Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет20/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

38. «Травматология-ортопедия (комбустиология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
125. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, хирургиялы бейіні бойынша интернатура.
126. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 1080 сағат/20 апта; ересектер травматологиясы және ортопедия бойынша қайта даярлау циклдерінде – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар травматологиясы және ортопедиясы бойынша қайта даярлау циклінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
127. «Травматология-ортопедия (комбустиология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Травматология және ортопедиядағы инновациялық технологиялар»;
«Травматология, ортопедиядағы өзекті мәселелер - ортопедия және комбустиология, балалардағы және егде жастағылардың тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарының ерекшеліктері, көптеген жарақаттарды емдеу және диагностикалау ерекшеліктері»;
«Амбулаториялық травматология мен ортопедия (комбустиология) және диагностика мен емдеуде қолданылатын стационар-алмастырушы технологиялар».
39. «Урология және андрология» (ересектер, балалар) мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
126. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, хирургиялық бейін интернатура.
129. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиария», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша хирургиялық бейінді интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде –1080 сағат/20 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
130. «Урология және андрология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Урологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологиялары»;
«Урология және андрология мәселелері»;
«Уроонкология мәселелері»;
«Урогинекология мәселелері»;
«Балалар урологиясының мәселелері»;
«Шағынинвазиялы урология»;
«Уралогиядағы эндобейнехирургиялық араласу»;
«Урология және андрологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Хирургиялық андрология»;
«Ерлер бедеулігі»;
«Эректилді дисфункция»;
«Оперативтік урологиядағы лазерлік технологиялар».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет