Медицина факультеті


Тірі жүйелердегі осмостың рөліне мысал келтіріп, ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Гипо-, гипер- және изотонды (физиологиялық) ерітінділерге түсінік беріңіз



бет8/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

4. Тірі жүйелердегі осмостың рөліне мысал келтіріп, ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Гипо-, гипер- және изотонды (физиологиялық) ерітінділерге түсінік беріңіз.
Осмос – еріткіш молекулаларын өткізіп, еріген затты өткізбейтін жартылай өткізгіш қабық (осмометр) арқылы еріткіштің қозғалысы. Осмостың классикалық үлгісі төмендегі суретте осмометрдің қант ерітіндісін таза судан бөлуі ретінде көрсетілген. Ерітіндідегі су концентрациясы таза суға қарағанда төмен. Таза еріткіш жағынан алғанда мембрана арқылы су молекуласының диффузиясы ерітіндідегі су концентрациясын мембрананың екі жағынан да теңестіруге тырысуда. Алайда концентрацияларда өзгешелік бар кезде мембрана екі жағынан да осмостық қысымға түседі. Сыртқы ыдыстағы еріткіш пен осмометрдегі ерітінді арасында тепе теңдік күй орнайды. Мұндай тепе теңдік ке сәйкес келетін қысымды осмостық қысымы деп аталады. Осмос қысымы – осмосты тоқтату үшін ерітіндіге түсірілетін қысым. Сонымен осмос қысымы деп ерітіндіні еріткішпен тепе теңдік күйде ұстап тұру үшін осмометр ішіндегі ерітіндіге түсірілетін қысым.
Осмостық қысым - ерітінді диффузиясы кезіндегі ерітілген заттың жартылай өтімді мембранаарқылы тудыратын асқын қысымы. Сонымен қатар екі жақты бөлікте өзгереді. Осмостық қысым өсімдіктің сабағының өсімінде қоректенетін шырыныда маңызды рөл атқарады және басқа да организмдердің жасушаларындағы процестерде болады.
• Осмос қысымы бірдей ерітінділер изотонды, өзара салыстырылып отырған екі ерітіндінің осмос қысымы жоғарысы гипертонды, ал осмос қысымы төмен ерітіндіні гипетонды деп аталады.

• Осмостық құбылыстың әртүрлі физиологиялық процестерде алатын орны жоғары. Әртүрлі физиологиялық орталардың (плазма, жасуша ішіндегі сұйықтық, несеп жэне т.б.) тұрақты осмостық қысымда болуы гомеостаздың іргелі физикалық-химиялық көрсеткіші болады.


5. Осмос және Вант-Гофф заңына сипаттама беріңіз. Тірі жүйедегі осмостың маңызын анықтаңыз. Осмостық конфликт туралы түсіндіріңіз.
Қамыс қанты ерітіндісінің әртүрлі концентрациясының осмостық қысымдарын зерттеп, Пфеффер менде Фриз алған нәтижелерін пайдалана отырып 1887 жылы Ван-Гофф осмостық қысым заңдылықтарын ашты. Ол күшті сұйытылған ерітіндінің осмостық қысымы идеал газ заңдарына бағытталумен анықталады. Тұрақты температурада осмостық қысым концентрацияға тура пропорционал, еріген заттың массалық көлеміне кері пропорционал екендігімен анықталады.
Р1 /Р2 = С1 /С2
Егер концентрция тұрақты болса, осмостық қысым термодинамикалық температурасын тап.
Р1 /Р =T1 / T2
Бірдей температура мен бірдей концентрацияда әр түрлі заттардың бірдей осмостық қысымдары болады.Осы заңдылықтарды біріктіргенде осмостық қысымға арналған күй теңдеуін аламыз.
P = m/v•RT = CRT(Вант-Гофф теңдеуі)
Бұл формула бойынша клайпейрон – Менделеев теңдеуіне тура келеді.
c=m/v – молярлық концентрация.
R – универсал газ тұрақтысы, Т- термодинамикалық температура, С – концентрация төмен болған сайын Вант-Гофф теңдеуі орындалмайды. Концентрация жоғары болған сайын Вант-Гофф теңдеуінен ауытқулар болады.Жоғары концентрациялар кезінде вант-Гофф заңынан ауытқуларды ескеруге болады, егерде көлемдік молярлық концентрацияның орнына молялдық концентрацияны Сm қолданса болады.
P = CmRT = RT m1 / m2M• 1000
m1 – еріген зат массасы, m2 – ерітіндінің массасы. Вант-Гоффтың біріктірілген ерітіндінің осмостық қысымы еріген зат газ күйінде сол температураларды ерітіндінің көлеміндегі көлемде түсіретін газ қысымына тең болады. Сондықтан нағыз ерітіндідегі осмостық қысым үшін еріген бөлшектердің массасы, өлшемдері пішінін емес,тек бөлшектер санының ғана маңызы болады. Осмостық жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекетіндегі маңызы зор. Ол өсімдік сабағымен судың көтерілуін клетканың өсуін т.б. құбылыстарды қамтамасыз етеді. Бірдей жағдайда бірдей осмостық қысымдары болатын ерітінділер изотондық ерітінділер деп аталады.
Клетка сыртындағы ерітіндінің осмостық қысымы клетка ішінен жоғары болса гипертондық ерітінділер, ал төмен болса гипотондық ерітінділер делінеді. Адам қанының осмостық қысымы 0,8 мПа. Мұндай осмостық қысым 0,9 0/0NaCI ерітіндісінде де болады. Сондықтан мұндай концентрациялы ерітіндіні физиологиялық ерітінділер деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет