Медицина факультеті



бет54/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

ГИДРОКСИПУРИНДЕР Ағзада нуклеин қышқылдарының метаболизмі нәтижесінде пайда болатын заттар: 6-гидроксипурин немесе гипоксантин 2,6-дигидроксипурин немесе ксантин 2,6,8-тригидроксипурин немесе несеп қышқылы. Несеп қышқылының тұздары ураттар деп аталады.
Гипоксантин (ағылш. hypoxanthine) - пуриндік негіздердің аэробтық жағдайда ыдырауы нәтижесінде түзілетін органикалық зат. Хим. формуласы = C5H4N4O , Моляр. массасы 136.112 г/моль. Адениннің дезаминденуінің немесе инозиннің гидролизінің нәтижесінде түзіледі. Қыша жəне бөрібұршақ өсімдіктерінің дəндерінен бөлініп алып зерттелген. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында нуклеин қышқылдарының құрамында болады (негізінен т-РНҚ құрамында). Құрамында екі макроэргтік байланысы бар инозинүшфосфор қышқылының (ИҮФ) азаттық негізі гипоксантин болып табылады. Организмде гипоксантин ксантиноксидаза ферментінің қатысуымен алғаш ксантинге, содан кейін несеп қышқылына дейін ыдырайды.
Ксантин – тірі клеткалардағы пуриндік азотты негіздердің ыдырауының аралық өнімі. Химиялық формуласы C5H4N4O2. Ксинтин метаболизм процесінде гипоксантиннің (6-оксипурин) аэробты тотығуынан және гуаназа ферментінің әсерінен гуанин азот негізінің гидролиттік аминсізденуінің нәтижесінде пайда болады. Ксинтин бос күйінде өсімдіктердің, жануарлардың және адамның ұлпалары мен олардың сұйықтықтарында басқа да пуринді негіздермен бірге кездеседі. Кальций тұздарымен бірге зәр тастарының құрамына кіреді.
Гуани́н (Гуа, Gua) — аминды өндіретін азоттық негіз. ДНҚ-да репликация мен транскрипция жүзінде цитозинмен үш сутекті байланыс құрайды. Алғашқы рет гуанодан бөлініп алынды. Химиялық формуласы — C5H5N5O, молекулалық масса — 151,15 г/моль.
Аденин (C5H5N5) - пурин негіздерінің тобындағы гетероцикінді қосылыс, түссіз кристалдар; балқу температурасы 360—365°С; ДНҚ және РНҚ нуклеозоидтер – нуклеотидтер нуклеин қышқылдары құрамында құрылымдық компонент ретінде болатын азотты негіз.
Пурин туындыларының дәрілік препараттары химиялық құрылысы бойынша төмендегі топтарға бөлінеді: ксантин туындылары; пуриннің нуклеозидтері және нуклеотидтері (рибоксин, АТФ, аденозинтрифосфор қышқылының динатрий тұзы); пуриннің құрылысы бойынша ұқсас синтетикалық туындылары. Пурин туындыларының дәрілік препараттары – 9-жағдайдағы азот гетероатомын протондау бойынша, қышқылдармен тұрақсыз тұз түзетін әлсіз негідер. Пурин туындыларының препараттарын табиғи көздерінен және синтетикалық жолмен алуға болады. Пурин алкалоидтары (кофеин, теофиллин, теобромин) – өсімдіктерден алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет