Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Стоматологиялық ортопедия (тіс технигі)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет35/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

64. «Стоматологиялық ортопедия (тіс технигі)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
203. «Стоматология» мамандығы бойынша қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті білім деңгейі – «Стоматология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби медициналық білім (арнайы орта, кәсіби орта) «Стоматология» мамандығы бойынша («дантист», «тіс дәрігері», «стоматолог-дәрігердің көмекшісі» біліктілігі) немесе «Стоматология» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім (еңбек өтілінде 5 жыл және одан да көп үзіліс болған қажеттілігі бойынша).
204. Оқыту ұзақтығы:
1) «Стоматологиялық ортопедия» мамандығы бойынша қайта даярлау циклінде – 432/8 сағат/апта;
2) біліктілік арттыру циклінде – 54\1\сағат/аптадан 108/2 сағат/аптаға дейін;
3) сертификаттау циклінде 108 сағат/2аптадан 54\1\сағат/аптаға дейін;
Оқу аптасының ұзақтығы 54-тен 60 сағатқа дейін, оның ішінде 36-дан 40-қа дейін аудиториялық (академиялық) сағат, 18-20 – тыңдаушының өзіндік жұмысы. 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
205. «Стоматологиялық ортопедия (тіс технигі)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Стоматологиялық ортопедия менеджменті»;
«Алынатын пластиналық протездерді жасаудың заманауи конструктивтік ерекшеліктері және технологиясы(алынатын протездерді термопластиналық материалдан жасаудың инжекциялық жүйесі)»;
«Хирургиялық стоматологияның, соның ішінде балалардың хирургиялық стоматологиясының өзекті мәселелері»;
«Алынбайтын протездерді жасаудың заманауи конструктивтік ерекшеліктері және технологиясы»;
«Металдық-керамикалық (металсыз) тіс протездерін жасау технологиясы»;
«Тұтастай құйылған бюгельдік (құлыппен бекіту жүйесі бар) протездерді дайындаудың заманауи технологиялары»;
«Тісті-техникалық құю өндірісі»;
«АИТВ/ЖИТС алдын алу».
«Дәрігерге дейінгі шұғыл көмек» және тағы басқа.
65. «Мейіргер ісі (мейіргер/мейірбике, мамандандырылған мейіргер/мейірбике, жалпы практика мейіргері, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мейіргер, медициналық статистик)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
206. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті білім деңгейі – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби медициналық білім (арнайы орта, кәсіби орта) немесе «Емдеу ісі», «Акушерлік іс», сондай-ақ «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигена, санитария және эпидемиология», «Санитарлық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері» мамандықтары бойынша 2003 жылғы 11 ақпанға дейін осы лауазым бойынша жұмысқа кірген) немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша медициналық жоғары білім, «Жалпы медицина», «Сестринское дело» мамандығы бойынша бакалавриат.
207. Оқытудың ұзақтығы:
1) қайта даярлау циклінде – 432/8 сағат/апта;
2) біліктілік арттыру циклінде – 54\1\сағат/аптадан 108/2 сағат/аптаға дейін;
3) сертификаттау циклінде 108 сағат/2аптадан 54\1\сағат/аптаға дейін;
Оқу аптасының ұзақтығы 54-тен 60 сағатқа дейін, оның ішінде 36-дан 40-қа дейін аудиториялық (академиялық) сағат, 18-20 – тыңдаушының өзіндік жұмысы. 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
208. «Мейіргер ісі (мейіргер, мамандандырылған мейіргер, жалпы практика мейіргері, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мейіргер, медициналық статистик)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Мейіргер ісіндегі менеджмент»;
«Емдеу-профилактика бөлімшесінің қызметіндегі бас (аға) мейіргердің ролі»;
«Инфекциялық бақылау. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда мейіргердің рөлі»;
«АИТВ/ЖИТС алдын алуда мейіргердің рөлі»;
«Фтизиатриядағы өзекті мәселелер»;
«Туберкулезді қадағалауда медициналық-алғашқы көмек мейіргерлерінің жұмысы»;
«Терапияның таңдаулы мәселелері»;
«Анестезиология мен қарқынды терапияның өзекті мәселелері»
«Хирургияның таңдаулы мәселелері»;
«Операциялық мейіргер қызметінің өзекті аспектілері»;
«Инфекциялық аурулар. Өзекті мәселелер»;
«Педиатриядағы өзекті мәселелер»;
«Жалпы мейіргерлік технологиялар»;
«Неонатологиядағы мейіргерлік іс»;
«Офтальмологиядағы мейіргерлік іс»;
«Дерматовенерологиядағы мейіргерлік іс»;
«Психиатриядағы мейіргерлік іс»;
«Урологиядағы мейіргерлік іс»;
«Иммунопрофилактикадағы мейіргерлік іс»;
«Гинекологиядағы мейіргерлік іс»;
«Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімі мейіргерінің жұмысы»,
«Қан қызметі мейіргерінің жұмысы»;
«Емдік тамақтану негіздері»;
«Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізуде мейіргердің ролі»;
«Педиатриядағы шұғыл дәрігерге дейінгі көмек»;
«Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңдегі шұғыл дәрігерге дейінгі көмек»;
«Паллиативті күтім»;
«Физиотерапиядағы таңдаулы мәселелер»;
«Физиотерапия негіздері. Электрмен емдеу»;
«Жарықпен емдеу»;
«Сумен, жылумен емдеу»;
«Сегментік-рефлекторлық массаж»;
«Нүктелі массаж»;
«Балалар массажы»;
«Емдік массаж»
«Емдік дене шынықтыру негіздері»;
«Медициналық статистика негіздері»;
«Анестезиология мен қарқынды терапиядағы мейіргерлік технологиялар»;
«Хирургиялық аурулар мен жарақаттану зақымдарын операциялық емдеу кезіндегі мейіргерлік технологиясы»;
«Классикалық және емдік массаж» т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет