Медицина факультеті


Биогенді р-элементтерге жалпы сипаттама беріңіз. р-элементтердің қосылыстары, медицинада қолданылуын көрсетіңіз



бет20/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

31. Биогенді р-элементтерге жалпы сипаттама беріңіз. р-элементтердің қосылыстары, медицинада қолданылуын көрсетіңіз.
P – элементердің сыртқы электрондық қабатында бірден алтыға дейін электрон болатыны белгілі. Периодтық жүйеде 30р элемент бар. Бұл р – элементтер немесе олардың ұқсастары ІІІА, ІVА, VА, VІа, VІІА, және VІІІА топшаларын құрайды. Сыртқы электрон қабаттарының құрылысы мынадай қатарда дамиды: ns2np1, ns2np2, ns2np3, ns2np4, ns2np5, ns2np6. P– элемент атомдарында тек р – электрондары ғана емес, сыртқы деңгейдің S – электрондары да валентті болып табылады. P – элементтердің жоғары оң тотығу дәрежесі өздері орналасқан топ нөмеріне сәйкес келеді.P-элементтің маңызы Осмостық қысымды қалыпты деңгейде ұстап тұруға қатысу. Кейбір ферменттерді активтендіру.Асқазан сөлінің құрамдас бөлігі (хлорсутек қышқылы). Йод элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден бастап алуға тиіс.Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады. СЕЛЕН элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер және айшықты антиоксидант. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын білінеді. Ал фосфор — күш-қуат көзі.Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепетеңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады.
32. Биогенді d-элементтерге жалпы сипаттама беріңіз. d-элементтердің қосылыстары, медицинада қолданылуын көрсетіңіз.
D-элементтердің химиялық сипаты сыртқы электрон қабатында 2s электрон (кейде 1s электрон) болатын атомдардың электрондық құрылысымен анықталады. Кезекті электрондар сыртқы электрондық қабаттан санағанда ішкері екінші қабатқа түсіп, d-деңгейшені толтырады. Бұл элементтер атомдардың сыртқы электрондары ядромен әлсіз байланысқан, оған иондану энергиясы шамасының төмендігі айғақ. КҮМІС. Бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен. АЛТЫН. күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.
МЫРЫШ.Ол —ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды элемент. Әсіресе, құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі — осы мырыш.
ТЕМІР. Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор.Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының,яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет