11 дәріс Ерітінділер. Ерігіштік. Ерітінділер концентрациясы



бет1/6
Дата02.12.2023
өлшемі317,1 Kb.
#131665
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11 дәріс хим


11 дәріс
Ерітінділер. Ерігіштік. Ерітінділер концентрациясы.


Дәрістің жоспары:

  1. Дисперстік жүйе. Ерітінділерге жалпы сипаттама.

  2. Ерітінді концентрациясы.

  3. Ерітіндi концентрацияларын анықтау әдістері.

  4. Ерітінді теориялары.



Ерітінділерге жалпы сипаттама. Дисперстік жүйе. Ерітінділер. Дисперстік жүйелер табиғатта жəне техникада кең тараған. Бір зат екінші заттың ішінде бірыңғай таралған болса оны дисперстік жүйе деп атайды.
Дисперстік жүйелер – дисперстік орта жəне дисперстік фазадан тұрады. Дисперстік орта біртекті дисперстік фаза тараған зат. Ондай ортада тараған кішкентай зат бөлшектері дисперстік фаза болып табылады. Мысалы, лай суда су – дисперстік орта, ал ондағы топырақтың бөлшектері дисперстік фаза болады. Тұманды күнде ауа – дисперстік орта, ондағы судың буы – дисперстік фаза болады. Сүтте – еріген май бөлшектері – дисперстік фаза, ал сұйықтық – дисперстік орта. Сол сияқты мысалдар табиғатта өте көп.
Дисперстік жүйелер дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшеріне байланысты суспензия, эмульсия, коллоид ерітінділер жəне шынайы ерітінділер деп бөлінеді.
Суспензия мен эмульсия бөлшектерінің мөлшері 100 нм (нанометр) – 1 нм – м-ден үлкен болады.
Суспензияда дисперстік фаза қатты зат, ал дисперстік орта сұйықтық болады. Ондағы қатты зат сол сұйықта ерімейді. Суспензия жасау үшін қатты затты ұнтаққа айналдырып ұсақтап, оны сұйыққа (суға) салып араластырады. Өте үлкендеу бөлшектер шөгеді, ал кішіректері сұйықта бірыңғай таралып тұрады.
Эмульсияда дисперстік фаза мен дисперстік орта - өзара араласпайтын сұйық заттар. Эмульсияға мысал ретінде сүтті келтіруге болады. Сүтте майдың бөлшектері қалқып жүреді.
Коллиодты ерітінділер - құрамындағы дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері 1-ден 100 нм болатын дисперстік жүйелер. Олар - суспензия, эмульсиялар мен шынайы ерітінділер арасындағы жүйелер.
Суспензия, эмульсия жəне коллоидты ерітінділер əр түрлі фазадан тұрады. Яғни, олар - гетерогенді жүйелер. Олардың ішінде бөлінетін беттік қабаты болады.
Шынайы ерітіндіде еріген зат мөлшері 1 нм-ден кіші болады. Мұнда еріген зат атом, ион не молекула түрінде болады да бір фазалық жүйе, яғни гомогенді болып табылады.
Сонымен, ерітінді деп – екі не одан көп компоненттен (бөлшектен) тұратын гомогенді жүйелерді айтады.
Ерітінділер еріген заттан жəне еріткіштен тұрады. Агрегаттық күйіне байланысты ерітінділер қатты, сұйық жəне газ тəрізді болады. Қатты ерітінділерге металл құймалары, сұйық ерітінділерге су ерітінділері, мұнай, т.б. газ тəрізділерге ауа жатады.
Ерітінділердің табиғатта жəне техникада атқаратын рөлі зор. Біз білетін су ерітінді болып табылады. Өсімдік қажетті қоректік заттарды топырақтан ерітінді түрінде қабылдайды. Адам мал организміндегі қан, лимфа жəне басқа сұйық заттар ерітінді болып табылады. Жануар мен адам организмінің 70% сұйық ерітіндіден тұрады. Көптеген маңызды физиологиялық процестер осы ерітінділерде жүреді. Табиғатта кең тараған жəне маңызды физиологиялық процестер осы ерітінділерде жүреді. Біз бұдан былай су ерітінділерді қарастырамыз.
Ерітінді концентрациясы. Ерітінді концентрациясы деп еріген заттың белгілі бір еріткіш көлеміндегі немесе массасындағы мөлшерін айтады. Ерітінді концентрациясын жуық жəне нақты анықтайды. Жуық түрде ерітінділер қою жəне сұйытылған деп бөлінеді.
Егер ерітіндідегі еріген зат мөлшері еріткіш мөлшерімен салыстыруға болатын шамада болса, онда ерітінді қою болады. Мысалы, 100г суда С-та 15 г мыс тотияйыны еріген. 100 жəне 15 салыстыруға болатын шамалар, сондықтан бұл ерітінді қою болады.
Ерітіндіде еріген зат пен еріткіш мөлшерлері салыстыруға болмайтын шамада болса, ерітінді сұйытылған болады. Мысалы, 100 г суда С -та 0,1 г мыс тотияйыны еріген болса, бұл ерітінді сұйытылған болады. Өйткені 100 жəне 0,1 салыстыруға болмайтын шамалар. Əрине, қою жəне сұйытылған ерітінділер арасына ешқандай шек қоюға болмайды.Ерітінді концентрацияларын нақты түрде бірнеше əдіспен анықтайды: массалық үлес, мольдік үлес, молярлы, моляльды, нормальды концентрациялар.
Еріген заттың массалық үлесі – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы:


; (V.1)
Мұнда, еріген заттың массалық үлесі; еріген зат массасы; ерітіндінің жалпы массасы.
Еріген заттың массалық үлесін үлес бірлігімен немесе пайызбен өлшейді.

Мысалы, күйдіргіш натр ерітіндісінің 0,05 массалық үлесі бар десек, ол 5% болады. Демек, осы күйдіргіш натр ерітіндісінде 5 г және 95 г су бар деген сөз.
Еріген зат мөлшерінің немесе еріткіштің жалпы еріген зат пен еріткіш қосындысына қатынасы мольдік үлес болып табылады.
Еріген заттың мольдік үлесі:
(V.2)


Еріткіштің мольдік үлесі:
(V.3)


мұнда, еріткіштің моль саны: еріген заттың моль саны.
Мольдік концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасын көрсетеді:
, (V.4)
мұнда, С мольдік концентрация; n еріген зат мөлшері; V ерітінді көлемі.
Көлемі 1л ерітіндідегі еріген заттың моль саны сол ерітіндінің молярлық концентрациясын көрсетеді:

Мольдік концентрация моль/л-мен өлшенеді. Мысалы ; , т.б.
1 л ерітіндіде 1 моль еріген зат бар ерітінді мольдік ерітінді деп аталады.
Сол сияқты ерітіндінің 1 л-де 0,1 моль болса 0,1 мольдік, 0,01 моль болса 0,01 мольдік т.с.с. атайды. Мольдік ерітіндіні М әрпімен белгілейді. Мысалы, 1М 1 мольдік, 0,1М децимольдік, 0,01М сантимольді, т.б. ерітінділер.
Мольдік ерітінді даярлау үшін еріген заттың мольдік массасын ( ) есептейді. Заттың қажет мөлшерін есептеп, өлшеп, өлшеуіш колбаға салып су құйып ерітеді де, колба мойнындағы белгіге дейін су құяды.
Моляль немесе молялдік концентрация еріген зат мөлшерінің еріткіш массасына қатынасын көрсетеді:
, (V.5)
Мұнда, моляльдік концентрация; еріген заттың массасы; еріткіштің массасы. Мысалы, моль/кг. Бұдан ерітіндідегі судың әр килограмында 0,1моль тұз қышқылы бар екенін білеміз.
Нормальдық концентрация еріген зат массасы эквивалентінің ерітінді көлеміне қатынасын көрсетеді. Яғни 1 л ерітіндідегі еріген заттың эквивалентін көрсетеді. Нормаль ерітінді де моль/л-мен өлшенеді де, «н» немесе «N» әрпімен белгіленеді.
Көлемі 1л ерітіндідегі еріген заттың эквивалент саны сол ерітіндінің нормальдық концентрациясын көрсетеді:

Мысалы, күкірт қышқылы эквивалентінің мольдік массасы





Осы мөлшерді 1 л суда ерітсек 1 н ерітінді аламыз. Осыны біле тұра қажет есептеулер жүргізуге болады. Мольдік массаның эквиваленті жүретін реакцияға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет