Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет21/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
40. «Офтальмология» (ересектер, балалар) мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
126. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, хирургиялық бейін интернатура.
132. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 1080 сағат/20 апта; ересектер офтальмологиясы бойынша қайта даярлау курсы кезінде – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар офтальмологиясы бойынша қайта даярлау курсы кезінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
133. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Офтальмологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Интраокулярлық линзаларды имплантациялау»;
«Кейбір көз ауруларының диагностикасы мен емдеудің заманауи әдістері»;
«Мөлдір қабықтың патологиясы. Кератопластикалар;
«Тор қабықтың сылынуы, заманауи емдеу әдістері»;
«Дегенеративті миопия, аметропияның басқа түрлері»;
«Балардағы қылилық, емдеу»;
«Балалардың көз түбі патологиясы»;
«Нәрестелердің көз ағзалары патологиясы»;
«Аметропия түзетулері»;
«Көз микрохирургиясы»;
«Глаукома. Глаукомалардың микрохирургиясы»;
«Көру мүшесінің зақымдалуы, реконструктивті хирургия»;
«Көз алмасының алдыңғы кесіндісінің реконструктивті хирургиясы»;
«Витреоретинальды хирургия»;
«Эндокриндік офтальмопатия»;
«Диабеттік офтальмопатия»;
«Офтальмоонкология»;
«Балалар офтальмологиясы»;
«Офтальмологиядағы лазерлік емдеу әдістері»;
«Диабеттік ретинопатия және көз ағзаларының басқа да тамыр патологиясы»;
«ИОЛ имплантациясымен катаракта микрохирургиясы»;
«Торлы қабықтың дамуындағы ауытқулар және патологиясы»;
«Шала туылғандар ретинопатиясы»;
«Офтальмологиядағы жаңа лазерлік технологиялар»;
«Көруді жанаспалы және көзілдірікпен түзету»;
«Офтальмологияда диагностикалаудың функционалдық әдістері»;
«Торлы қабық және көру жүйкелері тамырларының аурулары»;
«Тамыр жолдары мен торлы қабықтың қабынған аурулары»;
«Хориоретинальді дегенерации»;
«Офтальмологиядағы ультрадыбыстық зерттеулер»;
«Балалар мен ересектердің аккомодация бұзылулары»;
«Ересектер макулодистрофиясын диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері»;
«Суқараңғылық скринингін ұйымдастыру»;
«Суқараңғылықты лазерлік емдеу»;
«Витреоретинальді хирургия»;
«Әр жастағы макулодистрофияны емдеудің эндовитреальді тәсілдері»;
«Офтальмофармокология».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет