрлеу, Оянушылық дәуірін бастаған қазақ ұлтының рухани дамуында Ыбырайдың ықпалы өлшеусіз.
Бұл тараушада Ыбырай Алтынсариннің патшалық Ресейдің қазақ даласындағы құбылмалы дін саясаты аясында, тізесін батырған өктем күштің өтінде жүріп жасаған ағартушылық еңбегін танып, бағалаудағы қайсыбір кезеңдік шектеулер мәселесі қозғалып, ұзақ жылдардан кейінгі үзілістен соң ғана рухани айналымға қосылып отырған “Шариат-ул ислам” еңбегінің қазақ жазба әдеби тілінің қалыптасуы, ана тіліміздің тазалығын сақтау жолындағы, отыршылдық миссионерлік саясатқа орай өрістеген діни ағартушылықтағы мәні алғаш рет арнайы сөз болды. Ыбырайдың “Қазақ хрестоматиясы” – ағартушылық еңбегінің халық санасынан өшпейтін нұры. Бұл еңбектің басылымы жайлы, қазақ баласын өркениет өріне сүйреген тарихи мәні жайлы да жаңаша пайымдаулар жасалды.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ балаларын оқытуға арнап орыс қырпімен басылып шыққан еңбегіне байланысты уақыт бұрмалап келген ақиқат жайлардың арғы негіздеріне көңіл бөлінді.
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасының қазақ жаңа жазба әдеби тілінің, қазақтың еуропалық үрдістегі жазба әдебиетінің қалыптасып, дамуындағы орны, жазушылық шеберлік, жазудағы әдіс, тәсілі ыбырайтану ілімінің жетістіктерін негіз ете отырып, айқындала түсті.
Ыбырай Алтынсарин халық әдебиеті үлгілерін хатқа түсіріп, кәдеге жаратуда, төл туындылары мен аударма шығармаларында ұлттық негіздерді мықтап ұстана отырып, жаңа сөйлем құрылыстары мен сөз оралымдарын да халықтық тілге ыңғайластыра жасады.
Жазба әдебиет үлгілеріне ауызша тілдің иірімдерін жатырқатпай қосудың жаңа бір үрдісін енгізді.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 1 қарашада дүниеге келді. Әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балғожа бидің тәрбиесін алды.
Балғожа Жаңбыршыұлы 1844 жылы патша өкіметінің Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан қазақ балаларын оқытып песірлер мен тілмаштар дайындайтын арнаулы мектеп ашу туралы шешімімен ашылатын мектепке 1946 жыл немересі Ыбырайды кандидат етіп қабылдау жөнінде өтініш жасайды. Мектеп 1850 жылы ашылып, 9 жастағы Ыбырай оқуға қабылданады.
Мектепте басқа пәндермен қатар орыс, араб, татар, парсы тілдері оқытылған. Мектепті бітірген қазақ баласы мұсылман дінінің де қағидаларын біліп шығатын.
Ыбырай 1857 жылы мектепті үздік оқып, аяқтайды.
1857-1859 жылдары Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясы тағайындаған қыпшақтардың ұзын руының әскери старшыны, атасы Балғожа Жаңбыршыұлының тілмашы болды.
1860 жылы облыстық басқарма Торғай қаласында қазақ балаларын оқытатын бастауыш мектеп ашуды жүктейді.
1864 жылы қаңтардың 8-жұлдызында мектеп ашылады. Халық бұл шараны қуанышпен қарсы алып, той жасаған.
Ыбырай Ильминскийге мектеп ашылған соң өзінің бар ғұмырлық мұратын айқындайтын астар жатқан әйгілі хатын жазды. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық жолы басталды…
“... балаларды оқытуға мен қойға шапқан аш қасқырдай құштарлықпен кірістім” деп жазды ол.
1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
Ы. Алтынсарин ең алдымен барлық уездік қалаларда екі кластық орыс-қазақ училищелерін ашты.
Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен, қажыр-қайратымен қазақ жерін бүтін бір мектептер жүйесі құрылды.
Ырғызда қазақ қыздарына арналған интернаты бар мектеп ашылды.
Ыбырай Алтынсариннің 4 орталық екі кластық орыс-қазақ училище: 1 кәсіптік, 5 болыстық мектеп ашты.
Ауылшаруашылық училищесін ашуды ойластырып жүргенде Ыбырай Алтынсарин қайтыс болды. Өзіне тиесілі жерлерді сол училищеге қайтыс болар алдында мұраға қалдырып кетті.
Саналы ғұмырын қазақ баласының озған жұрттармен тең дәрежеде өмір сүруі жолындағы күреске арнаған Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілде күні қайтыс болды. Ұлтына деген ғажайып махаббаты ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында атқарған нақтылы шара, үлкен істеріне дарыды.
Ыбырай Алтынсарин өзінің ұлт мүддесін көтерген ұлы мұраты жолында қыруар еңбек бейнетін кешті, замананың қисынсыз қысымын бастан өткерді.
Кеңес заманында Ыбырай Алтынсариннің ұлтына сіңірген еңбегі белгілі-бір мәселелерде біржақты танылып, бағаланды.
Ыбырай Алтынсариннің ұлтын сүюі, ұлтына араша түсуі, оның қамын жеп, қамқор болуы – әрбір жаңа ұрпақ қайта танып отыруға тиіс, ұмытылмайтын ғибрат.
Ыбырай Алтынсариннің тарихи тұлғасы, Шоқан Уәлихановтың, Абайдың қазақ тарихындағы орны жаңа ұрпақ зердесімен әр қырынан замана көшінде ашыла беретін құндылық.
Ыбырай Алтынсариннің өзі өмір сүрген қоғам, өз заманында екі оттың ортасында ғұмыр кешкен күйін Мұхтар Әуезов осыдан жарты ғасыр уақыт бұрын айқын, ашып айтады.
“... Он чувствовал двухсторонное давление от церкоников и мусульманства. Мусульмане считал, что он хочет крестить казахских детей, клеветал на него, а Ильминский который официально помогал ему, был убежденный христианин миссионер, уверял всех, что через эти школы скорее можно провести свою идею обрусение казахов”.
Қазақ хрестоматиясы” [102] – Ыбырай Алтынсариннің қазақ мектебінде оқитын балаларға арнаған, қазақ тарихындағы таза ана тілінде жазылған тұңғыш оқулық. “Қазақ хрестоматиясы” 1879 жылы Қазан қаласында орыс қарпімен басылып шықты.
Балаларды оқытуға “қойға шапқан аш қасқырдай” құштарлықпен кіріскен ұлы ұстаз қазақ баласының өркениетке ендігі қадам басқан заманындағы тұңғыш білім әліппесі, тұңғыш оқулығы “Қазақ хрестоматиясының” Сөз басында қазақ баласының ол кездегі пайдаланып отырған кітаптары татар тіліндегі кітаптардың барлығы дін туралы деп, дүнияуи білімге үйрететін мектепке берері жоғын айтып келіп шешім жасады.
“Осылармен қабат, бір ескеретін нәрсе – қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды: оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін тек сана-сезім өнерді жалпы білім мен өнерді үйрену керек болып отыр [103, 24 б.].
“Қазақ хрестоматиясы” – Ыбырайдың ағартушылық еңбегінің халық санасынан өшпейтін нұры. Ыбырай Алтынсарин осы еңбегінде өзінің бар қасиетін ашты. Жазушылық, педагогтік, ғалымдық алымын танытты. Ыбырай Алтынсарин бұл еңбегінде қазақ тілінің тазалығын сақтады, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің жаңа жанр, жаңа мүмкіндіктерін ашты. Ыбырай “Қазақ хрестоматиясы” арқылы білімге ұмтылған қазақ баласының бар арманын орындаудың басында болды.
Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясының” алғы сөзінде кітаптың орыс қарпімен басылуының себептерін ұғындыруында бір жағынан ұлтының алдында ақталып алуды да көздейді.
Оқу құралын жасаудың Азия халықтарында үлгісі, өнегесі жоқ екенін, орыстың пайдалы кітаптарын үлгі ететінін айтады.
“Жоғарыда айтылған қолайсыздықтарды оқу ведомоствосының зиялы оқымыстылары бұрын да көрсетіп келген болатын, сондықтан мен білімді адамдардың ақылын алып, екінші жағынан, өзім де осылай етуді қажет деп тауып, осы хрестоматияны құрастыруға кірістім”.
Хрестоматияны Ы. Алтынсарин екі кітап етіп шығармақ болған. Осы төңіректе ыбырайтануда түрлі дерек орын алып келе жатқанын айтқан жөн.
1941 жылы Ы. Алтынсариннің 100 жылдығы қарсаңында жарияланған мақаласында ғалым Бейсенбай Кенжебаев “Қазақ хрестоматиясының” 3 кітабы басылып шықты дейді. Біріншісі – 1879, екіншісі – 1880, үшінші кітап –
1889 жылы.
“Бұл кітаптарында Ыбырай балаларға жаратылыс, география, өсімдік, жануарлар жайында, әлеуметтік тіршілік, тарих жайында жеңіл, түсінікті, көркем тілмен білім береді...” [90, 158 б.].
“Қазақ халқының ұлы демократ ағартушылары” атты диссертациялық еңбегінде зерттеуші Қасым Жұмағұлов та осындай мәлімет берген. 1879 жылы Қазанда бірінші кітап, 1880 жылы Тройцкіде екінші кітап, үшінші кітабы Ыбырай қайтыс болғаннан кейін 1889 жылы Қазанда шықты.
Ыбырай Алтынсариннің өмірін, шығармашылық мұрасын көп зерттеген, кең зерттеген ғалым Әнуар Дербісәлиннің мәліметі мынадай: “Хрестоматияны Ыбырай алғашқыда екі кітап етіп шығаруға жобалаған еді.
... Бірақ бұл екінші кітабын ол толық аяқтай алмады. Оның жазылып біткен жеке тараулары ағартушының өзі қайтыс болғаннан кейін, қолжазба күйінде жоғалып кеткен. Бұл кітабына ағартушы айрықша үміт артқан еді.
“Қазақ даласының қазіргі жағдайында маңызы күшті болатын бұл еңбекті, – деп жазды ол 1880 жылы, – ойдағыдай орындап шығуыма құдай тек өмір мен күш беретін болсын, мұны жақсылап қолдана білсек, бұл қазақ даласына көп өзгеріс енгізеді” [97, б.].
Қайнекей Жармағамбетов “Қазақ хрестоматиясының” бірінші кітабы 1879 жылы, екінші кітабы 1880, үшінші кітабы 1889 жылы басылып шықты дейді.
Тілші ғалым Бабаш Әбілқасымовтың Ыбырайдың шығармашылық мұрасы жайлы тұжырымы осы мәселе төңірегіндегі қилы пікірлердің шешіміне бастар түйін.
“Алайда Ыбырайдың барлық мұралы әлі жиналып біткен жоқ және, өкінішке орай, бұл саладағы жұмыс белгілі бір жоспар бойынша жүргізілмей отыр. Ыбырай мұрасын жинап, зерттеумен айналысып жүрген жекелеген тарихшы, әдебиетші, тілші, педагог ғалымдар бола тұрса да олардың басын қосып бір бағытқа нұсқаушы ғылыми орталық жоқ деуге болады. Содан болуы керек, Ыбырайдың бірнеше жыл еңбектеніп, бітірген “Қырғыз хрестоматиясының” 2-кітабының қолжазбасы әлі күнге дейін табылмай отыр. Осы орайда көңіл аударарлық бір жай мынадай. Қазақ ССР Ғылым академиясының сирек кітаптар қорында Ы. Алтынсариннің бұрынғы шәкірті Ғабдолғали Балғымбаевтың естелігі сақтаулы тұр. Онда мынадай жолдар бар: “Ол (Ыбырай) қайтыс болғаннан кейін оның орнын басқан А.А. Васильев те қазақ тарихы бойынша және тағы басқа да, оның ішінде хрестоматияның
2-бөлімінің және тасқа басылған “Шарият-ул-исламның” қолжазбалары болды. Хрестоматияның қолжазбасын баспаға дайын күйінде өз қолымен қайта көшіріп, 1940 жылы басқа да қазақ фольклорымен бірге мен арқылы академияның қазақ филиалына өткізу үшін беріп жіберді, ол үшін, меніңше, 200 сом ақша төленді” [70, б.].
Мына бір жай мәселені және шиеленістіре түсетіндей.
1883 жылы 1 сәуірде Катаринскийге жазған хатында Ыбырай Алтынсарин былай деген: “Хрестоматияның екінші бөлімін жазып жатырмын, жаратылыс тарихы бөлігін аяқтадым, енді географиялық суреттеме бөліміне кірісіп отырмын. Бірақ, тағы да бұл хрестоматияны араб әрпімен бастыру керек-ау деген ойдамын.
... Менің құдай парызы туралы оқу құралым жайында Николай Иванович әлі күнге ешбір жауап бермей отыр. Мұнысы таңырқарлық та, күйінерлік те іс болды” [103, 257 б.].
“Қазақ хрестоматиясы” орыс қарпімен басылып шықты. Қазіргі кезеңде осы жайдың көп астары, көп қатпары бізге бүккен біраз сырын ашты.
1871 жылы Ильминскийге жазған бір хатында Ыбырай былай дейді:
“Сіз бір хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі.
... орыс әрпімен жазылған кітаптар қазақ арасына тап біздің ойлағанымыздай жеңіл және тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан, фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан орыс жазуына көзі үйренбегендіктен, оның таныс еместігінен, оның үстіне елімізде тарап отырған татар жазуының әсерінен...
Ал, араб әрпімен жазылған кітаптарды алатын болсақ, егер бұл кітаптар пайдалы кітап болса, ең алдымен, мазмұны қызық болса, мектептен тыс ел арасына тез жайылып, қазақ жастарын білімге тартуға жетекші бола алады. Шынына келгенде, қазақ сөздері орыс әрпімен анағұрлым дұрыс жазылатын болса да, татарша жазу қазақ тілінің тазалығына және бүтіндігіне зиян келтіретін болса да, көп уақыттарға дейін татар жазуын қазақтардан айыру мүмкін емес екенін біз еске алуымыз керек. Неге десеңіз, қазақтың діні сол жазумен жазылған, қазақтар арабша, татарша намаз оқиды...
Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек.
... Бұл арада әріптің арабша, не орысша болуы – араб әрпінің ептеген зияны болғанымен, ісімізге онша кесел келтірмейді” [75, б.].
Мұсатай Ақынжанов орыс грамматикасының негізінде қазақ әліпбиін жасаудың басында В.В. Григорьев тұрды дейді. 1867 жылы ол қазақ тілінің дыбыстарын орыс әліппесінің әріптеріне үйлестіріп қазақ алфавитін орыс графикасы негізінде қайта құру туралы тұңғыш рет мәселе көтерген.
М. Ақынжанов Ыбырайдың 20 жылдық оқу-ағарту жұмысы Ильминскиймен дипломатиялық күресте өтті. Ильминскийдің алдына қойған мақсаты: аз ұлттар арасында оқу-ағарту жұмысын жүргізгенсіп, ол елдердің ішінде христиан дінін таратып, ұсақ ұлттарды орыстандыру болды дейді.
Алфавит өзгерту жайында Ильминскийдің ұстанымын М. Мырзахметов арнайы зерттеп, көп нәрсенің көзін ашты.
“Осы себепті Ильминский 1869 жылы Ағарту министріне жазған хатында: “...Ы. Алтынсарин қазақтардың ортасында өзі мектеп ашса, орыс алфавитін сонда қолданса, оны орыс елінің адамдары істетіп отыр дегізбесін, өз ашқан болса... оны орыс бастықтарының инициативасы деп халық ойламайтын түрде жүргізсе ең әуелі жаңа идея Алтынсариндікі болады” [70, б.].
Ильминский қазақтар орыс алфавитімен жазатын болса, ол жазу қазақтарды өзінің шырмауынан шығармай, өзіне тарта береді... деген.
1876 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторының Ішкі істер министріне жазған қатынас қағазында орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек... Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды деп жазған.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы саяси-әлеуметтік ахуал, қазақ даласындағы мектептің жайы, оқудың жайы жаңа бағыттарға жол ашты.
“Қазақ хрестоматиясының” құрылымы орыс хрестоматияларының үлгісімен жасалды. Оқулыққа енген көпшілік шығармалар, Ыбырайдың өзі атап көрсеткеніндей, Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
Еңбекте халық ауыз әдебиеті үлгілері, қазақ ақындарының өлең-жырларынан үзінділер берілді.
Зерттеушілердің атап көрсеткеніндей, Ы. Алтынсарин аударма шығармаларды да, ауыз әдебиеті үлгілері тәсілін мейлінше шығармашылықпен пайдаланып әрлей түсті.
Ыбырай Алтынсарин осы еңбекте өзінің жаңа үлгідегі қазақ әдебиеті тарихындағы жаңа жанрлардың бастапқы үлгі, нұсқаларын шығарды.
Қазақ хрестоматиясы” 4 тараудан тұрады.

  1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан алынды: мысалдар мен халық әдебиеті; балалардың туғандарына жазған хаттары.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет