Медицина факультеті


-аминқышқылдарының биологиялық маңызды химиялық қасиеттері: дезаминдену, декарбоксилдену, трансаминдену реакциялары. Биогендік аминдердің маңызы



бет43/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

31. -аминқышқылдарының биологиялық маңызды химиялық қасиеттері: дезаминдену, декарбоксилдену, трансаминдену реакциялары. Биогендік аминдердің маңызы.

1. Дезаминдену реакциялары қайтымсыз. Декарбоксилдену реакциялары тәріздес дезаминдену де аминоқышқылдар ыдырауы жолында бірінші этап қызметін атқара алады.


2. Дезаминдеудің соңғы өнімінің бірі бұл – аминоқышқылдар каатаболизмінің соңғы өнімі аммиак болып табылады. Аммиак улы зат. Сондықтан жасушалар аммиакты залалсыз өнімдерге айналдырып ағзадан шығару үшін энергия жұмсауға мәжбүр болады.
3. Дезаминдену реакциясының басқа өнімі α-кетоқышқыл болып табылады. Түзілетін барлық α-кетоқышқылдардың бәрі де ары қарай жеңіл түрде СО2 мен Н2О-ға дейін ыдырайды. Мысалы, аланин дезаминденген кезде ол пирожүзім қышқылына айналады, аспартат – қымыздық-сірке қышқылына айналады, глутамин қышқылы – α-кетогутаратқа айналады. Көптеген α-кетоқышқылдар әртүрлі арнайы жолдармен сәйкес келетін қышқылдарға айналады.
Декарбоксилдену реакциялары Амин қышқылдарының ағзалар өзгеріске ұшырайтын биологиялық реакцияларының бірі декарбоксилдену реакциясы. Адам ағзасында көбінесе триптофанның өзінің емес, оның туындысы 5 гидрокситриптофанның декарбоксилденуі жүреді. Моноаминооксидаза ферменті мидың қызметіне үлкен әсерін тигізеді. Оның белсенділігінің артуы медиаторлардың мөлшерін азайтып, орталық жүйке жүйесі қызметінің қалыпты жағдайдан ауытқуын туғызады, кісінің мінезі өзгеріп ашуланшақ келеді.
Қайта аминдену (трансаминдену). -Амин қышқылына қатысты әсіресе көп таралған реакция - оның -кетоқышқылымен әрекеттесіп реакцияласуы. Мұндай реакция кезінде -амин тобы -кетоқышқылына ауысады. Амин тобын қабылдаушы әрқашанда -кетоглутарат болады. Реакцияны аминотрансфераза ферменті катализдейді, оның коферменті пиридоксальфосфат (В6 витаминнің туындысы).
Биогендік аминдердің маңызды қызыметтерінің бірі – медиаторлық қызымет. Олар қимыл-қозғалысты реттеуге, эмоционалдық реакцияларға, есте сақтау процесіне, ұйқыға және көңіл-күйге және тағыда басқа сол сияқты қызметттерге қатысады. Осы медияторлардың ООЖ-дегі мөлшерінің өзгеруі, метоболизмінің бұзылуы көптеген нервті-психологиялық аурулардың патогенезі болып табылады.
32. Ақуыздар. Ақуыздардың біріншілік, екіншілік, үшіншілік және төртіншілік құрылымын түсіндіріңіз. Пептидтер мен ақуыздардың біріншілік құрылымы. Мет-вал-фен трипептидтің түзілу реакциясын жазыңыз. Реакция өнімін атаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет