Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Кәсіптік патология (еңбек медицинасы)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет10/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

14. «Кәсіптік патология (еңбек медицинасы)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

50. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


54. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойыншаинтернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
55. «Кәсіптік патология (еңбек медицинасы)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Кәсіптік ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологиялары»
«Кәсіптік ауруларды диагностикалау, емдеу, оңалту және алдын алудың өзекті мәселелері»
«Еңбек гигиенасы мәселелері»
«Кәсіптік патологиядағы дәлелді медицина мәселелері»
«Кәсіптік патологиясы бар науқастардың еңбектік сараптама мәселелері»
«Кәсіптік патологиядағы аспаптық және зертханалық диагностика әдістері»
15. «Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

56. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


57. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары және интернатура бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 864 сағат/16 апта; ересектер жұқпалы ауруларын қайта даярлау курсы – 432 сағ/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар жұқпалы аурулар қайта даярлау курсы - 432 сағ/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
58. «Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Инфекциялық нозологияның диагностикасы және емдеудің инновациялық технологиялары»;
«Инфекциялық сырқаттар кезінде емдеуге жатқызуға дейінгі және емдеуге жатқызу кезеңінде шұғыл көмек көрсету»;
«Емдеуге жатқызуға дейінгі және емдеуге жатқызу кезеңіндегі Инфекциялық ауруларға қойылатын ерте және саралау диагностикасы»;
«Инфекциялық гепатология»;
«АИТВ-инфекция мәселелері»;
«Ішек гельминтоздары мен паразитоздарының өзекті мәселелері»;
«Аса қауіпті жұқпалардың заманауи мәселелері»;
«Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен пандемиялық ағымды тұмау: бұл мәселенің қазіргі жағдайы, клиникалық-диагностикалық критерийлері, емі және қарқынды терапия, алдын алу және індетке қарсы шаралар»;
«заманауи сатыдағы жедел ішек жұқпалары»;
«Өзекті зооноздық адам жұқпалары»;
«Балалар жұқпаларының мәселелері».
16. «Дерматовенерология (венерология, дерматология, дерматокосметология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

59. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


60. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклінде – 864/16 сағат/апта; ересектер дерматовенерологиясы бойынша қайта даярлау циклінде – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар дерматовенерологиясы бойынша қайта даярлау циклінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;

  1. Біліктілікті арттыру циклінде - 54/1 -ден 216/4 дейін сағат/апта, оның ішінде сертификат циклінде – 108 сағат /2 апта

  2. Оқу аптасы ұзақтығы 54 сағат құрайды, оның 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзін өзі оқытуы (өзіндік жұмыс). 1 академиялық сағат ұзақтылығы 50 минутты құрайды.

61. «Дерматовенерология (дерматология, венерология (ересек адамның, баланың), дерматокосметология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерінде таңдап алынған компоненттердің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) болып мыналар табылады:
«Дерматовенерологиядағы инновациялық технологиялар, оның ішінде балалар»;
«Дерматокосметологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Тері және венерологиялық аурулардың алдын алу, анықтау және емдеу, оның ішінде балалар»;
«Терінің эстетикалық кемшіліктерінің және оның қосалқы өсінділерінің алдын алу, оларды анықтау және емдеу»;
«Балалардың дерматовенерологиясы»;
«Дерматокосметология»;
«Дерматовенерологияның, оның ішінде балалар дерматовенерологиясының өзекті мәселелері»
«Дерматовенерологиядағы, оның ішінде балалар дерматовенерологиясының шектес аурулары»
«Дерматовенерологиядағы аспаптық және зертханалық диагностикалау әдістері, оның ішінде балалардағы»
«Дерматовенерологиядағы, оның ішінде балалар дерматовенерологиясының жұқпалы аурулары»
«Дерматовенерологиядағы, оның ішінде балалар дерматовенерологиясының иммунология және аллергология мәселелері» «Дерматоскопия, оның ішіндегі балалардағы»
«Дерматоонкология, оның ішінде балалар дерматоонкологиясы»
«Трихология, соның ішінде балалар трихологиясы»
«Дерматовенероголия мен дерматокосметологиядағы физиотерапия»
«Заманауи дерматокосметология. Мезотерапия»
«Заманауи дерматокосметология. Пилингтер»
«Заманауи дерматокосметология. Контурлық пластика»
«Заманауи дерматокосметология. Лазерлер»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет