Медицина факультеті


П.Дебай және Э.Хюккельдің күшті электролиттер теориясы



бет13/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
12. П.Дебай және Э.Хюккельдің күшті электролиттер теориясы.
1923 жылы Дебай мен Гюккель күшті электролиттер теориясын жасады. Бұл теорияның жасалуына И.А. Каблуков, Кистяков, А.Нояс т.б. ғалымдар қомақты үлес қосты. Бұл теория бойынша күшті электролит ерітінділерінде әр аттас иондардың арасында электростатикалық тартылу бірдей аттас иондардың арасында тебілу күштері әсер етеді. Әрбір ионның жанында қарсы таңбалы ионның атмосферасы, қоршауы болады.Осы әрекеттесулер нәтижесінде концентрациялы ерітінділерде і коэффициенті концентрация өскен сайын арту орнына кемейді. Себебі иондардың арасында өзара әрекеттесулер болады. Концентрация жоғары болған сайын иондық атмосфера тығыз бола түседі. Ион бір полюске жылжыса иондық атмосфера басқа полюске жылжиды. Сонымен бірге сольваттық қабықта иондарды тежейді. Иондық әрекеттесулер және солваттану олардың жылдадығын тежеп қана қоймай, сонымен бірге осмостық қысымын қаныққан бу қысымының төмендеуін кемітеді. Сондықтан күшті электролиттерге арнап, Льюс белсенділік шамасын енгізген.
a= fc a- электр белсенділігі, c – аналитикалық коэффициент, f- активтілік коэффициенті.


13. Буферлі ерітінділер дегеніміз не? Буферлі ерітінділердің маңызы. Қышқылдық, негiздiк және амфотерлік буферлі ерітінділердің анықтамасын жазып, түсінік беріңіз.
Буферлік ерітінділер — сутек иондарының концентрациясын белгілі бір дәрежеде ұстайтын ерітінділер. Олар негізінен әлсіз қышқылдар немесе негіздер және олардың тұздарының қоспасынан тұрады, сұйылтқанда, концентрлегенде, күшті қышқыл немесе негіздің аз мөлшерін қосқанда өзінің сутектік көрсеткішінің (рН) мәнін болымсыз өзгертеді. Мысалы: ацетаттық буферлік ерітінділернің (СН3СООН+ +СН3СООNa қоспасының) pH-ы 4,7, лимондық Буферлік ерітінділернің (С6Н6О7Na2 ерітіндісі) pH-ы 5,0, фосфаттық Буферлік ерітінділернің (Na2Н2РО4+ +NaОН қоспасының ерітіндісі) pH-ы 11,5. Буферлік ерітінділер аналитикалық химияда, биохимиялық және физиологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Буферлік ерітінділер тірі организмдерде үлкен рөл атқарады (мысалы, қанның, лимфалардың, клеткааралық сұйықтардың pH тұрақтылығы). Олардың бикарбонаттық, фосфаттық, белоктық (белоктар әлсіз қышқылдық әрі негіздік қасиет көрсетеді) табиғаты бар. Тірі организмдегі рөлі Буферлік ерітінділер аналитикалық химия да, биохимиялық және физиологиялық зерттеулерде кеңінне қолданылаты. Буферлік ерітінділер тірі организмдерде үлкне рөл атқараты (мысалы, қанның, лимфалартың, клеткааралық сұйықтартың pH тұрақтылығы). Олартың бикарбонаттық,фосфаттық, белоктық (белоктар әлсіз қышқылтық әрі негіздік қасиет көрсетеді) табиғаты бар. Буферлі ерітінділерде сутектік көрсеткіш мәнінің сұйылтқанда немесе қышқыл, негіз қосылғанда тұрақты болып келуі, сол қарастырып отырған жүйеде орнаған қышқылды - негіздік тепе-тендіктің ығысып, сутек иондарының концентрациясын тұрақты етіп тұруынан туындайды.

Мысалы, сірке қышқылымен оның тұзы натрий ацетатының буферлі қоспасына аздаған күшті тұз қышқылын қосалық. Осы арада, тұз қышқылы, буферлі ерітіндідегі орнаған төмендегі тепе-теңдікті ығыстырады:




14. Күштi қышқыл немесе сiлтi қосқанда буферлi жүйелердегi сутегi иондары концентрациясының өзгермеуiн түсіндіріңіз. Мысалы: негіздік буферлі жүйеде және қышқылдық буферлік жүйеде бұл процестер қалай жүреді. Реакция теңдеуін жазып түсіндіріңіз.
Күштi қышқыл немесе сiлтi қосқанда буферлiк жүйелердегi сутегi иондары концентрациясының өзгермеуi олардың негiзгi қасиетi болып табылады. Күштi қышқыл қосқанда сутегi иондары буферлiк жүйедегi протонның акцепторымен әрекеттеседi, соның нәтижесiнде сутегi иондарының концентрациясы өзгермейдi. Сiлтi қосқанда гидроксид–иондар буферлiк жүйедегi протонның донорымен әрекеттеседi, сол себептi рН өзгермейдi. Мысалы: Негiздiк буферлiк жүйеде бұл процесс былай жүредi:
NH4OH + HCl = NH4Cl + H2O

NH4OH + H+ + Cl– = NH4+ + Cl– + H2O


NH4OH + H+ = NH4+ + H2O


15. Қанның буферлік жүйесі. Гидрокарбонатты (бикарбонатты) буферлік жүйелердің әсер ету механизмін талдаңыз. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі олардың биологиялық рөлі қандай?

Организмде биологиялық орталардың қышқылдылығын тұрақты ұстап тұратын тең процестер болады. Олардың тұрактылығы буферлiк жүйелердiң әсер ету механизмiмен тiкелей байланысты. Бикарбонаттық буферлiк жүйе қан плазмасының негiзгi жүйесi болып есептеледi. Бұл жүйе әлсіз көмiр қышқылынан (К = 3,3 10–7) және нaтрий бикарбонатынан тұрады. Қандағы буферлiк қатынас мынадай: H2CO3 = 1


NaHCO3 = 20


Оксигемоглобин – гемоглобин жүйесi қанның буферлiк сиымдылығының 75%-iн құрайды, ол гемоглобин ионы (Hb–) мен гемоглобиннiң (HHb) арасындағы тепе-теңдiкпен сипатталады:


HHb – донор
Hb– – акцептор

Hb– + H+ = HHb


HHb + OH– = Hb– + H2O
Фосфаттық буферлiк жүйе клетка iшiлiк және тканьдiк негiзгi жүйе болып есептеледi. Бүйректе жүретiн физиологиялық процестерде маңызды роль атқарады. Бұл жүйе 2 тұздан тұрады:
NaH2PO4 (H2PO4– - протонның доноры
Na2HPO4 (HPO42– – протонның акцепторы)

H2PO4– = H+ + HPO42–


pH = 7,4 болғанда, NaH2PO4 = 4

Na2HPO4 = 1


Тканьдiк метаболизмнiң қышқыл туындылары гидрофосфатпен нейтралданады:
HPO42– + H+ = H2PO4–
Сiлтiлiк туындылар дигидрофосфатпен әрекеттеседi

OH– + H2PO4– = HPO42– + H2O


Түзілген өнiмдер бүйректе жиналып, несеппен сыртқа шығады.
16. Фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмін талдаңыз. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі олардың биологиялық рөлі қандай?

Фосфаттық буферлiк жүйе клетка iшiлiк және тканьдiк негiзгi жүйе болып есептеледi. Бүйректе жүретiн физиологиялық процестерде маңызды роль атқарады. Бұл жүйе 2 тұздан тұрады:


NaH2PO4 (H2PO4– - протонның доноры
Na2HPO4 (HPO42– – протонның акцепторы)

H2PO4– = H+ + HPO42–


pH = 7,4 болғанда, NaH2PO4 = 4

Na2HPO4 = 1


Тканьдiк метаболизмнiң қышқыл туындылары гидрофосфатпен нейтралданады:
HPO42– + H+ = H2PO4–
Сiлтiлiк туындылар дигидрофосфатпен әрекеттеседi

OH– + H2PO4– = HPO42– + H2O


Түзілген өнiмдер бүйректе жиналып, несеппен сыртқа шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет