Медицина факультеті


Негізгі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды атаңыз. Медицинада қолданылуына мысал келтіріңіз



бет25/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
40. Негізгі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды атаңыз. Медицинада қолданылуына мысал келтіріңіз.
Тотықсыздандырғыштар:Металдар, сутегі, көмір Көміртек (11)оксиді СО Күкіртті сутек H2S, күкірт (1V) оксиді SO2 , күкіртті қышқыл H2SO3 және оның тұздары. Иодты сутек қышқыл HI Бромсутек қышқылы HBr, тұз қышқылы HCl. Қалайы (II)хлориді, SnCl2 темір (II)сульфаты Fe SO4, марганец(II)сульфаты MnSO4, хром (III) сульфаты Cr(SO4)3 Азотты қышқыл HNO2, аммиак NH3, гидразинN2H4, азот(II) оксиді NO Фосфорлы қышқыл H3PO3. Альдегидтер, спирттер, құмырсқа және қымыздық қышқылы, глюкоза Электролиз кезіндегі катод
Тотықтырғыштар:Галогендер Калий перманганаты KMnO4, калий манганаты K2MnO4,марганец(IV)оксиді MnO2. Kалий дихроматы K2Cr2O7, калий хроматы K2CrO4. Азот қышқылы HNO3. Оттегі O2, озон O3, сутектің асқын тотығы H2O2 Күкірт қышқылы H2SO4 (конц), селен қышқылы H2SO4 Мыс(II) оксиді CuO, күміс(I) оксиді Ag2O, қорғасын (V) оксиді PbO2, Асыл металдардың иондары (Ag+, Au3+ және т.б) Tемір (III) хлориді FeCl3. Гипохлоридтер, хлораттар, перхлораттар, патша сұйықтығы, концентрлі азот және балқытқыш қышқылының қоспасы. Электролиз кезіндегі анод.
41. Тотығу және тотықсыздану процестеріне анықтама беріңіз. Элементтің тотығу дәрежесі дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. Қандай заттар тотықтырғыштар, ал қандай тотықсыздандырғыштар деп аталады?
Тотығу дейтініміз, атомның, молекуланың, ионның электрон беру процесі. Мысалы:
а)атом электронын берсе, оң зарядты ионға:
С1 —7ē→С1 + 7 айналады.
б)теріс зарядты ион электрон берсе,
нейтрал атомға: C1+ + ē →С10,
оң зарядты ионға С1-—2ē→С1 + айналады,
в) оң зарядты ион электрон берсе, оның оң
заряды берген электрон санына сәйкес өседі:
C1+ —4ē→С1+5
• Тотықсыздану дейтініміз атомның, молекуланың
немесе ионның электрон қосып алу процесі.
• Мысалы:
а) атом электрон қосып алса, теріс зарядты ионға
айналады:
Сl0 + ē = Сl-;
б)
оң зарядты ион электрон қосып алса, заряд
саны кеміген оң зарядты ионға:
Сl + 5 + 4ē→Сl+ ,
нейтрал атомға:
Сl+5 + 5ē→Сl0,
теріс зарядты ионға:
Сl + 5+6ē→Сl- айналады.
• Тотықтырғыш— электрон қосып алушы бөлшек
(нейтрал атом, молекула, ион).
• Тотықсыздандырғыш — электрон беруші бөлшек (нейтрал атом, молекула не ион)
Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш дейтініміз электрон алатын, беретін заттың аты; тотығу, тотықсыздану дейтініміз электрон беру нсмесе алу процесінің аты. Тотықтырғыш электрон қосып алатын зат, ал электрон қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады, демек тотықтырғыш реакция кезінде өзі тотықсызданады. Енді тотықсыздакдырғьии электрон беретін зат, ал электрон беру процесін біз тотығу дедік, демек тотықсыздандырғыш реакция кезінде өзі тотығады.Тотығуды электрон беру процесі дедік, бірақ осы процесте сол берген электронды алатын процесс, яғни тотықсыздану процесі болмаса тотығу процесі жеке бола алмайды. Демек, электрон көшуімен байланысты әрбір реакция қарама-қарсы екі процестің — тотығу мен тотықсызданудың — б і р л е с у і. Осындай реакциялардың барлығын қазіргі кезде тотығу– тотықсыздану реакциялары деп атайтын болды.
Тотығу дәрежесінің оң, теріс және нөлдік болуы мүмкін, әдетте оны араб сандарымен көрсетіп жанына — таңбаларын жазып элементтің символының үстіне жазылады. Тотығу деген термин ертеден келеді, ол кезде тотығу деп оттекпен қосылуды ғана айтатын. Тотықсыздану, одан да ерте, алхимиктер заманында, оксидтерден таза металл шығарып алу кезінде қолданылған. Сонымен тотығу — оттекті қосып алу, тотықсыздану оттекті қосылыстан тартып алу деген түсінік ұзақ уақыт қолданылды.Тотығу-тотықсыздану реакциялар процестері көбінесе электрондық теңдеулермен өрнектеледі. Зарядтардың сақталу заңына қайшы келмес үшін Тотығутотықсыздану реакциялар кезінде тотықтырғыштың қосып алған электрондар саны тотықсыздандырғыштың берген электрондар санына тең болуы керек деген жалпы ереже сақталады. Тотығутотықсыздану реакцияларын коэффиценттер қойып теңестірудің екі әдісі бар: электрондық тепе-теңдік және электрон-ион. Электрондық тепе-теңдік әдісі бойынша берілген және қосып алған электрондар саны элементтердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тотығу дәрежесінің негізінде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет