Медицина факультеті


Реакцияның жылдамдығына температураның әсерін анықтаңыз. Вант-Гофф ережесі



бет17/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

24. Реакцияның жылдамдығына температураның әсерін анықтаңыз. Вант-Гофф ережесі.

Жылдамдыққа температураның әсері.


Әрекеттесуші массалар заңы кез-келген температураға сәйкес, бірақ тұрақты жылдамдықта температураның әсерінен өседі. Жылдамдыққа температураның әсерін Вант-Гофф ережесі сипаттайды: реакция температурасын әр бір 10ºС көтергенде, реакция жылдамдығы 2 немесе 4 есе артады. .
γ – температуралық коэффициент;
– t1, t2 температурасындағы реакция жылдамдықтары.


25. Химиялық реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсері. Жылдамдық константасы. Мысал келтіріп, формуламен түсіндіріңіз.

1) Концентрацияның әсері.


А + В = АВ.
Әрекеттесуші заттар А, В, өнім – АВ.
Химиялық реакция жылдамдықтарының концентрацияға байланысты артуының мәнін химиялық кинетиканың негізгі заңы (әрекеттесуші массалар заңын 1868 ж. Гульдберг және Вааге ашқан) түсіндіріп береді: тұрақты температурадағы химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болады.
aA + bВ = сС + dD,
,
.
k – жылдамдық константасы, олар әрекеттесуші заттар табиғатына, температураға тәуелді, бірақ концентрациаға тәуелді емес.
Егер [А] = [В] = 1, онда υ = k жылдамдық константасына тең болады.
26. Реакцияның реті мен молекулалығы дегеніміз не? Активтендіру энергиясы және Аррениус теңдеуі.

Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін активтендіру теориясының көмегімен жақсы түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, химиялық реакцияға тек белгілі бір энергиясы бар активті молекулалар кіріседі. Активсіз молекулаларды активті күйге айналдыру үшін қосымша энергия жұмсалады. Бұл процесті активтендіру деп атайды. Температура жоғарылағанда активті молекулалар саны лезде өсіп, реакция жылдамдығы артады. Әрекетесетін заттар молекулаларын активтендіру үшін жұмсалатын энергияны активтендіру энергиясы деп атайды. Химиялық реакция жылдамдығы активтендіру энергиясына толық бағынады. Активтендіру энергиясы неғұрлым төмен болса, реакцияның жылдамдығы да жоғары болады.


Егер активтендіру энергиясы жоғары болса, реакция жылдамдығы баяу жүреді.
Реакцияның жылдамдық тұрақтысының активтендіру энергиясы мен температурадан тәуелділігі Аррениус теңдеуімен өрнектеледі:
,
мұндағы k0 – пропорционалдылық коэффициенті;
e – натуралдық логарифмдер негізі;
Ea – активтендіру энергиясы.


27. Биогенді элементтер: макроэлементтер, микроэлементтер, ультрамикроэлементтерге сипаттама беріңіз. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің жіктелуі және оларға сипаттама беріңіз.

Биогендік элементтер – тірі организмдердің жасушалары мен ұлпаларында (тіндерінде) тұрақты түрде кездесетін және белгілі бір қызмет атқаратын химиялық элементтер. Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша жасушаның құрамында 80-нен астам хим. элементтер болатыны анықталған. Олардың 40-қа жуығы жасушадағы зат алмасу процесіне қатысып, биол. белсенділік қасиеттер көрсетеді. Биогендік элементтер 3 топқа бөлінеді. Макроэлементтер – О, С, Н, N, олардың жасушадағы мөлш. 98%-дай, Микроэлементтер – К, Р, S, Mg, Cl, Ca, Na, Fe жатады, олардың клетка құрамындағы мөлш. 1,9%-ға жетеді. Ультраэлементтер – J, Cu, Co, Zn, Mo, Br, Mn, B клетка құрамында өте аз мөлшерде кездеседі, олардың көрсеткіші 0,01%-дай болады. Биогендік элементтердің кейбір түрлері тірі организмдердің белгілі бір тобының құрамында болуы мүмкін. Мыс., ванадий өсімдіктің кейбір түрінде және асцидияның (теңіз жануары) құрамында кездеседі. Биогендік элементтердің биол. рөлі кесте түрінде берілген. Биогенді әлементтер дегеніміз тірі тірі оргнизмдердің құрамында үнемі болатын химиялық элементтер. Олар витаминдердің,белоктардың гормондардың құрамында белгілі бір тәртіппен,тек сол затқа ғана тән заңдылықпен орналасады.Мысалы азотты (N)алатын болсақ белоктың структурасын құрайтын ең маңызды биогенді элемент . Д.И.Менделеевтің периодтық заңға берген анықтамасы бәрімізге белгілі: «Жай заттардың қасиеттері және элементтер қосылыстары қасиеттері мен формасы атомдық салмақтарына периодты түрде байланысты болады».


Д.И.Менделеевтің периодтық заңы ашылар кезеңде көптеген химиялық элементтер ашылмаған, тек 64 элемент белгілі болған. Сондықтан алғашқы периодтық жүйеде бос торлар көп болды. Дегенмен бұл жағдай Д.И.Менделеевті толғандырмады, оның периодтық заңның табиғаттың негізгі заңдарының бірі екендігіне күмәні болмады. Сондықтан бос торлар әлі белгісіз химиялық элементтер үшін қалдырылған деген тұжырым жасады. Орыс ғалымы периодтық заң негізінде әлі белгісіз элементтерді болжап, олардың қасиеттерін анықтады. Мысалы, сол кезде белгісіз элементтерді экабор (скандий), экаалюминий (галий), экакремний (германий), экамарганец (технеций), двимаргенец (рений) және экатантал (гафний) деп атап, қасиеттерін жан-жақты сипаттады (Санскрит бойынша «эка» деген бірінші, «дви» екінші деген мағынаны білдіреді). Д.И.Менделеев жай заттардың және олардың қасиеттерін анықтау үшін периодтық заңға негізделген әдісті қолданды. Қандай да бір элементтің қасиеті периодтық жүйедегі топта көршілес орналасқан элементтер қасиетіне байланысты анықталады (жоғарыда немесе төменде орналасқан, сол сияқты бір периодта оң немесе сол жақта орналасқан элементтер қарастырылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет