Медицина факультеті


Комплексті қосылыстардың биология мен медицинадағы маңызы



бет24/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

38. Комплексті қосылыстардың биология мен медицинадағы маңызы.
Комплексті қосылыстардың маңызы
Халық шаруашылығында қолданады: оларды Pt металдарын, Au, Ag, Cu, Ni, Co алуға және тазалауға пайдаланылады.Сирек кездесетін металдарды бөлуге аналитикалық химияда сапалық, сандық анализдерге қолданады.Металдарды коррозиядан қорғауға қолданады. Металдарға жабысқақ қасиеті бар тұрақты және ерімейтін комплексті қосылыстар коррозия процесін баяулатады немесе мүлдем тоқтатады.
Комплексті қосылыстар жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік процестерінде үлкен роль атқарады. Адамдар мен жануарлар қанының құрамындағы гемоглобин тыныс алу процесін қамтамасыз етеді. Гемоглобин – комплекс - белок глобинмен байланысқан күрделі протеид. Гемоглобинді қанның тыныс алу пигменті деп атайды. Ол оттегін қайтымды түрде қосып алып, оны өкпеден қан тамырлары арқылы барлық ұлпаларға жеткізеді, ол ұлпадан көмірқышқыл газын тасымалдайды. Темірдің тотығу дәрежесінің оңай өзгеруінің арқасында, гемоглобин оттегімен оңай қосылады да, оны ұлпаға ешқандай қиындықсыз береді.
Комплекс түзуші элементтерді “тіршілікті ұйымдастырушылар” деп атайды. Соңғы кезде Pt-ң және Pd-дың комплексті қосылыстарын қатерлі ауруларды емдеуге пайдалануға болады.
Хелатты комплексті қосылыстарды бүйректегі тастарды ерітуге және судың кермектігін жоюға қолданылады. Комплексті қосылыстарды клиникаларда дәрі-дәрмек ретінде қолданып, әр түрлі ауруларды емдеуді хелатты терапия деп атайды.Трилон Б көптеген металл иондарымен комплексті қосылыстар түзеді. Сондықтан ағзада кальций тұздары бөліне жүретін ауруларды емдеуге пайдаланылады.
НООС-СН2
CH2COOH
немесе Na2H2Tr
N-CH2-CH2-N
NaООС-СН2
CH2COONa
Дәрілік заттар
[Pt(NH3 )2Cl2 ]
Ісікке қарсы
Na ₃[Au(S2O3)2 ]
Қабынуға қарсы
Мыс (II) салицилаты
39. Тотығу-тотықсыздану реакциясының анықтамасы және олардың жіктелуіне сипаттама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары реакцияға қатысушы заттардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакциялар. Тотықсыздану дейтініміз атомның, молекуланың
немесе ионның электрон қосып алу процесі.
• Мысалы:
а) атом электрон қосып алса, теріс заряды ионға айналады:
Сl0 + ē = Сl-;
б)оң зарядты ион электрон қосып алса, заряд саны кеміген оң зарядты ионға:
Сl + 5 + 4ē→Сl+ ,
нейтрал атомға:
Сl+5 + 5ē→Сl0,
теріс зарядты ионға:
Сl + 5+6ē→Сl- айналады.
Тотықтырғыш— электрон қосып алушы бөлшек (нейтрал атом, молекула, ион).
Тотықсыздандырғыш — электрон беруші бөлшек (нейтрал атом, молекула не ион).
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері
Үш түрлі тотығу-тотыксыздану реакциялары
болады:
1)Атомдар немесе молекулалар арасындағы тотығутотықсыздану реакциялары.
Бұған электрондардың атомдар, молекулалар
немесе иондар арасында болатын алмасу
реакциялары жатады:
2Са+2 + О2° = Са+2О-2;
H20 + Cl20 = 2H+Cl- ;
Zn0 + Cu+2SO4 = Cu0 + Zn+2SО4
2) Ѳзін-ѳзі тотықтыру-тотықсыздандыру немесе
диспропорциялану реакциялары.Бұл жағдайда бір ғана атом,
молекула немесе иондар тотықтырғыш
та,тотықсыздандырғыш та бола алады.
Мысалы:
Сl2+Н2O↔ НСl-1 + НСl+1О
реакциясында хлордың тотығу дәрежесі ғана өзгереді;
Сl2 молекуласындағы хлор атомдары элек- тронын береді
және алады:
Сl0 – ē = Сl+1
С10 + ē = С1-1
Демек екі хлор атомдарының біреуі — тотықсыздандырғыш,
екіншісі — тотықтырғыш
3) Молекула ішіндегі тотығу-тотықсыздану реакциялары
бір ғана молекуладағы екі турлі атомның біріне- бірінің
электрондарды
ауыстыруы арқылы жүзеге асады.
Мұндай реакциялар көп жағдайда күрделі заттардың ыдырауына
сай келеді.
Мысалы, аммоний дихроматының (NH4)2Cr2O7 ыдырауы кезінде
азот пен хром атомдарының тотығу дәрежелері өзгереді:
(N-3H4)2 Сr2О7 = N2° + Сr2O3 + 4Н20
Тотығу 2N-3 - 6ē = N20 1тотықсызданады
Тотықсыздану 2Cr+6 + 6ē = 2Cr+3 1 тотығады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет